253
Аутосомалар
– жыныс хромосомаларынан (Х жəне У) басқалары осы-
лайша аутосомалар деп аталады.
Ахандроплазия
– аутосомалық-доминатты ауру. Сүйек жүйесінің ақауы
(өспеуі жəне қисық болуы).
Бактериофаг
– бактерияда тіршілік ететін вирус.
Бивалент
– диплоидты организмнің мейоздық бөлінуі кезіндегі
конъюгацияланушы екі гомологтық хромосомалар. Қалыпты жағдайда
биваленттердің саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығы санына тең
болады. Мысалы: адамда 2n=46, n=23, демек 23 бивалент түзеді.
Биометрия
– математика əдістерінің биологияда қолданылуы. Популя-
цияны сипаттауда жиі қолданылады.
Биотип
– генотиптері бірдей дарабастардың жиынтығы.
Брахидактилия
– аяқ-қол саусақтарының қысқа болуы. Аутосомалық-
доминатты тұқым қуалайтын ауру.
Будан
– генетикалық өзгеше ата-аналар формаларын шағылыстыру
нəтижесінде алынатын дарабас.
Будандастыру
– бір немесе бірнеше белгілері, аллельдері мен гендері,
хромосомаларының құрылысы бойынша өзгеше өсімдіктерді немесе жану-
арларды шағылыстыру.
Вариация
– дарабастар арасындағы немесе олардың сандық, сапа лық
белгілері арасындағы өзгешеліктердің (айырмашылықтардың) көрінуі.
Варината
– вариацияланатын белгінің жеке мағынасы.
Достарыңызбен бөлісу: