112
номикасы дамыған елдерде жарақаттанудан туындаған аурушаңдық
пен өлім оқиғалары жылдан жылға төмендесе, бұрынғы Кеңестер
Одағының құрамына енген мемлекеттерде осы көрсеткіштер тоқтаусыз
өсу үстінде. Орта есеппен алғанда тəуелсіз мемлекеттер достастығы
аумағындағы ер кісілердің жарақаттанудан өлімге ұшырау мүмкіндігі
Еуропа одағының ер кісілері арасындағы осындай көрсеткішінен
4 есе жоғары. 2004 жылғы ресми статистикалық деректер бойынша
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдегі жарақаттанудан туындаған
өлім көрсеткішінің деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде
272,7 оқиғаны құраса, Еуропа Одағында – 54,3%
000
болып шықты.
Экономикасы даму үстіндегі елдердегі жарақаттану оқиғалары
мен одан туындайтын өлім көрсеткішінің тоқтаусыз жоғарылауына
жол қозғалысы қауырттылығының артуы, алкогольдік ішімдіктің
арзандығы жəне кез келген жастық топтарға қолжетімділігі (əсіресе
жасөспірімдерге), заңдардың босаңдығы, əлеуметтік капиталдың
азайып, жұмыссыздықтың ұлғаюы, байлықты иеленудегі теңсіздік
алып келуде. Осыдан балалар мен қарт адамдардың жарақаттанып,
өлімге ұшырау қаупі арта түсуде. Сонымен қатар жарақаттануға жəне
өлімге ұшырауға бейім топтарға үйсіз-күйсіз адамдар, шеттен кел-
ген жалдамалы жұмысшылар, жер ауып қашып келгендер, мүгедектер
мен жұмыссыздар да жатады. Жарақаттарға ұшырайтын негізгі қауіп
топтарын нақты анықтау тұрғындар арасында осы патологияның
профилактикалық бағдарламасын жасап, тиімді жəне белсенді
ұйымдастыру үшін қажет. Қазақстан Республикасы тұрғындары ара-
сында қалыптасқан жарақаттану мен одан туындайтын өлім оқиғала-
рын төмендетуге бағытталған бірінші кезектегі шараларды негіздеу
үшін мынадай мəселелерге көңіл бөлу қажет:
Достарыңызбен бөлісу: