148
5.4 Корреляциялық және регрессивтік талдау
Өндірістік үдерісте әр түрлі факторлардың арасындағы тәуелділікті
өте жиі анықтау қажет болады. Мұның өзінде осы байланыс
болғанымен оны анықтау өте қиын, өйткені үдеріске біз ескермейтін
үдерістер де ықпал етеді. Өндірістік практикада үдерістердің
арасындағы байланыс функционалдық детерминацияланған (айқын)
емес көбінесе стохастикалық (кездейсоқ немесе нақты айтатын
болсақ анықталмаған) сипатта болады. Статистикалық стохастикалық
тәуелділік корреляциялық деп аталады. Осы тәуелділік бір белгі
біз анықтаған факторға ғана емес, сонымен бірге бірқатар басқа
кездейсоқ ескерілмегенін факторларға тәуелді болғанда туындайды.
Корреляциялық байланыстың түрлері әртүрлі, желілік және желілік
емес, оң және теріс болуы мүмкін. Корреляциялық тәуелділіктің
сипаттамасын анықтау үшін корреляциялық талдау қолданылады.
Корреляциялық талдауда шашыраңқылық диаграммасы кеңінен пай-
даланылады.
Достарыңызбен бөлісу: