9
Хромосомалық гипотезаға бір қадам ғана қалды. Оны
У.Сэттон Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдылықтары мен
хромосомалардың өте параллель тұрғандығына көңіл аудара оты-
рып айтты. 1903 жылы У.Сэттон Мендель заңдылықтары қайтадан
ашылғаннан кейін ғана мендельдік факторларды хромосомаларға
орналастырды.
Тұқым қуалау құбылысы туралы ұғымның қалыптасуына
неміс биологы А.Вайсманның онтогенез барысында қалыптасқан
белгілердің тұқым қуаламайтындығы, ұрық жасушаларының
автономдығы туралы, мейоз барысында
хромосомалар санының
редукциясы түр хромосомалары жиынтығының диплоидтық
тұрақтылығын сақтап тұру үшін жəне комбинативтік өзгергіштіктің
негізі деген ойлары үлкен үлес қосты.
ХХ ғасырдың басында 1901 ж. Голландия ғалымы Г. Де Фриз
мутациялық өзгергіштік теориясын ұсынды, ол теория бойынша
ағзалардың тұқым қуалайтын қасиеттері мен белгілері константты
емес, олар тұқым қуалау бірліктерінің мутацияға ұшырауына бай-
ланысты кенеттен өзгере алады деген ойды айтты. Г.Де Фриздің
мутациялық теориясы орыс ботанигі С.И.Коржинскийдің (1861-
1900) гетерогенез теориясымен астарласып жатқан еді.
Сонымен генетиканың əдістемесі гибридологиялық талдау,
цитологиялық əдіс пен мутациялық үрдістер негізінде қалыптасты.
Тұқым қуалаумен өзгергіштікті зерттеудегі классикалық генетика-
ның негізін қалаған осы үш əдіс қазіргі күнге
дейін өзектілігін жо-
ғалтқан жоқ, басқа да жаңа əдістермен толығып дамып келе жатыр.
Генетиканың дамуындағы басты кезеңдердің бірі, генетиканың
жаңа зерттеу нысаны болған
Drosophila melonagaster
мен жасаған
тəжірибелерінің нəтижесінде тұқым қуалаудың хромосомалық тео-
риясын ашқан Америка ғалымы, эмбриологы Томас Хант Морганның
(1866-1945) есімімен жəне оның
мектебімен байланысты болып
келеді. Ол өзінің оқушылары А.Стертевант (1891-1970), К.Бриджес
(1889-1938), Г.Меллермен (1890-1967) бірге ХХ ғасырдың 20-жыл-
дары гендердің хромосомада тізбектеле орналасатындығы туралы
теория мен гендер теориясының алғашқы нұсқасын ұсынды. Ген
мəселесі генетиканың басты мəселесі болды. Бұл бағытта қазірдің
өзінде де зерттеулер жүргізілуде.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы келесі еңбектер кеңес
ғалымы Николай Иванович Вавиловпен (1887-1943) де байланыс-
ты, ол 1920 ж. тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологиялық
10
қатары туралы заңын ашты. Бұл заң жақын туыстар мен түрлердің
өзгергіштігінің параллельдігі туралы көптеген мəліметтерді жинап
генетикамен систематиканы нық байланыстырды.
Мутациялық теория үрдісі 1925 жылғы индукциялық мута-
генез ғылыми жаңалығымен толыға түсті. Кеңес микробиолог-
тары Г.А. Надсон мен Г.С.Филлипов 1925 ж.
төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтарға радиоактивті сəулелердің мутациялық əсер
ететіндігін байқаған. 1927 ж. америкалық ғалым Г.Меллер дро-
зофила шыбынымен тəжірибе жүргізіп радиоактивті сəулелердің
мутациялық əсерін көрсетсе, келесі бір америка биологы Дж.Стадлер
(1927) сол құбылысты өсімдіктерден де байқаған.
Индукциялық мутагенез құбылысын қолданып 1929 ж.
