40
дар үшін аралас стратегялар оңтайлы болып табылады, яғни кездейсоқ
таңдалынатын стратегиялар.
Экономикалық, кибернетикалық, техникалық және ұйымдастыру
шараларын математикалық шешу үшін арналған ойындар теориясы
математикалық пәндер теориясының классикалық математикалық тео-
рияларына келтірулері мүмкін. Онда жүйелік түрде ықтималдылық тео-
риясы, математикалық статистика, зерттеу аппаратының математикалық
операциялары қолданылады. Ойындар теориясы экономикада кибер-
нетикада әскери істе қолданылады. Тәжірибелік қолданыстың негізгі
қиындықтары ол арқылы модельденетін іс-әрекеттердің әлеуметтік
және экономикалық табиғатымен және осындай модельдерді сандық
деңгейде көрсетудің толық меңгерілмегендігіне байланысты.
Желілік жобалау және басқару әдісі
Соңғы кездерде кәсіпорынның жергілікті және ғаламдық бизнес
үдерістерін басқаруды жеңілдететін екі әдіс дайындалған. Екі әдісте
шешім қабылдаудағы көмек болып саналады және басқаруды жүзеге
асырудың күнтізбелік графигін орындауға қажетті уақыт пен ресурсты
анықтауға мүмкіндік береді.
Локальді бизнес-үдерістерді басқару әдісі сүйенетін көптеген
түсініктер ғаламдық әдісте қолданылатын түсініктермен сәйкес келеді.
Екі әдістің де негізінде қандай да бір операцияның басталуы мен аяқталу
моменті жайлы түсінік бар. Жалпы жағдайдың өзіне уақыт та, ресурста
жұмсалмайтындығын ескере кетуіміз керек.
Қысқартылған жол әдісін іске асырудың басты кезеңі басқаруды
жүзеге асырғаннан кейін болатын іс-әрекеттер тізбегі құру және оларды
логикалық тізбек бойынша реттеу.
Ғаламдық бизнес үдерісті басқару әдісі қысқартылған жол әдісінің
кеңейтілген нұсқасы болып саналынады. Онда операцияның созылу
ұзақтығын бағалау кезінде ықтималдылықтар қолданылады; әрбір опе-
рация үшін оның ұзақтығының үш бағасы беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: