344
салы: 1:50 000 масштабты оқу картасында кескінделген Снов,
Камено горск, Вороново, Федоровка, тағы да басқа елдімекендер
кес кінделген жазуға қарап Сновтың қала, Каменогорскінің – қала-
тек ті кент, ал қалғандары ауыл текті кенттер екенін білуге бо ла ды.
Снов қаласына негізгі кіретін жолдар, бақтар мен алаңдар көр-
сетілген ашық қоңыр сары түсті бояулар отқа төзімді мате риал-
дардан жасалған құрылыс нысандарының басым екенін көр се теді.
Шартты белгілерден қаланың солтүстік шетінде метеорология-
лық бекет, электр станциясы, зауыттардың бар екенін көруге бо-
лады. Қаланың батыс шетінде саяжай текті Михалино кенті бар.
Кентте 160 тұрғын бар. Бір-біріне жақын орналасқан қара түсті
тік төрт бұрыштар үйлердің жиі салынғанын, сары түсті бояу
үйлердің отқа төзімсіз материалдардан салынғанын айқындайды.
1:25 000, 1:50 000 масштабты карталарда елдімекендердің
көшелері, отқа төзімді құрылыстары қызыл-сары бояудың əртүрлі
түстерімен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: