Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті



Pdf көрінісі
бет52/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

4.3. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті 
ұйымдастыру ерекшеліктері
Республика тұрғындарының саны жылдан жылға өсу үстінде. 2012 
жылдың бірінші жартысында оның саны 16 800 000 адамға жетті. 
Тұрғындардың 45,2% ауылдық жерлерде өмір сүріп жатыр. Ауылдық 
жердегі тұрғындардың əлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған 
мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Ауыл 


156
тұрғындары мен қала тұрғындары арасында медициналық көмекті 
ұйымдастыруда аса үлкен айырмашылықтар жоқ. Алайда ауылдық 
жердегі денсаулық сақтау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ауылдық 
жердегі еңбек ету жəне тұрмыстық ерекшеліктер медициналық көмекті 
ұйымдастыруға əсерін тигізеді. Бұл бірінші кезекте ауылды жердегі 
тұрғындардың қала тұрғындарына қарағанда өте сирек қоныстануы, 
елді мекендердің бір-бірінен жəне ірі аудан орталықтары мен өндірістік 
қалалардан алыс орналасуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің 
маусымдық сипаты, жолдың нашарлығы жəне тағы басқа себептермен 
байланысты.
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек 2003 
жылдың 12 қыркүйегінде жарық көрген денсаулық сақтау министрінің 
№677 бұйрығына сəйкес ұйымдастырылады. Бұл бұйрықта ауыл 
тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті одан 
ары жетілдіруге жəне Қазақстан Республикасының «Денсаулық 
сақтау жүйесі» туралы заңын жүзеге асыруға бағытталған шаралар 
қарастырылған. Бұйрықта ауылдық жердегі медицина ұйымдарының 
түрлері мен жұмысын ұйымдастыру, оларды медициналық құралдар 
мен аппараттармен жабдықтау шамалары, ауылдық жерге қажетті 
мамандарды даярлау, оның ішінде жалпы тəжірибелік дəрігерлерді 
немесе отбасылық дəрігерлерді даярлап, оларды ауылдық жердегі 
медициналық көмекті ұйымдастыруға белсенді тарту мəселелерін 
шешу жолдары нақты етіп көрсетілген.
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек бірнеше 
кезеңде жүзеге асырылады. Ауылды жерлерде арнайы медицина 
мекемелері тұрғындарға қызмет жасайды, ал ауылдық денсаулық 
сақтау жүйесінде арнайы ұйымдастырушылық жəне əдістемелік 
жұмыстар қолданылады. Оның бірінші кезеңін ауылдық дəрігерлік 
учаске мен оның медициналық мекемелері құрайды. Екінші кезеңді 
аудандық медицина мекемелері түзеиді. Үшінші кезеңде облыстық 
жəне республикалық медицина мекемелері ауыл тұрғындарына арнайы 
мамандандырылған дəрігерлік көмек ұйымдастырады.
Бірінші кезеңде тұрғындарға медициналық көмекті учаскелік ау-
рухана немесе дербес дəрігерлік амбулатория ұйымдастырады. Екінші 
кезеңде медициналық көмекті аудандық жəне орталық аудандық ем-
хана мен аурухана көрсетеді. Ауыл тұрғындарына үшінші кезектегі 
медициналық көмекті облыстық, республикалық медицина мекемелері 
ұйымдастырады. Керекті жағдайда ауыл тұрғындарына медициналық 
көмекті қалалық мекемелер де бере алады. 
Учаскелік аурухана мен дəрігерлік амбулаториидің негізгі қызметі 
– алғашқы білікті дəрігерлік көмек беру, санитарлық жəне эпидемияға 
қарсы шараларды жүзеге асыру болып табылады. Орталық аудандық 
аурухананың қызметі – арнайы мамандандырылған медициналық 
көмектің негізгі түрлері бойынша тұрғындарға көмек беру бол-


