Демалыс
– организмнің толық тыныштық жағдайы емес, тек қана
қажуға байланысты организмге пассивті тыныштықты қамтамасыз ету.
Адамның демалысы оның еңбек ету сипатына қарама қайшы бағытта
болуы тиіс. Физикалық еңбектің адамдарына физикалық салмақ
түсірмейтін ой еңбегімен айналысу, ал ой еңбегінің адамына қолы бос
кезде физикалық жұмыспен айналысу пайдалы.
Ой еңбегі мен физикалық еңбекті кезектестіріп отыру денсаулыққа
өте пайдалы. Ережені сақтау тек сауықтырушы рөл атқармайды, со-
нымен қатар оның тəрбиелік мəні де бар. Ережелерді қатаң сақтау
тəртіптілікке, байыптылыққа, ұйымшылдыққа, мақсаттылыққа неме-
се үнемі алға талпынуға тəрбиелейді. Ережелерді сақтау адамдарға
əрбір минутты, сағатты ұтымды пайдалануға, өмірін мағаналы жəне
қызықты етуге көмектеседі. Əрбір адам күнделікті ережесін өзінің
өмір сүру жағдайына қарай қалыптастыруы қажет.
Пайдалы қозғалыс ережесі
– салауатты өмір сүрудің маңызды
шарттарының бірі болып табылады. Оның негізін жүйелі физикалық
жаттығулармен жəне спортпен айналысу құрайды. Осы əдеттер ден-
саулықты күшейтуге, физикалық қасиеттерді дамытуға, денсаулықты
жəне қозғалыс машықтарын сақтауға, кəрілікке байланысты туындай-
тын жайсыз өзгерістердің алдын алуға жағдай жасайды.
Физикалық жаттығулармен айналысу барысында адам организмі
денеге белгілі бір тапсырыс бойынша түскен ауыртпалыққа ішкі
органдардың қызметін өзгерту арқылы жауап береді. Олардың қызметі
белсендіріледі, осыдан организмнің энергетикалық қоры шығындала
бастайды. Жүйке жүйесінің қозғалысы артады, қозғалыс-тірек аппа-
раты күшееді. Адамның физикалық дайындығы артады, осыдан ол
организмге түсетін қосымша ауыртпалықтарды жеңіл көтереді. Дене
тəрбиесімен жүйелі айналысатын тұлғалардың көңіл күиі үнемі жақсы,
еңбекке қабілеттілігі жоғары, ұйқысы тыныш болады.
Егер физикалық жаттығулар ашық ауада өткізілсе, оның гигиена-
лық маңызы жоғарылай түседі. Ашық ауада физикалық жаттығулардың
сауықтырушылық жəне шынықтырушылық əсері артады. Суықтап
ауырудың алдын алуда, организмді шынықтыру жұмыстары маңызды
рөлін атқарады. Ол адамның көптеген ауыр патологиялардан
239
құтылуына жəне ұзақ та жемісті өмір сүруіне кепіл бола алады. Денені
шынықтыру организмнің тұрақтылығын арттырып, жүйке жүйесінің
тонусын жоғарылатады. Қан айналымын жақсартып, зат алмасу
үдерісін қалыпқа келтіреді.
Денені шынықтырудың ең қарапайым əдісі – ауа ваннасын қабылдау.
Оны алуды балалық шақтан бастаған жөн. Денені сумен шынықтыру
жүйкенің қызметін жақсартып, қан айналу жүйесінің жұмысына жайлы
əсер етеді. Қан қысымын қалыпқа келтіріп, зат алмасуды жақсартады.
Шынықтырудың тиімділігін арттыру үшін арнайы температуралық
əсерлер жасайды. Оны дұрыс қолданудың негізгі шарттарына жүйелілік
жəне жеке басының қасиетін, денсаулығын жəне сауықтыру шара-
сын қабылдау барысындағы көңіл-күйін есепке алу сияқты маңызды
жұмыстар жатады.
Бір орнында «қозғалыссыз» отырып еңбек ететін адамдар үшін
физикалық жаттығулардың таза ауада өткізілуі аса пайдалы əсер етеді.
Əсіресе, таңертең, кешке жаяу жұмысқа бару жəне қайту организмнің
дұрыс қызмет атқаруына жағдай жасайды.
Салауатты өмір сүру салтының келесі жəне маңызды шарты
үйлесімді тамақтану болып табылады. Қабылданатын тағамдық
заттардың құрамында белоктар, майлар жəне көмірсулары, витамин-
дер жəне минералды заттар жеткілікті көлемде болуы тиіс. Осындай
жағдайда тағамдық заттардың қорытылуы, сіңірілуі, ткандар мен
органдарға тасымалдануы жеңіл болады. Тамақты қабылдау аралығы
5-6 сағаттан аспауы тиіс. Тамақты 2 рет қана жəне аса көп қабылдау
организмге өте зиянды əсер етеді. Себебі, қан айналу жүйесіне жəне ас
қорыту органдарына үлкен күш түсіреді. Дені сау адамға тəулігіне 3-4
рет тамақтану қажет. Үш рет тамақтану ережесінде ең тоқ тағамдану
түс мезгілінде, ең жеңіл тағамдану кешкі мезгілде болуы тиіс. Ал
кешкі тамақты қабылдау ұйықтаудан 2-2,5 сағат бұрын жүзеге асы-
рылуы қажет. Бұл ереже тамақтық заттарды сапалы қорыту үшін ке-
рек. Тамақты мұқият шайнау, оны барынша майдалау, оның асқазанда
қорытылуын жеңілдетеді. Ас қабылдау барысында кітап немесе газет
оқу, күрделі міндеттерді шешу организмге өте зиянды əсер етеді. Үнемі
қою, ыстық тамақтарды ішу, тұзы көп асты қабылдау денсаулыққа
зиянын тигізеді. Тамақты шамадан тыс қабылдау асқазанға үлкен
ауыртпалық түсіреді. Ауыз қуысы мен тістің жағдайын мұқият бақылау
керек. Созылмалы аурулары бар науқастар диетаны сақтауы қажет. Са-
лауатты өмір сүру салтын қалыптастыруда зиянды əдеттерден ары-
лу ерекше маңызға ие. Оның ішінде, темекі тартудан, алкогольдік
ішімдікті жəне наркотиктерді қабылдаудын арылу денсаулықтың
жақсаруына жол ашады. Денсаулықтың қалпына келуін жəне күшеюін
пассивті күту ешқандай да тиімділік бермейді. Адамдар осы бағытта
белсенді жұмыстар атқаруы тиіс. Ерте жастан салауатты өмір сүру сал-
240
тына бейім адамдардың денсаулығы жақсы болатындығы ешқандай да
күмəн туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |