Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест
тапсырмалары
1. Жергілікті жердегі табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық
нысандардың қасиеттері мен орналасу ерекшеліктерін кескіндейтін ірі
масштабты жалпы географиялық карта ...
А) топографиялық карта;
B) географиялық карта;
C) жергілікті жердің сұлбасы;
D) топографиялық сұлба;
E) географиялық глобус.
2. Жергілікті жердегі сызықтардың көлденең проекциядағы ұзындық-
тарының топографиялық картадағы ұзындыққа сəйкес келуін ... дейміз.
А) масштаб;
B) сандық масштаб;
C) сызықтық масштаб;
D) атау масштабы;
E) көлбеу масштаб.
3. Топографиялық картаның негізгі жабдықтаушы элементтерінің бірі ...
А) шартты белгілері;
B) магниттік ауытқу бұрышы;
C) магниттік ауытқу бұрышы мен масштабы;
D) шақырымдық тордың сызығы;
Е) меридиандарды жақындату бұрышы
4. Топографиялық картаның қосалқы жабдықтаушы элементтерінің бірі ...
А) шартты белгілері;
В) масштабы;
С) координаттық торлары;
D) меридиандарды жақындату жəне магниттік ауытқу бұрыштары;
Е) минуттық бұрыштамасы.
291
5. Сызықтық масштабтың нөлдік көрсеткішінің оң жағындағы 2см
бөлігіне тең бөліктері ...
А) дəлдіктің шегі;
В) дəлдік негіздері;
С) ұзындық дəлдігі;
D) кестетік дəлдігі;
Е) толық негіздері.
6. Сызықтық масштабтың кестетік дəлдігі ..... мм тең.
А) 0,02 мм;
В) 0,002 мм;
С) 0,2 мм;
D) 2 мм;
Е) 0,1 мм.
9. Картаның 0,1 мм бөлігіне сай келетін жер бетінің ұзындығы ...
А) дəлдіктің ең төменгі шегі;
В) кестетік дəлдік;
С) атау масштабының дəлдігі;
D) сызықтық масштабтың негізі;
Е) сызықтық масштабтың дəлдік негізі.
7. 1:10 000 масштабты картаның дəлдігінің ең төменгі шегін ата ...
А) 10 м;
В) 1 м;
С) 100 м;
D) 10 см;
Е) 1 см.
8. 1: 25 000 масштабты картаның бетінің 1 см
2
жер бетінің .....гектары
сəйкес келеді.
А) 0,25;
В) 2,5;
С) 25;
D) 250;
Е) 0,025.
9. 1: 50 000 масштабты картада А жəне В нүктелерінің арақашықтығы
3,5 см болса екі нүктенің ара қашықтығы ...... метр болады.
А) 17500 м;
В) 1,75 м;
С) 750 м;
D) 17,5 м;
D) 1750 м.
292
10.Топографиялық картадағы қажетті нүктенің географиялық коорди-
натын табу үшін ..... қолданады.
А) сыртқы бұрыштаманы;
В) ішкі бұрыштаманы;
С) қосалқы жабдықтаушы элементтерді;
D) минуттық бұрыштаманы;
Е) координаттық торды.
11. Кез-келген нүктенің бастапқы (0º) меридианнан градус есебімен
алынған қашықтығы ...
А) географиялық бойлық;
В) географиялық меридиан;
С) географиялық параллель;
D) географиялық ендік;
Е) географиялық координат.
12. Кез келген нүктенің ендігі мен бойлығын ... дейміз.
А) географиялық меридиан;
В) географиялық координат;
С) географиялық бойлық;
D) географиялық ендік;
Е) географиялық параллель.
13. j əрпімен ..... белгілейді.
А) ендікті;
В) бойлықты;
С) географиялық координатты;
D) абсциссаны;
Е) ординаты.
14. l əрпімен .... белгілейді.
А) географиялық координатты;
В) ендікті;
С) бойлықты;
D) абсциссаны;
Е) ординаты.
15. Х əрпімен .... белгілейді?
А) абсциссаны;
В) ординатты;
С) ендік;
D) бойлық;
Е) тік бұрышты координатты.
293
16. Ү əрпімен .... белгілейді.
А) бойлықты;
В) абциссаны;
С) ендікті;
D) ординатты;
Е) тік бұрышты координатты.
17. Ірі масштабты картаның оңтүстік жəне солтүстік минуттық
бұрыштамасының көмегімен .... анықтайды.
А) географиялық бойлықты;
В) географиялық ендікті;
С) тік бұрышты координатты;
D) географиялық координатты;
Е) абсциссаны.
18. Ірі масштабты картаның батыс жəне шығыс бұрыштамасындағы
минуттық шкалалары ..... анықтау үшін қажет.
А) географиялық бойлықты;
В) географиялық координатты;
С) тік бұрышты координатты;
D) абсциссаны;
Е) географиялық ендікті.
19. 1:100 000 масштабты картаның Талдықорқан қаласы орналасқан
134 бетінің номенклатурасын анықта …
А) L-44-134 ;
В) L-43-134;
С) L-4 2 134;
D) L-41-341;
Е) L-40-134.
20. 1: 200 000 масштабты картаның 36 бетінің əрбір беті ..... белгіленеді.
А) рим санымен;
В) латынның бас əрпімен;
С) араб санымен;
D) орыстың бас əрпімен;
Е) орыстың кіші əріпімен.
21. 1:25 000 масштабты картаның бір бетін шектейтін бойлықтары
қанша минут?
А) 30’ 00’’;
В) 15’ 00’’
;
С) 7’ 30’’;
D) 40’ 00’’;
Е) 60’;
|