3 КІРІСПЕ Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын
географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен
кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы
ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда атластар мен
глобустарда көрініс тапқан. Картография бойынша ғылыми зерт-
теулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын-
да, жоғары оқу орындары мен картографиялық кəсіпорындарында
жүргізіледі.
Əрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады.
Оны ғылым мен білімнің, өндірістің белгілі бір салаларындағы
мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар
маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрушылар
кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол
аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері
айқын ашылып көрсетіле түседі.