106
өтеді. Кіші шеңдердің солтүстігіне қарай түзу сызықты болып
келетін орталық меридианға қатысты
көршілес параллельдердің
арақашықтықтары артып, оңтүстігіне қарай жылжыған сайын
кемиді [2.36-сурет].
2.36 сурет.
Ауданның изокалдары бар Соловьевтің проекциясымен
құрылған картографиялық торы
Солтүстік полюс нүкте түретінде бейнеленген.
Орталық
меридианға перпендикуляр жүргізілген кіші шеңбердің нөлдік
бұрмалану сызығы өтетін 60°с.е. пен 100°ш.б. қиылысында
бұрмалану жоқ. Бұл сызықтың солтүстігінде ауданның жеке
масштабы Р бас масштабтан үлкен. Солтүстік
Жер аралдары ау-
данында ол көрсеткіш 2,0 тең. Нөлдік бұрмалану сызығының
оңтүстігінде ауданның бұрмалану көрсеткіші Р кіші.
Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Қытаймен, Иранмен,
Ауғанстанмен шектесетін шекарасында Р бұрмалану көрсеткіші
0,7 тең. М. Д. Соловевтің
қиып өтетін
көлбеу цилиндрлі еркін про-
екциясы 1937жылы бұрмаланған КСРО-ның карталарына арнап
құрылған. Оны бастауыш саныптардың табиғаттану пəніндегі
КСРО-ның карталарда қолданылған.
Бұрынғы КСРО-ның басқа карталар мен салыстырғанда бұр-
малану көп болғаны мен көптеген əдістемелік артық
шы
лық-
тарының болуымен ерекшеленеді.
Атап айтсақ, Соловьев
тің
про ек циясында картографиялық торлары пішіні мен картаны
кескінделу ерекшеліктері бұрыңғы КСРО мен онымен шектесетін
аумақтар сфералық бет ретінде көрсететіндігі.
107
Сонымен қатар, онда қазіргі Ресейдің
артикалық бөлігі мен
полюс айқын бейнеленген. 1980 жылдары ол жаңа, біршама
жетілдірілген заманауи проекциямен алмастырылды. Цилиндрдік
проекциялардың басым бөлігі ірі масштабты құруға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: