6.7.1. Құжаттандыру үдерісі Бұл үдеріс ӨК үдерісінде құрылған ақпаратты құрылымдық түрде
бейнелеу үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс келесі жұмыстардан
тұрады: үдеріске даярлық, жобалау және жасау, шығару, алып жүру.
Олардың көмегімен барлық қызығушылық білдірген тұлғаларға – ад-
министраторлар, инженерлер және басқарушы қызметкерлерге қажетті
құжаттарды жоспарлап, жобалап, жасап, шығарып, дұрыстап таратады
және алып жүреді.
6.7.2. үйлесімділікті басқару үдерісі Үдерістің мақсаты – барлық ӨК аралығында МК жүйесіндегі
жағдайды (базалық желінің) белгілеу, анықтау және орнату; объекттердің
шығуы мен өзгерістерін бақылау; объекттердің күйлері мен оларға
өзгеріс енгізу туралы тапсырыс жайлы хабарлау және сипаттау;
объекттердің толықтығын, сәйкестігін және дұрыстығын қамтамасыз
ету; объекттерді сақтау, айналдыру және жеткізуді қамтамасыз ету үшін
әкімшілік және техникалық үдерістердің қолданылуын қамтамасыз ету.
215
Үдеріс келесі жұмыстардан тұрады: үдеріске даярлық, үйлесімділікті
анықтау, үйлесімділікті бақылау, үйлесімділікті бағалау, шығаруды
басқару және жеткізу.