157
са, облыстық жəне республикалық ауруханаларда жоғары білікті 
мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрінен қызмет 
көрсетіледі. 
Ауылдық дəрігерлік учаске – ауыл тұрғындарына көрсетілетін 
медициналық көмектің бірінші кезеңі. Ауылдық дəрігерлік учаскенің 
құрамына ауылдық учаскелік аурухана немесе ауылдық дəрігерлік 
амбулатории, фельдшерлік-акушерлік бекет, перзентханалық бөлме, 
маусымдық немесе тұрақты бөбекжай, өндірістік мекемелердің 
фельдшерлік бекеттері кіреді. Бұл мекемелер ауылдық елді мекендердің 
орналасқан жеріне, елді мекеннің тұрғындар санына, қызмет көрсету 
радиусына, жолдың сапасы мен ауданның əлеуметтік-экономикалық 
ахуалына байланысты ұйымдастырылады. Аудандағы ауылдық 
дəрігерлік учаскенің саны тұрғындардың санына жəне орталық 
аудандық ауруханаға дейінгі қашықтыққа қарай анықталады. Дəрігерлік 
учаскенің қызмет көрсету аумағының радиусы 7-10 километрге дейін 
жететін болса, онда оның тұрғындарының орташа саны 5000-7000 
адам болуы тиіс. Қызмет көрсету радиусы ауылдық дəрігерлік уча-
ске орналасқан елді мекеннен ең алыста орналасқан қызмет көрсету 
бекетіне дейінгі арақашықтық болып табылады. Алайда, медициналық 
көмектің қолжетімділігіне тікелей əсерін тигізетін табиғи жəне 
экономикалық-географиялық себептерді есепке ала отырып, ауылдық 
дəрігерлік учаскенің аумағын жəне тұрғындардың санын əртүрлі етіп 
қалыптастыруға болады.
Ауылдық дəрігерлік учаскенің құрамына енетін медицина 
мекемелері ұйымдастырушылық тұрғыда біріктірілген. Олар учаскелік 
аурухананың немесе ауылдық дəрігерлік амбулаториидің бас дəрігерінің 
басқаруымен жəне бірыңғай жоспар бойынша жұмыс атқарады. 
Ауыл тұрғындарының ең алғаш рет қаралатын медицина мекемесі 
– фельдшерлік-акушерлік бекет немесе медицина бекеті болып та-
былады. Осы медицина бекеттерінің көмегімен ауыл тұрғындарына 
медициналық көмектің қол жетімділігі қамтамасыз етілді. Ауыл 
тұрғындарының өте сирек қоныстануына жəне ауылдық аурухананың 
қызмет көрсету аумағының үлкен болуына байланысты фельдшерлік-
акушерлік (медицина) бекеттері ауыл тұрғындарына көрсетілетін 
медициналық көмекті олардың тұратын жеріне барынша жақындатады. 
Ауылдық жердегі медициналық көмекті осылайша ұйымдастыру, оның 
қалалық денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудан айырмашылығын 
анықтайды. 
Фельдшерлік-акушерлік бекеттерді ұйымдастыру үшін – ең жақын 
медицина мекемесіне дейінгі қашықтықтың 5 километрден асық жəне 
елді мекендегі тұрғындардың саны 700 адамнан артық болуы тиіс. 
Егер ең жақын орналасқан медицина мекемесіне дейінгі қашықтық 
7 километрден артық болса, онда тұрғындардың саны 300-500 бола-
тын елді мекендерде де фельдшерлік-акушерлік бекетті ашуға болады. 
Фельдшерлік-акушерлік бекеттердің негізгі міндеттеріне жататындар:


158
1) Ауыл тұрғындарына дəрігерге дейінгі медициналық көмекті 
беру;
2) Дəрігердің тағайындаған емдік шараларын дер кезінде жəне 
толық көлемде орындау;
3) Балалар мен жүкті əйелдер арасында патронаж ұйымдастыру. 
Бекітіліп берілген тұрғындардың денсаулығын жүйелі түрде 
қадағалау;
4) Дəрігердің басқаруымен тұрғындардың сырқаттылығын, оның 
ішінде инфекциялық, паразитарлық аурулармен, ауыл шаруашылық 
жəне тұрмыстық жарақаттармен сырқаттылығын төмендетуге 
бағытталған кешенді профилактикалық, санитарлық жəне эпидемияға 
қарсы шараларды жүзеге асыру;
5) Профилактикалық шараларды іске асыру, оның ішінде тұрғындар 
арасында иммунизацияны жүргізу;
6) Балалар мен аналардың өлімін төмендетуге бағытталған шара-
ларды жүзеге асыру жұмыстары болып табылады;
Профилактикалық шараларды жүзеге асыру барысын-
да фельдшерлік-акушерлік бекеттің қызметкерлері балалар мен 
жасөспірімдерді тəрбиелеу мекемелерін, коммуналдық, тағамдану, 
өндірістік жəне өзге нысандарды ағымды санитарлық қадағалау 
жұмысына тікелей араласады. Елді мекендердің сумен қамтамасыз 
етілуін, аумақтың санитарлық тазалығын бақылап, инфекциялық ауру-
ларды кезінде анықтау мақсатында үйлерді аралайды, жұқпалы аурулар-
мен арақатынаста болған тұлғаларды медициналық бақылауға алады. 
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиология 
бөліміне белгілі болған инфекциялық, паразитарлық жəне кəсіби ауру-
лар, санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзушылық оқиғалары тура-
лы шұғыл хабарнама түсіреді.
Ауылдық дəрігерлік учаскенің негізгі медицина мекемесіне 
учаскелік аурухана немесе дербес дəрігерлік амбулатория жатады. 
Учаскелік ауруханада көрсетілетін медициналық көмектің сипаты мен 
көлемі оның қуатына, жабдықталу дəрежесіне жəне мамандарының 
құрамына байланысты. Алайда учаскелік аурухананың қуатына қара-
май тұрғындарға міндетті түрде терапевтік жəне инфекциялық ауру-
ларға емханалық жəне стационарлық көмек берілуі тиіс. Сонымен 
қатар, жүктілердің босануына жəрдем ету, балаларға емдік-профи-
лактикалық, неонаталдық, хирургиялық, травматологиялық жəне 
стоматологиялық көмек қамтамасыз етілуі қажет.
Учаскелік аурухананың қуаты қызмет көрсету аумағының ра-
диусына, тұрғындардың саны мен орналасу тығыздығына, аудандық 
орталық ауруханаға дейінгі қашықтығына, өндіріс ошақтарының 
бар немесе жоқ болуына, жергілікті əлеуметтік-экономикалық жəне 
географиялық-климаттық жағдайға, жолдың ахуалына байланысты 
қалыптастырылады. Ауылдық учаскелік аурухананың 4 категория-


159
сы бар. Бірінші категориялық ауруханада 75-100 төсек-орын, екінші 
категориялық ауруханада 50-75 төсек-орын, ІІІ категориялық ауруха-
нада 35-50 төсек-орын, ІV категориялық ауруханада 25-35 төсек-орын 
болады. Учаскелік аурухананың орташа қуаты 35 төсек-орын болуы 
тиіс. 
І категориялық ауруханада терапиядан, хирургиядан, акушерия-
дан, педиатриядан, инфекциялық аурулардан, туберкулезден төсек-
орын қарастырылады. Бұл аурухана клиникалық-диагностикалық 
қондырғылармен қамтамасыз етіледі.
ІІ категориялық аурухананың терапевтік, хирургиялық, 
педиатриялық, акушерлік, инфекциялық ауруларға арналған төсек-
орындары болады.
ІІІ категориялық аурухананың ересектерге жəне жас балаларға 
арналған төсек-орындары, хирургиялық, акушерлік жəне инфекциялық 
аурулар төсек-орындары болуы қарастырылған.
ІV категориялық аурухананың терапиялық, хирургиялық жəне 
акушерлік төсек-орындары бар. 
Учаскелік аурухананың құрамында емханалық бөлімше де 
ұйымдастырылады. Ауылдық дəрігерлік учаскенің негізгі қызметі 
тұрғындарға емдік-профилактикалық көмек, санитарлық жəне 
эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру болып табылады. 
Медициналық көмектің ең кеңінен таралған түрі – амбулаторлық 
көмек болып есептеледі. Ауылдық дəрігерлік учаскедегі тұрғындарға 
амбулаторлық көмек учаскелік ауруханада немесе дербес дəрігерлік 
амбулаторииде жəне фельдшерлік-акушерлік бекеттерде беріледі.
Учаскелік аурухананың дəрігері балалар мен ересек тұрғындардың 
арасында амбулаторлық қабылдау жүргізеді. Науқастарға үйінде 
медициналық көмек жəне жедел жəрдем береді. Ауылдық дəрігер жал-
пы тəжірибелік дəрігер болуы тиіс. Ауылдық жердегі амбулаторлық
жəне стационарлық көмекті ұйымдастырудың мынадай ерекшеліктері 
байқалады. 
Ауылдық дəрігердің амбулаторлық қабылдау уақтысы нақты 
белгіленбейді. Себебі, ауыл тұрғындарының маусымдық еңбек ету 
ерекшеліктері олардың дəрігерге келіп қаралу уақтысына өзгерістер 
енгізеді. Ауылдық дəрігердің міндеті ауыл еңбеккерлерінің мүддесін 
жəне денсаулығын сақтау саласындағы құқығын есепке ала отырып, 
медициналық көмекті барынша тиімді етіп ұйымдастыру. Дəрігердің 
жоқ кездерінде амбулаторлық қабылдауды фельдшер жүргізуі мүмкін. 
Науқастардың шақыруы бойынша учаскелік дəрігер, тек аурухана мен 
дербес дəрігерлік амбулатории орналасқан елді мекен тұрғындарына үй 
жағдайында медициналық көмек көрсетеді, ал өзге де елді мекендердің 
науқастарына фельдшерлік-акушерлік бекеттің фельдшерлері мен 
акушерлері қызмет жасайды. Ауылдық дəрігерлердің 1 жұмыс күні 
профилактикалық жұмыстарды жүргізуге арналады. 
Дəрігерлердің стационарлық кезекшілігін атқаруына, үйінде оты-


160
рып жүзеге асырылу құқығы беріледі. Алайда оның мекен жайы мен 
телефоны кезекші медбикелердің алдында ілініп тұруы қажет. Егер 
науқасқа жедел медициналық көмек қажеттілігі туындаса, кезекші 
дəрігер түннің кез келген уақтысында жұмысқа шақырылады. Ауылдық 
(отбасылық) дəрігерлік амбулатория емдеу-профилактикалық ұйым бо-
лып табылады. Бұл ұйым қызмет көрсету аумағында сырқаттылықтың, 
мүгедектіктің алдын алуға жəне деңгейін төмендетуге, ауруды ерте 
кезеңнен анықтауға, дені сау жəне науқас адамдарды диспансериза-
ция жасауға бағытталған кең ауқымды профилактикалық шараларды 
жүзеге асырады, тұрғындарға білікті медициналық көмекті берумен 
айналысады. Ауылдық дəрігерлік амбулатории дербес медициналық 
мекеме түрінде немесе ауылдық дəрігерлік аурухананың құрамында 
ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл мекеменің негізгі атқаратын міндетте-
ріне жататындар:
1) Бекітілген тұрғындарға амбулаторлық немесе үй жағдайында ау-
руханадан тыс дəрігерлік көмек көрсету;
2) Сырқаттылық пен жарақаттанудың, паразитарлық жəне кəсіби 
аурулардың алдын алуға жəне деңгейлерін төмендетуге бағытталған 
шараларды жүргізу жəне іске асыру;
3) Ана мен баланың денсаулығын қорғауға бағытталған емдеу-
профилактикалық шараларды жүргізу жəне іске асыру;
4) Ауылдық дəрігерлік амбулаториидің тəжірибесіне заманауи 
профилактика, емдеу, диагностика əдістерін, озық амбулаториялық-
емханалық ұйымдардың алдыңғы қатарлы тəжірибесін қолданысқа
енгізу;
5) Қол астына қарайтын фельдшерлік-акушерлік бекеттерді 
ұйымдастырушылық-əдістемелік тұрғыда басқару
Амбулатории алдына қойылған міндеттеріне сай мынадай 
жұмыстарды жүзеге асырады:
1) науқастарды амбулаторииде қабылдау жəне науқастарға үй 
жағдайында көмектесу;
2) қауырт ауруларға жəне кездейсоқ жағдайда туындаған оқиғаларға 
байланысты алғашқы медициналық көмек беру, медициналық 
көрсетілімге байланысты науқасты өзге емдеу-профилактика 
ұйымдарына жіберу;
3) аурудың ерте кезеңінде анықтау, уақтылы амбулаторлық тексеру, 
емдеу жəне госпитализацияға даярлау;
4) науқастарды тексеруді жəне емдеуді стационарлық мекеме мен 
жедел жəне күттірмейтін медициналық көмек бөлімшесімен 
тығыз 
байланыста жүзеге асыру;
5) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау, еңбекке жарамсыздық 
парағын немесе анықтамасын беру;
6) еңбекке тұрақты жарамсыздыққа ұшыраған тұлғаларды 


161
белгіленген тəртіпке сəйкес еңбек жəне əлеуметтік тұрғыда қорғау 
Министрлігінің органдарына бағытнама беріп, мүгедектік туралы 
мəселені шешуге ықпал ету;
7) диспансеризацияға жататын тұлғалардың арасында про-
филактикалық медициналық тексеру жүргізу, оларды тоқтаусыз 
бақылауға алу, денсаулығын жақсартуға бағытталған емдеу-
профилактикалық шараларды жүзеге асыру;
8) ауыл шаруашылығы өндірісінің жұмысшыларын жаппай 
маусымдық дала жұмыстары кезеңінде басым медициналық көмекпен 
қамтамасыз ету;
9) ана мен баланың денсаулығын қорғау;
10) санитарлық жəне эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру;
11) белгіленген тəртіп бойынша, қызмет көрсету аумағында 
анықталған инфекциялық, паразитарлық жəне кəсіби аурулар ту-
ралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық станцияның 
эпидемиологиялық бөліміне жедел хабарнама түсіру;
12) фельдшерлік-акушерлік бекеттің жұмысын қадағалау жəне 
тəжірибелік көмек беру үшін дəрігерлердің фельдшерлік-акушерлік 
бекетке жоспарлы шығып тұруын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет