56
3-ТАРАУ.
САПА МЕНЕдЖМЕНТ ЖүйЕСІ ЖАйЛЫ МӘЛІМЕТ
3.1 Сапаны басқарудың тотальды жалпылама жүйесі (TQM) және
қолдану бағыттары
Сапаны тотальды басқару (TQM) дегеніміз – кез келген қажетті
бұйымды (затты) өмірге келтіру барысындағы үдерістердің сапасын
қамтамасыз ету концепциясы.
Бұл концепцияға жан-жақты ойластырылған, сапаны басқарудың
арнайы тәсілдері мен жүйелерінің бұйым шығарудағы барлық
кезеңдерінде қолдану шарт.
Әдетте, бұйым шығарудың аталған кезеңдеріне ғылыми-зерттеу
және құрастыру, саудаға даярлау, қызмет ету және бұйым істен
шыққаннан кейінгі пайдалану мәселелері кіреді. Осы кезеңдердің
бәрінде де басшылық және көптеген өндіріс қызметкерлері өздерінің
техникалық-технологиялық мүмкіндіктерін орынды пайдаланулары
қажет.
Нақтылай айтсақ TQM дегеніміз – қойылатын талаптарға қарай са-
паны, жіктелген мақсаттарды және техникалық шарттарды басқару.
Сүйтіп сапаны тотальды басқару тұйықталған цикл ретінде, сапа
құрылымдарының күллі элементтерін басқару болып шығады. Са-
паны тотальды басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы (3.1-сурет)
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: