Топографиялық түсіру – 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштаб-
ты топографиялық сұлбалар (пландар) мен 1:10 000, 1:25 000 масштабты
топографиялық карталарды құру мақсатында жергілікті жерде жүргізілетін
кешенді геодезиялық жұмыстар.
Теодолит – мемлекеттік геодезиялық тірек торлары жүйелері қосын-
да ры ның аралығындағы тірек торларын құру жəне оларды жиілендіру мақ-
сатында көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеу үшін қолданылатын казіргі
кездегі жетілдірілген оптикалық құрал.
Теодолиттік түсіру – теодолит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құрал-
дарды пайдаланып жергілікті жер сұлбасының (планының) далалық
түпнұсқасын құру.
Тең ауданды проекциялар – картографиялық тордың барлық бөлігінде
аудандық масштаб тең болатын проекциялар. Тең ауданды проекцияның
бұл қасиеті
Р = a·b = Const = 1 формуламен анықталады. Бұл проекция-
лармен құрылған карталарда аудан бұрмаланбағанымен бұрыштар мен
пішіндердің бұрмалануы жақсы байқалады.