GPS жəне ГЛОНАСС ғарыштық навигациялық жүйелерінің нысандардың координатын анықтау дəлдігі GPS
пен ГЛОНАСС ғарыш навигациялық жүйелерінің
координатты
апнықтау дəлдігі шамамен бірдей. Сигналдар GPS жүйесінде
1227 жəне 1575 МГц, ал ГЛОНАСС-та-1250 и 1600 МГц
жиілікте шағылысып «селективті (таңдамалы)» деп аталатын
қолданыс аясын ұйымдастыру үшін кодталады. Екі сигналда екі
кодты пайдаланады. Олардың біріншісі GPS-те «жеңіл табатын»,
ал ГЛОНАСС-та «стандартты дəл» деп аталады. Екіншісі код
GPS-те «жабық», ал ГЛОНАСС «жоғары дəлдікті» деп аталып,
тұрақты пайдалануға арналған. Бұл дəлдік кейбір міндеттерді
325 шешуді қанағаттандырмайтындықтан орта орбиталық ғарыштық
навигациялық жүйелердің жіктелген режимде жұмыс істеуі
енгізілді. Бұл режимнің мəні ғарыштық навигациялық жүйелердің
көмегімен арнайы шағылыстыру арқылы жедел өлшеу жолымен
нысанның орналасқан орнын анықтауда кететін қателікті 10 сан-
тиметрге дейін кемітуге мүмкіндік береді [8.17-сурет].
Жолдың бойымен қозғалғанда қабылдағышты іске қосқанда
экранында градус есебімен алынған бағыттың азимуты, ны-
сан бағытталған аумақтағы жарықтардың бөліктері көрінеді.
Нүктенің географиялық координатын белгілеуге болатындықтан,
бұл өлшемдерді таныс емес жерлерде қозғалу немесе карта құру
барысында да қолдануға болады. 8.17суретте Жердің жасанды
серігінің GPS қабылдағышының терезесінен көрінген позиция-
лау нəтижесінде табылған координаттары көрсетілген.
8.17 сурет. GPS қабылдағыштың сыртқы көрнісі (а) мен беті (ə):
1-қозғалатын бағыт азимутының шкаласы; 2-азимут жəне қозғалу
жылдамдығы; 3-жүріпөткен ара-қашықтық пен геойдтың бетінен биіктігі;
4 - нүкте орналасқан орынның геодезиялық координаты; 5-уақыт.
Көз мөлшері бағыттық түсірулердің далалық сұлбасын (пла-
нын) құру үшін географиялық тəжірибеде Нүктені позициялау
GPS қабылдағыштары төменде көрсеткен міндеттерді шешу:
– далалық зерттеулердің нүктелерін координатын байланысты ру;
– əртүрлі көліктермен қозғалу барысында бағытты тіркеу;
– жергілікті жердің көлденең қима-сызбасын тұрғызу;
– зерттелетін нысандардың белгілі бір уақыт аралығындағы
кеңістіктегі орнын анықтау;
– далалық зерттеулер жүргізіліп жатқан жəне картаға
түсірілетін аудандағы нүктелердің геодезиялық тірек торларын
құру мақсатында қолданады.
326 GPS қабылдағыштарды географиялық бақылаулар мен
өлшеулер жүргізетін приборлармен (мысалы, эхолотпен, ане-
ройдпен, магнитометрмен) байланыстыратын ірі масштабты
тақырыптық карталарды құрудың жаңа бағыты дамуда