А.С. Серебровский (1892-1948) бастаған кеңес ғалымдары
Dro-
sophila melonagaster
-дің гені күрделі құрылымды екендігін алғаш
рет анықтады.
1919 ж. Ю.А.Филипченко (1882-1930) Петроград университе-
тінде ТМД-дағы алғаш генетика кафедрасын құрды, ал 1920 ж.
соның жанынан Петроград университетінің Петергоф жаратылыста-
ну ғылымдары институтында ғылыми зерттеу жұмыстары зертха-
насын ұйымдастырды. 1929 ж. ол бірінші «Генетика»
оқулығын жа-
зып шықты, бұл кітабында бұрын жазылған «Өзгергіштік жəне оны
зерттеу əдістері», «Тұқымқуалаушылық» атты кітаптарын біріктірді.
Ю.А.Филипченко қайтыс болғаннан кейін «Жұмсақ бидайдың гене-
тикасы» атты кітабы шықты, ол өсімдіктерді генетикалық талдау -
да ғы алғашқы əдістемелік еңбек болды. 1921 ж. академик
Ю.А.Филипченко Ғылым академиясының Жаратылыстану өндіріс -
тік күштер комитеті жанынан алғаш рет зертхана ұйымдастырды,
кейін ол Генетика институтына айналды. Бұл институтты
Ю.А.Филипченко қайтыс болғаннан кейін Н.И.Вавилов басқарды.
1930 ж. А. С. Серебровский Москва университетінде генетика
кафедрасын ұйымдастырды. Осы жерде
ғалым өзінің жануарлармен
ғылыми зерттеу жұмыстарын оқытушылық қызметімен қатар алып
жүрді. 1948 ж. «Генетикалық талдау» атты еңбегін аяқтады, ол 1970
ж. жарыққа шықты.
1932 ж. Ленинград университетінде өсімдіктер генетикасы ка-
федрасы ашылып, оны Г.Д.Карпеченко (1899-1942) басқарды. Бұл
ғалым өсімдіктердің əртүрлі түрлерінің геномдарын біріктіруге
болатындығын тəжірибе жүзінде көрсетті. Сол арқылы өсімдіктерде
түр түзудің тағы бір жолы ашылды.
11
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ірі ғылыми-зерттеу орталықтар-
дың бірі болып 1916-1917 жылдары Н.К.Кольцов (1872-1940) құр -
ған Москвадағы эксперименттік биология институты саналды.
Өзінің негізгі жұмыстарын С.С.Четвериков (1880-1959) осы инсти-
тутта атқарды, 1926 ж. тəжірибе жүзінде мутациялық үрдістердің
табиғи популяцияларға əсерін көрсетті.
40-жылдары Дж. Бидл (1903 жылы туылған) мен Э.Тэйтум
(1909-1975) биохимиялық генетиканың негізін қалады. Олар нан
саңырауқұлағында
Neurospora crassa
мутациялар
жасушалық
метоболизмнің əртүрлі кезеңдеріне блокада жасайтындығын
анықтады, яғни гендер ферменттердің биосинтезін бақылайды деген
ұсыныс жасады.
1944 ж. америкалық О.Эвери, К.Мак-Леод, М.Мак Карти пнев-
моккок микроағзаларының белгілерін трансформациялаудағы ну-
клеин қышқылдарының рөлін анықтады. Олар трансформация
жасайтын агенттерді ДНҚ молекуласымен ұқсастандырды. Бұл
молекулалық генетиканың дами бастағандығының көрінісі еді.
ДНҚ молекуласының құрылымын ашқан америка вирусологы
Дж.Уотсон (1928 жылы туған) мен ағылшын физигі Ф.Крик (1916
жылы туған) болды, олар 1953 жылы ДНҚ полимерінің құрылымдық
моделін жария етті.
Генетиканың қысқаша даму тарихын келесі кестеден қарастыруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: