230
6.3 сурет
. ХVІ ғасырдың соңында Отрели мен Меркатордың
атластарындағы жарты шарлар мен жеке аймақтарының карталары
ХVІ ғасырдың басындағы дүние жүзі туралы географиялық
түсінік Шепердің глобусында (1515) жақсы көрсетілген. Сол
кезеңде глобустарды картографиялық
проекцияларды құруға да
қолдана бастады.
ХVІ ғасырда Антверперде жұмыс істеген Аврам Отрелидің
(1527- 1598) жəне латындандырылған Меркатор атымен танымал
Герард Крамердің (1512- 1594) атластарында қолданылған Жер
шарының барлық бөлігін қамтитын жаңа картографиялық про -
ек цияларды жасап шығарылды. Меркатор 1539
жылы өз ең бек -
те рін де алғаш рет «Америка» атауын қолданды. Бұл ғалым ның
ең бектері картографияның даму тарихында тұтастай бір кезеңді
қам тиды. Ғалымның дүние жүзінің картасына арнал ған цилин-
др лік проекциямен құрылған 15 беттен тұратын мыс тақ тай шада
гра вюрленген карталары белгілі. Меркатор өлген нен кейін 1595
жылы басылып шығарылған
атласты құру бағы
тын
да жұмыс
жасады. Бұл атласта ХVІ ғасырдағы орыс сызбасын қолдан-
ғандықтан, алғаш рет Ресей кеңейтіліп кескінделді. Кейін нен ат-
лас қайта басылып, 451 беттен тұратын 6 томға жетті [6.3-сурет].
ХVІ ғасырдың соңында Отрели
мен Меркатордың атластары-
нан басқа да арнайы карталар мен атластар пайда бола бастады.
Əртүрлі мемлекетте түсіру жұмыстары басталды. Олардың даму-
ына 1550 жылы шыққан «Хорография» деген жалпы атпен белгілі
Коперниктің шəкірті Ретрикус жасаған «Жіп пен тұсбағдарды
пайдаланып түсіру жұмыстарын жүргізуге басшылық» атты