Физикалық (Барометрлік) нивелирлеу. Физикалық ни-
велирлеу теңіз деңгейінен биіктеген сайын атмосфералық
қысымның өзгеру заңдылықтарына негізделген. Нивелирлеу ба-
рысында атмосфералық қысымды өлшеу мəліметтері бойынша екі
нүктенің бір-бірінен өзара биіктігі анықталады, бұл барометрлік
нивелирлеу деп аталады.
Барометрлік нивелирлеу жергілікті жердегі нүктелердің абсо-
лют тік биіктігін жылдам анықтауға, сонымен қатар таулы аймақ-
тарда жəне өте қатты тілімденген жер бедерін түсіруге мүмкіндік
бе ре ді.
Метеорологиялық жағдайды ескере отырып, атмосфералық
қысым айырмасына сəйкес бір-бірінен онша қашық емес екі
нүктенің биіктік айырмасын анықтауға болады. Бұл мақсатта
барометрлік биіктік сатыларды немесе биіктік бойынша екі
нүктенің метр есебімен алынған арақашықтығы қолданады.
Өйткені ауаның сиреуіне сəйкес теңіз деңгейінен əр 10 метр
биіктеген сайын атмосфералық қысым 1 мм төмендейді.
Ватерпастау өлкетану жəне мектептің далалық тəжірибе
жұмыстарында кеңінен қолданылатын қарапайым геометриялық
нивелирлеудің түрі болып табылады. Биіктігі 1 метр бола-
тын, түзулігін анықтауға мүмкіндік беретін ауырлық салмақ
ілінген тіктеуіш (мектеп нивелирі) сантиметрге бөлінген екі
метрлік 2 түзу тақтай жəне ұзындық өлшегіш таспа немесе
рулетка қолданылатын жергілікті жерде жүргізілетін түсіру
жұмыстарының бұл түрі жыралар мен жылғаларды, төбенің тік
беткейлерін нивелирлеуге өте қолайлы.