Тұсбағдардың көмегімен анықтау . Аэрофототүсірілімдерде
жергілікті жердегі сызықтармен картадағыдай бағдарлап,
тұсбағдарды бағдарланған аэрофототүсіруге қояды да магниттік
бағдардың бағыттарын белгілеп, екі нүктені қосатын сызық
жүргізеді. Содан кейін С жəне О əріптерімен магниттік
меридианның солтүстік жəне оңтүстік бағыттарын белгілейді.
Аэрофотосуретке шақырымдық тор сызықтарын жүргізу. Аэрофотокескінге шақырымдық тор жүргізу үшін картамен
беттестіріп алып үстінен шақырымдық тор сызықтары кесіп
өтетін анық байқалатын АВСD нүктелерін тауып аламыз. Со-
дан соң картадағы сол нүктенің үстіне қойып шақырымдық тор
сызықтары жүргізіледі.