Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет107/167
Дата17.02.2022
өлшемі3,69 Mb.
#132184
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

Кез келген күрделі жүйе
– ақпараттық жүйе, сондықтан да басқару 
жүйелерін жобалау кезінде жүйе элементтері арқылы ақпараттар 
ағынына ерекше мән берілуі тиіс. 


197
Осы деңгейлердің барлығында берілген түпнұсқаны модель-
деу бірде-бір кезеңінде өзі туралы толық білуге мүмкіндік бермеуі, 
мүмкіндігін ескеруге тура келеді. 
Модельдеудің бұл белгісі модельдеу құралы ретінде күрделі 
жүйелер алынған кезде маңызды болады. Таным барысында мұндай 
жүйелер неғұрлым аз немесе көп шындыққа жақын түрлі модель-
дерде бейнеленеді; сонымен қатар модельдердің бірі екіншісіне туыс 
болуы мүмкін, ал кейбіреулері мүлдем әр түрлі болуы мүмкін. Сол 
себепті бірдей құбылыстың түрлі модельдерін салыстыру қажеттігі 
туындайды, ал бұл болса нәтижелілік критерийін идентификаттау мен 
салыстырудың нақты анықталатын критерийлерін құруды талап етеді. 
Жұмыс істеуді модельдеуде оның үдерістері нақты анықталатын 
оқиға немесе үдерістердің тізбектілігі түрінде көрсетілген. Сапа 
менеджментінің математикалық суреттелуі келтіріледі. 
Басқару жүйесінің элементтерін әдетте динамикалық жүйелер 
түрінде сипаттайды, оған классикалық динамикалық жүйелерден басқа 
детерминделген және стохастикалық объекттердің де қатысы бар.
Басқару жүйесінің элементтерінің өзара әрекеттесуі әдетте айныма-
лылар жиынтығы ретінде көрсетіледі және төрт түрлі модель арқылы 
суреттеледі: 
– жұмыс істеуін ескере отырып шығыс айнымалы элементті құру; 
– элементтер арасындағы айнымалы байланыстардың тараты-
луын қамтамасыз ететін айнымалы байланыстар желісі жүйесінің 
элементтерін қиыстыру; 
– элементтер арасындағы айнымалы байланыстардың өзгеруі; 
– айнымалы әсерінен элементтің тәртібі. 
Бірінші және екінші модельді шынайы түрде динамикалық жүйенің 
жұмыс істеу үдерісінің моделіне қосады. Элементтерді байланысты-
руды құру кезінде әдетте элемент шығысын сәйкес айнымалылар-
ды суреттейтін сипаттамалар саны бойынша элементар кірістердің 
жиынтығы түрінде көрсетеді. Айнымалылардың сипаттамалары 
жүйеге бір-біріне сәйкес элементтердің кірісі мен шығысын біріктіруші 
байланысқа тәуелсіз таратылады деп есептелінеді. 
Егер басқару жүйесі тағы да екі немесе одан де көп элементтен 
тұратын жүйелерге бөлініп кетсе, онда әрбір жүйені суреттеу үшін 
байланыстырудың сәйкес бір деңгейлі схемасы қажет; сонымен бірге 
жүйелер арасындағы байланысты суреттеу үшін екінші дейгейді бай-
ланыстыру схемасы қажет. Осы байланыс схемаларының жиынтығын 
жүйелердің екі деңгейлі схемалары құрайды. Ұсақ жүйелер неғұрлым 
үлкен жүйелерде біріккен кезде, байланыстырудың үш деңгейлі схема-
сы құрылады және т.с.с. 


198
Байланыстырудың көп деңгейлі схемалары уақыт бойынша айны-
малы жүйелерде қолданылады, оларды динамикалық жүйелер ретінде 
қарастырса да болады. Сондықтан күрделі жүйеге тапсырмалар 
жиынтығын шешу әдістері мен жолдарын таратуға болады. 
Басқарудың математикалық моделін құру тәсілдері мен оларды зерт-
теу әдістері күрделі жүйелер теориясында қарастырылады. 
Басқару жүйелерін математикалық суреттеу кезінде модель туралы 
айту дұрыс емес және жүйенің күрделілігі жайында қандай мағынада 
болмасын пікір айту дұрыс емес. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі тура-
лы нақты сұрақтарға жауап беруге қабілетті модельдер қатары бар, со-
нымен қатар олардың әрқайсысы модельдеу теориясының 
толықтыру 
ұстанымы
бойынша өзінің математикалық құрылымдары бар. 
Жобалауда модельдеу үшін күрделі жүйелерді математикалық су-
реттеу әдістері кеңінен қолданылады: классикалық талдау, алгебралық 
және топологиялық талдау. Математикалық абстракцияға негізінен 
жиынтықтар теориясы мен олардың элементтері арасындағы қатынас 
тірек болады. 
Ұйымдастырудың нәтижелі әрі пайдалы түрде жұмыс істеуі 
үшін қызмет түрлерінің көптеген өзара байланыстар менджменті 
жүзеге асырып, анықтайды. Кірістерді шығыстарға түрлендіру 
мақсатында басқарылатын және ресурстарды пайдаланатын қызмет 
түрі үдеріс ретінде қарастырылады. Үдерістер жүйесінің модельдеуді 
ұйымдастыруда өздерінің идентификаттауы мен өзара әрекеттесумен 
қолдану, сондай-ақ үдерістер менеджменті 
үдерістік тәсіл
модельдеуі 
болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет