Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет193/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

226
6
.1 сурет
.
ІІ ғасырда Клавдий Птоломей құрған градус торлары бар карта
Орта ғасыр мен қайта өрлеу кезеңіндегі картография. 
Рим империясының құлауына байланысты Батыс Еуропада 
жаңа мемлекеттердің пайда болып, құлиеленушілік құрылысты 
феодалдық формация ауыстырды. Феодализм тұсындағы 
оқшауланған шаруашылық географияның дамуын шектеді.
Сол кезеңде Батыс Еуропада інжіл білімнің басты көзі болды.
Сауат тек монастрлерде ғана ашылды. Жердің шар тəрізді еке-
ні туралы ұғым ұмытылып, оның төртбұрышты пішіні насихат-
талды. Діни қолжазбалардың ішінде Византия саудагері Ко-
зым Индикополовтың (ІVғ) «Христиан топографиясы» болды. 
Монас тырлардағы географиялық жəне картографиялық суреттер 
шындықтан алшақ қарапайым төртбұрышты жұмақ бағының кес-
кіні бейнеленген болды. 
Венецияда 1459 жылы Фра-Мауро орындаған диаметрі 1,9 
болатын пішіні дөңгелек карта сақталған. Бұл картада жаңа 
географиялық ашылулар көрсетілген. Птоломейдің картасынан 
айырмашылығы тұйықталған жəне онда Үнді мұхиты, Ресейдің 
оңтүстігінде Қара жəне Азов теңіздері, Татарстан, Қазақстан, 
Орта Азия, Сібір тағы басқа аймақтар кескінделген. 
Егер Еуропада шіркеулік-феодалдық мəдениет басым болса 
Қытай, Үндістан, Иран, Армения сияқты Азия елдерінде карто-
графия мен география қарқынды дамыды. Византия мен Иранның 
аралығындағы сауда жолында орналасуы Арменияда география 
мен картографияның дамуына қолайлы əсер етті. VІІ ғасырда 


227
Птоломей еңбектерінің ықпалы болған «Армян географиясы» 
пайда болды. 
Арабтарда картографияның дамуы сауда мен жаулап алу 
жорықтарымен тығыз байланысты болды. Бірнеше ғасыр араб 
халифаты өлшемі жағынан ауданы Рим империясынан бірнеше 
есе артық болатын аумаққа иелік етті. Оның құрамына Алексан-
дриядай ғылым орталығы бар Египет сияқты ежелгі өркениет 
орталықтары енді. Арабтар əртүрлі елдер ғалымдарының, сонымен 
қатар, Птоломейдің еңбектерін аударып, эллин астрономиясының, 
география мен картографияның жетістіктерімен танысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет