Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет21/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

геоақпараттанулық 
тұғырнама
қалыптаса бастады. Геоақпараттану Жер туралы 
ғылымдармен жəне қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.
Картографияның құрылымы. 
Картография құрылымы 
жағынан күрделі пəндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамдас 
бөліктеріне – картатану, картография тарихы, математикалық кар-
тография, картометрия, картографиялық ақпарат тану, картаны 
жобалау жəне құру, картографиялық семиотика, картаны безендіру 
(картографиялық дизайн), картографиялық өндірістің экономи-
касы мен ұйымдастырылуы, картаны шығару, картографиялық 


19
зерттеу əдістері, картографиялық деректану, картографиялық то-
понимика пəндері кіреді. 
Картатану
– ғылым ретінде пəннің жалпы мəселелерін, пəнін, 
зерттеу əдістерін, картаны құру мен пайдаланудың əдіснамасын, 
географиялық карта жəне оның түрлерін, қасиеттері мен құрамдас 
бөліктерін, даму тарихын, пайдалану əдістерін зерттейді. 
Картография тарихы 
картографиялық ойлар мен түсініктер-
дің, картография өндірісінің даму тарихын, сонымен қатар, ескі 
картографиялық өндірісті оқытады. 
Математикалық картография
– жер беті мен ғаламдағы аспан 
денелерін жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық 
əдістерін зерттейді. Онда картографиялық проекцияларды құру дың 
теориясы мен əдістері жасалып, белгіленген шартқа сəйкес бұр-
маланулардың таралуы мен картографиялық торға талдау жа са ла ды.
Картометрия 
– картадағы əртүрлі географиялық нысандардың 
сандық сипатының мазмұнын айқындайтын өлшеу жұмыстарын 
жүргізу əдістерін жасап шығарады.
Топография
– географиялық жəне геометриялық əдістерді пай-
далана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі мас-
штабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның 
бір саласы. 
Картаны жобалау жəне құру-
карталарды зерт-
хана жағдайында құру жəне саралау əдстерін жасап, оларды 
оқып-үйрену мəселелерін қарастырады. Ол өз кезегінде жалпы 
географиялық жəне тақырыптық карталарды жобалау мен құру 
мəселелерімен айналысатын бірнеше тараулардан тұрады. 
Картографиялық семиотика – 
картография мен лингвис-
тика ғылымының аралығындағы географиялық карталардың 
тілі болып табылатын картографиялық белгілер жүйесінің 
қасиетін зерттейді. Оның шегінде картографиялық шартты 
белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері мен қызметіне 
картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген мəселелер 
қарастырылады. Картографиялық семиотика 
синтактика, семан-
тика, прагматика 
бөлімдерінен тұрады.
Картографиялық семиотика Картографиялық синтакти-
ка
шартты белгілер жүйесін құру жəне пайдалану ережелерін, 
олардың құрылымдық қасиеттерін, карта тілінің граматикасын 
зерттейді.


20
Картографиялық семантика
шартты белгілер мен картада 
кескінделетін нысандар мен құбылыстардың арасалмағын зерт тей ді. 
Картографиялық прагматика
картаны оқитын оқырман-
дардың қабылдау ерекшеліктерін, коммуникация құралы ретіндегі 
шартты белгілердің ақпараттық құндылығын зерттейді.
Кейде картографиялық семиотиканың құрамына картография-
лық өнімнің атқаратын қызметіне сəйкес кескіндеу мақамы мен 
құралдарын таңдау факторларын анықтау мəселелерін қарас-
тыратын 
картографиялық стилистика
 
бөлімі де енгізіледі. 
Картаны безендіру 
картографиялық өнімдерді баспа жəне 
компьютерлік құралдардың көмегімен көркем жəне графиктік 
жобалаудың жəне олардың сызықтарын безендірудің теориясын
əдістері мен құралдарын дайындап, оны басып шығаруға даярлау 
мəселелерін оқытады. 
Картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру – 
өндірісті жоспарлау жəне оңтайлы ұйымдастыру, картографиялық 
құралдар мен материалдарды, еңбек қорларын тиімді пайдалану, 
еңбек өнімділігін көтеру мəселелерін оқытатын картография мен 
экономикаға ортақ пəн. 
Картаны басып шығару –
карталарды, атластарды жəне басқа 
да картографиялық өнімдерді басып шығару технологиясын жа-
сайтын техникалық пəн. 
Картаны пайдалану 
картографиялық өнімдерді (карталар, 
атластар, глобустар т.б.) мəдениет, білім беру, ғылым, өндіріс 
салаларында іс жүзінде пайдаланудың теориясы мен əдістерін 
жасайды. Бұл пəн картада кескінделген құбылыстарды тануды 
көздейтін 
картографиялық зерттеу əдісіне
негіз болады.
Картографиялық деректану 
картаны құру барысында 
қолданылатын картографиялық деректерді (карталар, түсірілім-
дер, статистикалық жəне тағы да басқа деректер) жүйелеу мəселе-
ле рін қарастырып, бағалау əдістерін жасайды. 
Картографиялық ақпараттану
картаны жинау, сақтау, 
жүйелеу жəне оларды талдау, бағалау, тұтынушыларға картогра-
фия лық өнім мен деректер туралы ақпараттарды ұсыну тарату 
мəселелерін қарастырып, əдістерін жасайды. 
Картографиялық топонимика 
географиялық атаулар мен 
олар дың мағыналық маңызының картада дұрыс берілуі тұрғы-


21
сы нан алғанда оқытады. Бұл пəннің міндеті картаға түсірілген 
атаулар мен терминдерді бір жүйеге келтіріп, стандарттау болып 
табылады. 
Картографиялық пəндер жүйесі өзгермейтін бірқалыпты 
емес, ол тұрақты түрде үздіксіз дамиды. Ғылым мен техниканың 
өркендеуіне сəйкес картографияның жаңа саласы пайда бола-
ды. Бір саласы қарқынды дамыса, екіншісі тежеліп тоқырауға 
ұшырауы мүмкін. Мысалы, электронды есептеу техникаларының 
енгізілуіне байланысты картографиялық проекциялар техниканың 
көмегімен құрылып, математикалық-картографиялық үлгілеу 
теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан алғанда қарқынды дами бас-
тады. Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS ) қалыптасуына бай-
ланысты ғарыштық геодезия мен радиофизиканың аралығындағы 
мүдделер тоғысатын математикалық картографияның жаңа 
жерсеріктік позициялау
бағыты пайда болды. Қорыта айтқанда, 
картография тірі ағаш сияқты тамырын тереңге тартып қарқынды 
дамып келе жатқан ғылым салаларының бірі болып табылады. 
Картографияның жүйесіне тақырыбы жағынан бір-бірінен 
айырмашылықтары бар жалпы географиялық, геологиялық, 
топырақтық, экологиялық сияқты жаңа салалары дамуда. 
Картаға түсіруді төменде көрсетілген əр түрлі негіздемелеріне 
қарай: 
- нысанына қарай - астрономиялық, жоспарлы жəне жер 
бетіндегі, жерішілік – құрылықты жəне мұхитты картаға түсіру;
- əдісіне қарай жерүсті, аэроғарыштық жəне суасты;
- масштабына қарай - ірі, орта жəне ұсақ масштабты;
- жинақтау деңгейіне қарай-талдамалы, кешенді жəне синтети-
ка лық;
- автоматтандыру дəрежесіне қарай - қолмен, автомат тан ды-
рыл ған (интербелсенді), автоматты;
- жеделдігіне қарай базалық жəне жедел деп ажыратуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет