Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Өндірістік мекеме жұмысшыларына медициналық-



Pdf көрінісі
бет54/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

4.4. Өндірістік мекеме жұмысшыларына медициналық-
санитарлық көмекті ұйымдастыру
Өндірістік жұмысшылардың арасында медициналық көмекті 
ұйымдастыру тұрғындарға берілетін емдеу-профилактикалық кө-
мектің қосымша түрі болып есептеледі. Қазіргі таңда Қазақстан 
Республикасындағы өндіріс ошақтарына тұрғындардың 25 % еңбек 
етеді. Олардың басым бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлер болып та-
былады. Оларға медициналық көмек тұрғын аумақтарында орналасқан 
медицина мекемелерімен қатар арнайы медициналық-санитарлық ме-
кемелерде ұйымдастырылады. Бұл əлеуметтік топтардың денсаулығын 
жоғары деңгейде қалыптастырудың маңызы үлкен. Жұмысшылар 
еліміздің ұлттық байлығын қамтамасыз ететін əлеуметтік топ. 
Сондықтан жұмысшылар денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Өндіріс 
орындарында медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру жүйесі 
Кеңестер Одағы дəуірінде қолға алынып, ХХ ғасырдың 90 жылдарында 
толығынан жетілдірілген жүйеге айналған болатын. Алайда Кеңестер 
Одағының ыдырап, Қазақстан Республикасы өз егемендігіне иелен-
геннен кейін бұл жұмыстар мемлекеттік жүйеден жекеменшік жүйеге 
ауысып кетті. Ірі өндіріс ошақтарында көрсетілетін медициналық 
көмек жекеменшіктегі медициналық компаниялардың құзырына өтті. 
Медициналық-санитарлық бөлім кешенді медициналық мекеме болып 
табылады. Оның құрамына емхана, дəрігерлік немесе фельдшерлік 
денсаулық бекеттері, стационар, санатории-профилакторий, диеталық 
асхана, балаларды сауықтыру мекемелері кіреді. 


167
Қазіргі кезеңде медициналық-санитарлық бөлімдердің 4 
тобы бар. Олардың 1-ші тобына – мемлекеттік жəне министрліктерге 
қарасты медициналық-санитарлық бөлімдер жатады. Оның ішінде, 
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Жол 
қатынастары министрлігінің жəне басқа Мемлекеттің меншігіндегі 
медициналық-санитарлық бөлімдер бар. 
Медициналық-санитарлық бөлімдердің екінші тобына ашық 
медициналық-санитарлық бөлімдер жатады. Олар қазіргі кезеңде 
аумақтық медицина мекемелер қатарына кіреді жəне өндіріспен ескі 
байланысын сақтап қалғандықтан, жұмысшыларға келісімшарт бой-
ынша қызмет көрсетеді.
Медициналық-санитарлық бөлімнің үшінші тобына – жекеменшік-
ке өтпеген өндіріс орындарында жұмыс атқаратын медицина меке-
мелері жатады. Бұл медицина мекемелері өндіріс орнымен тығыз 
байланысты. Жұмысшыларға көрсетілетін дəрігерлік көмек деңгейі 
өзгеріссіз сақталған жəне өндірістік орта жағдайын есепке ала отырып 
ұйымдастырылған денсаулық сақтау мекемесі болып табылады. Бұл 
мекемеде Кеңестер Одағы кезінде қалыптасқан медициналық көмекті 
ұйымдастыру шарттары қолданылады. 
Бұл мекемелердің үшінші тобына жабық медициналық-санитарлық 
бөлімдер жатады. Жабық медициналық-санитарлық бөлімдер жекеше-
лендірілген өндіріс орындарында қызмет көрсетеді. Олардың қызметі 
өндіріс орындары қаржысымен қамтамасыз етіледі. 
Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері мен 
қызметтері мынадай:
1) Жалпы жəне кəсіби ауруларды, өндірістік жарақаттарды, 
сырқаттылық пен мүгедектікке байланысты еңбекке жарамсыздық 
оқиғаларын төмендету мақсатында бекітіліп берілген өндіріс 
жұмысшыларына білікті жəне мамандандырылған медициналық көмек 
беру;
2) Санитарлық-эпидемиологиялық станция мамандарымен жəне 
өндіріс əкімшілігімен бірге жұмысшыларды сауықтыруға арналған 
шараларды құрастырып, іс жүзіне асыру;
3) Өндіріс жұмысшылары денсаулығының жəне еңбек ету орта-
сы жағдайының санитарлық талаптарына сай келуін қадағалау. 
Медициналық-санитарлық бөлімде жұмыс атқаратын қызметкерлердің
құрамын бас дəрігер бекітеді. Алайда бұл жұмыс міндетті түрде өндіріс 
орны əкімшілігімен келісіледі. Бұл мекеменің қызметі өндіріс орнының 
қорынан, мемлекеттік бюджеттен, ақылы медициналық көмек беру 
қорынан қаржыландырылады.
Медициналық-санитарлық бөлімнің қызметі, оның меншігіне 
қарамай, тұрғындардың денсаулығын қорғау мəселелеріне арналған 
мемлекеттік заңдармен жəне нормативтік құжаттармен реттеледі. 
Меншік иелігіне қарамай, медициналық-санитарлық бөлімдер 


168
денсаулық сақтау жүйесінің басқару органдарына өз жұмысы тура-
лы есеп беріп отырады. Медициналық-санитарлық бөлім дəрігерлері 
өндіріс жұмысшыларына медициналық көмекті цехтық учаске шарты 
бойынша ұйымдастырады. Бір цехтық дəрігерлік учаскеге 1500-2000 
жұмысшы болады. Аса қауіпті өндірістердегі цехтық дəрігерлік учаске-
де орта есеппен 2000 жұмысшы, ал қауіпсіз өндірістерде 1500-ге дейін 
жұмысшы болуы мүмкін. Цехтық дəрігерлік учаскені дəрігер-терапевт 
басқарады. Бұл қызметке «Емдеу ісі» мамандығын иеленген жоғары 
білімді дəрігер тағайындалады. Цехтық терапевт-дəрігер өз қызметін 
өндіріс əкімшілігімен келісілген шарт бойынша жүзеге асырады. 
Егер өндіріс орнының жұмысшыларына медициналық көмек 
аумақтық емханада көрсетілсе, онда емханада цехтық дəрігерлік учаске 
ұйымдастырылып, дəрігер мен медбикенің қызметі штатқа ендіріледі. 
Ал, тіркеу бөлімінде жұмысшылар үшін арнайы терезе ашылады. 
Жұмысшыларға көрсетілетін стационарлық көмек медициналық-
санитарлық бөлімнің төсек-орындарында немесе арнайы бөлінетін 
қалалық аурухананың стационарлық бөлімшесінде жүзеге асырылады. 
Цехтық дəрігерлік-терапевт міндетті түрде өндірістік технологиямен 
таныс болуы жəне негізгі кəсіптер мен өндірістік қауіпті себептерді 
жақсы білуі қажет. Себебі, əрбір өндірістік қауіпті себеп, өзінің орга-
низмге əсер ету ерекшелігіне сай алдын алу шараларын жүзеге асы-
руды қажет етеді. Осы талаптарды цехтық дəрігердің тəжірибесінде 
дұрыс қолдану, жұмысшылардың денсаулығын қорғау ісін сапалы 
жүргізуге жағдай туғызады. Сонымен қатар, цехтық терапевт дəрігер 
ауырған жұмысшыларға үй жағдайында көмек көрсетпейді. Бұл 
жұмысты орындау үшін цехтық дəрігер учаскелік терапевтпен қоян-
қолтық жұмыс істеуі қажет.
Цехтық дəрігерлердің жұмысындағы негізгі міндеттерге жататын-
дар:
- учаскедегі жұмысшылардың еңбек ету жəне техникалық 
қауіпсіздікті сақтау жағдайын бақылау;
- емханада қабылдау барысындағы жəне стационардағы емдеу 
жұмыстарын, еңбекке жарамсыздықты сараптауды қамтамасыз ету;
- цехтағы профилактикалық жұмысты іске асыру;
- өндірістік жарақаттардың алдын алу жəне төмендету;
- профилактикалық тексеру, белгіленген тұлғалар арасында, созыл-
малы аурулары бар, жиі жəне ұзақ ауыратындарды диспансеризация-
лау;
- уақытша еңбекке жарамсыздық оқиғаларын сараптау;
- өндіріс əкімшілігін бірге, санитарлық-эпидемиологиялық қыз-
меттің келісімімен жұмысшылар арасында сауықтыру жəне эпидемияға 
қарсы шараларды жасау жəне жүзеге асыру.
Цехтық терапевт-дəрігер ай сайын жоғарыда аталған міндеттер 
бойынша жоспар жасап, оны цехтың əкімшілігі мен денсаулық бекеті 


169
қызметкерінің көмегімен орындайды. Цехтық терапевтің ең маңызды 
жұмыстарының бірі учаскедегі еңбек ету жағдайын бақылау болып 
табылады. Осы дəрігерлер денсаулық бекеті қызметкерлерімен, тех-
ника қауіпсіздігі инженерімен, өндірістік-санитарлық дəрігермен 
жəне өндіріс əкімшілігімен бірге кəсіби қауіптілігі бар жұмыс орны-
на бақылау жүргізеді. Оның тағы бір міндеті кəсіби аурулардың ал-
дын алу, қайталай өндірістік жарақат алуды болдырмау. Сондықтан ол 
өндірістік қауіптілік себептерін болдырмауға бағытталған шаралар-
ды белсенді жүргізуі тиіс. Əсіресе, еңбек ету ортасының гигиеналық 
тұрғыда қауіпсіз болуын қамтамасыз етудің маңызы өте үлкен. Емдеу 
жұмысын емханада немесе стационарда жүзеге асырады.
Жұмысшылардың науқастануына немесе жарақат алуына байла-
нысты цехтық дəрігер оған сырқаттану парағын 10 күнге дейін со-
зып беруге құқығы бар. Еңбекке жарамсыздық оқиғасы 30 күннен 
асса, онда медицина мекемесі басқармасының тағайындауымен 
клиникалық сараптау комиссиясына тексеруге жіберіледі. Бұл комис-
сия сырқаттылық парағын одан ары созады немесе ауруды стационарға 
бағыттайды. Клиникалық-сараптау комиссиясының шешімімен 
сырқаттылық парағы 10 айға дейін созылуы мүмкін. Қажетті жағдайда 
еңбекке жарамсыздық парағы 12 айға дейін созылады, ал комиссияның 
отырысы 30 күнде бір рет жүзеге асырылады. 
Цехтың дəрігері өндіріс орнының санитарлық-гигиеналық 
жағдайына, жұмысшылардың тамақтану ережесіне, цехтың жел-
дендіру жағдайына, түскі демалысты пайдалануына көңіл бөледі. 
Цехтың дəрігері фельдшерлік денсаулық бекетіне қадағалау орната-
ды. Осы жерде жұмысшылар арасында санитарлық-ағарту шараларын 
ұйымдастырып, профилактикалық тексеру өткізеді. 
Өндірістік санитарлық дəрігермен, техникалық қауіпсіздік бөлімі 
инженерімен жəне цехтың əкімшілігімен бірге өндірістік жарақаттану 
оқиғаларының алдын алу жұмыстарымен айналысады. Жарақаттану 
оқиғаларын азайту мақсатында жұмысшылардың өндірістік са-
нитария ережелерін сақтауын жəне жұмысшыларды қауіпсіздік 
ережелеріне үйрету жұмыстарын белсенді жүргізілуін қадағалау, 
əрбір өндірістік жарақаттану оқиғаларын зерттеуге қатысу, барлық 
жарақаттану оқиғаларын сараптау, санитарлық ағарту жұмысын сапа-
лы ұйымдастыру қажет. 
Цехтық дəрігердің маңызды жұмысының бірі жұмысшылар ара-
сында диспансеризацияны белсенді ұйымдастыру болып табылады. 
Диспансерлік бақылауға дені сау жасөспірім-жұмысшылар, жүкті 
əйелдер, өндірістік зиянды кəсіптегі жұмысшылар, соғыс ардагерлері, 
негізгі кəсіптегі жұмысшылар алынады. Сонымен қатар созылмалы ау-
руы бар тұлғалар мен жиі жəне ұзақ ауыратын адамдар да белгілі бір 
диспансерлік топтар бойынша бақыланады. Ұзақ жəне жиі ауыратын 
жұмысшылардың қатарына жыл бойы этиологиялық бірыңғай ауру-


170
мен немесе одан да көп аурумен 40 күн немесе одан да артық күндерге
ауырған жұмысшыларды жатқызады. Сонымен қатар, этиологиясы 
əртүрлі 6 немесе одан да көп аурумен, əртүрлі аурулармен 60 немесе 
одан да көп күн ауырған науқастар жатқызылады. 
Жиі жəне ұзақ ауыратын ауруларды дер кезінде анықтау үшін 
цехтың дəрігері əрбір жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздық 
оқиғаларын айына бір рет тексеріп отыруы қажет. Цехтық дəрігер 
уақытша еңбекке жарамсыздық оқиғаларын сараптай отырып, 
жұмысшыларды сауықтырудың кешенді бірыңғай жоспарын жасауға 
белсенді қатысады. Бұл кешенді бірыңғай жоспарды құрастырудың 
мақсаты өндірістегі еңбек ету жағдайын жақсарту, көрсетілетін 
медициналық көмектің сапасын арттыру, сырқаттану жəне жарақаттану 
оқиғаларының алдын алу арқылы жұмысшылардың денсаулығын 
жақсарту болып табылады. 
Бірыңғай кешенді сауықтыру шаралары əкімшіліктің, медициналық-
санитарлық бөлімнің, санитарлық-эпидемиологиялық станцияның, 
техника қауіпсіздігін сақтау бөлімінің жəне кəсіподақ ұйымы 
мамандарының қатысуымен 1 жылға арнап құрастырылады. Ол негізгі 
4 тараудан тұрады, оның ішінде санитарлық-техникалық, санитарлық-
гигиеналық, емдеу-профилактикалық жəне ұйымдастырушылық шара-
лары бар. Медициналық көмекті жұмыс орнына барынша жақындату 
үшін өндірістік цехтарда денсаулық бекеттері ашылады. Олар өндіріс 
орны медициналық-санитарлық бөлімнің немесе аумақтық емхананың 
құрамына кіреді. 
Жұмысшыларының жалпы саны 1200-ден артық өндірістік 
кəсіпорында жəне капиталдық құрылыс нысандарында немесе бір-
біріне жақын орналасқан, денсаулық бекетін ұйымдастыруға қажетті 
жұмысшылар саны жеткіліксіз бірнеше кəсіпорында, егер олар қалалық 
емханадан 4 километрден астам қашықтықта орналасса, онда дəрігерлік 
денсаулық бекеті ашылады. Ал жұмысшылар саны 500 кем емес 
кəсіпорындарда фельдшерлік денсаулық бекеті ұйымдастырылады.
Жоғары жəне орта арнайы оқу орындарындағы күндізгі факультет-
терде оқитындардың саны 1200 адамнан артық болса, бұл ұйымдарда 
дəрігерлік денсаулық бекеттері ашылады. Егер денсаулық бекеттері 
қолданыстағы штаттық нормативтер бойынша ұйымдастырылса, 
онда ол мемлекеттік бюджеттен, егер штаттық нормативтерден тыс 
ұйымдастырылса, онда өндірістік өнеркəсіптің қаржысына жұмыс 
атқарады. Денсаулық бекеттері лицензиялаудан жəне аккредитация-
лаудан өтеді. Бұл ұйымдар өндірістік мекеменің бөлген бөлмелерінде 
орналасады жəне қажетті жиһаздар мен медициналық құралдармен 
қамтамасыз етіледі. 
Денсаулық мекемелерінің жұмыс тəртібі өндіріс мекемесінің 
əкімшілігімен келісе отырып бекітіледі. Бұл мекеменің қандай 
меншікке жатуына қарамай есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізеді. 


171
Дəрігерлік денсаулық бекетін дəрігер-терапевт басқарса, фельдшерлік 
денсаулық бекетін фельдшер немесе медицина бикесі басқарады. 
Денсаулық бекетінің дəрігері мынадай қызметтер атқарады:
- жарақаттанғандарға, шұғыл уланғандарға жəне сырқаттыларға 
алғашқы медициналық көмекті көрсету;
- амбулаторлық қабылдау жүргізу, науқастарды емдеу жəне 
мүгедектер арасында реабилитация шараларын жүргізу;
- ауруларды стационарға жатқызуға арналған тасымалдауды 
ұйымдастыру жəне қажетті жағдайда аурумен ере бару;
- науқастарға мамандардың кеңесін дер кезінде ұйымдастыру жəне 
арнайы бөлімшелерге госпитализациялау,
- кəсіби зияндылықтармен жəне жайсыз жағдайда еңбек ететін 
жұмысшыларды тоқтаусыз бақылау, жалпы жəне кəсіби ауруларды дер 
кезінде анықтау, алдын алу шараларын белсенді ұйымдастыру;
- алған сертификатына сəйкес кезеңдете өткізетін медициналық 
тексеруді өткізу, қосымша дəрігерлік жəне мамандардың кеңесін 
ұйымдастыру, тексеру қорытындысы бойынша жұмысшының кəсіби 
жарамдылығы немесе өзге жұмысқа ауыстыру туралы қорытынды 
шығару;
Денсаулық бекеті дəрігерлеріне жүктелетін міндеттер:
- жалпы жəне кəсіби аурушаңдықты, өндірістік жарақаттануды 
сараптау. Алынған нəтижелерді өндіріс əкімшілігіне хабарлау жəне 
көрсеткіштердің төмендеуіне бағытталған шараларды құрастыруға 
қатысу;
- санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу, салауатты өмір сүру салтын 
насихаттау, жұмысшыларды өзіне-өзі жəне өзара көмек беру əдістеріне 
үйрету;
- бекітілген түпнұсқа бойынша есепке алу-есеп беру құжаттарын 
жүргізу жəне белгіленген тəртіп бойынша денсаулық сақтау мекемесінің 
немесе денсаулық сақтау ісін басқару органының бас дəрігеріне тап-
сыру;
- өз біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, жаңа диагностика жəне 
емдеу əдістерін игеру. 
Денсаулық сақтау бекеті дəрігерлерінің құқықтары:
- өзіне бағынышты орта буынды медицина қызметкерінің жұмысын 
бақылауға;
- мекеменің немесе өз қаржысымен 5 жылда 1 рет негізгі жұмыс 
орнынан тыс жерде біліктілігін арттыруға;
- жұмысшыларға медициналық көмекті жəне еңбекті қорғау 
жұмыстарын жақсарту мəселелері бойынша өндіріс əкімшілігіне 
ұсыныс беру;
- белгіленген мерзімде дəрігерлік санатын жоғарылатуға арналған 
аттестациядан өтуге;


172
- бəстесу жəне теке тірес жағдайында жоғары денсаулық сақтау ісін 
басқару орындарына, лицензиялау-аккредитациялау комиссиясына, 
тəуелсіз сараптау комиссиясына, медициналық ассоциацияға жүгінуге, 
сот пен арбитраж арқылы талапнама жасап жəне оған байланысты жау-
ап беруіне құқығы бар.
Фельдшерлік денсаулық сақтау бекеті қызметкерінің атқаратын 
міндеттеріне жұмысшыларға, қызметкерлерге, оқушылар мен студент-
терге алғашқы дəрігерге дейін қызметті беру; дəрігердің тағайындауына 
сай емдеу шараларын жүргізу, науқастар мен жарақаттанғандарды 
емдеу-профилактикалық мекемесіне жеткізіп салу, қажетті жағдайда 
ере бару;емші дəрігер мен емхана маманының қабылдауына бағытнама 
беру, кезеңдете жүргізілетін медициналық тексеруді өткізуге алдын 
ала даярлау; профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу; ауысым 
біткенше сырқаттанған адамды жұмыстан босату жəне анықтама беру 
жұмыстары жатады.
Денсаулық сақтау бекетінің фельдшері өзінің қызметтік 
міндеттемелері аясында өндірістік жарақаттарды сараптап, алынған 
нəтижелер туралы өндіріс əкімшілігін хабардар етеді, аурушаңдық 
жəне жарақаттану оқиғаларын төмендетуге бағытталған шараларды 
құрастыруға қатысады, жұмысшылар арасында санитарлық-ағарту 
жұмысын жүргізеді, салауатты өмір сүру салтын насихаттайды, 
жұмысшыларды өзіне немесе бір-біріне көмек беру машықтарына 
үйретеді, бекітілген түпнұсқа бойынша есеп беру-есепке алу жұмысын 
жүргізеді жəне денсаулық сақтау мекемесінің немесе басқару 
органының бас дəрігеріне тапсырады, өз біліктілігін жүйелі түрде арт-
тырып, жаңа емдеу жəне диагностика тəсілдерін игереді.
Денсаулық бекетінің фельдшері өзіне бағынышты кіші буынды ме-
дицина қызметкерінің жұмысын қадағалауға, 5 жылда бір рет қызметтен 
тыс жерде біліктілігін арттыруға, денсаулық сақтау мекемесінің бас-
шысымен келісе отырып, белгіленген тəртіп бойынша келісімшартқа 
жəне алған сертификатқа сай ақылы медициналық көмек беруге, 
жұмысшылардың, оқушылардың, қызметкерлердің еңбегін қорғау 
жəне медициналық көмегін одан ары жақсарту туралы əкімшілікке 
ұсыныс жасауға, белгіленген мерзімде санатын арттыру үшін аттеста-
циядан өтуге құқығы бар.
Жұмысшылардың аурулары мен еңбек ету ортасының жəне кəсібі-
нің арасындағы байланысты нақты етіп анықтау үшін, науқастарды, 
мүгедектерді жəне аса зиянды кəсіптегі жұмысшыларды емдеу жəне 
сауықтыру үшін медициналық-санитарлық бөлімнің құрамында 
кəсіби аурулардың орталығы ашылуы мүмкін. Бұл орталықта кəсіби 
аурулардың себебінен аурушаңдық пен мүгедектік оқиғаларының ар-
туына қарсы профилактикалық жəне емдеу-қалыпқа келтірудің озық 
шаралары жасалып, тəжірибеге енгізіледі. 


173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет