Вариациялық қатар – зерттелетін белгінің мəндеріне сəйкес кластарға
үлестірімі. Белгінің сипаттамаларын анықтау үшін құрастырылады.
Вирус – нуклеин қышқылдары мен (ДНҚ немесе РНҚ) белоктардан
тұратын жəне жасуша қожасының ішінде көбейетін инфекциялы ағза.
Галактоземия – галактозаны глюкозаға ыдырататын ферменттің
мутациялық жетімсіздігінен көмірсу метаболизмінің бұзылуы. Баланың
ой-əрекеті біртіндеп төмендейді. Баланы емдеу үшін құрамында лактоза
жоқ диеталық тағаммен қоректендіреді.
Гамета – хромосома саны бойынша гаплоидты жыныс жасушасы.
Гаметалар тазалығының гипотезасы – гетерозиготалы дарабастар дың
əртүрлі гендерінің гаметалары жеке (таза, яғни дискретті) күйде болуы.
Гаметогенез – гаметалардың түзілу үдерісі.
Гаплоид – жасушалары бір ғана геномнан тұратын, яғни əрбір хромо-
сома тек бір рет қана кездесетін ағза. Бұл дарабастардағы хромосомалар
жиынтығы гаплоидты деп аталады да, оны «n» символы арқылы белгілейді.
Гаплотип – тіркескен локустар аллельдерінін комбинациясы. ДНҚ-ның
дəл сол молекуласындағы нуклеотидтердің белгілі жүйелік комбинациясы.
254 Гемизигота – гетерогаметалы жыныстың генотипінде жалғыз күйде
болатын ген.
Гемиглобинопатиялар – гендік мутация нəтижесінде гемоглобиннің
қалыпты құрылысының өзгеруі салдарынан пайда болатын (орақ пішінді
жасушалық анемия).
Гемофилия – қанның ұйымауы. Аурудың гені (рецессвиті) Х – хромо-
сомада орналасқан.
Ген – ағзаның белгілері мен қасиеттеріне өзіне тəн ерекшелікпен əсер
етуші, белгілі бір функциясы бар, хромосоманың кішіректеу учаскесі.
Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын
зерттейтін биологиялық ғылым.
Гендер ағыны – дарабастардың миграциясы арқылы популяциялар
арасындағы гендердің алмасуы.
Гендер банкі (кітапханасы). Рекомбинатты ДНҚ негізінде алынған осы
ағзаның гендер жиынтығы.
Геном – өздерінде орналасқан гендерімен қоса хромосомалардың
гаплоидтық жиынтығы.
Ген-оператор – іске қосушы жəне үзіп тастаушы механизм ретінде
қызмет атқарушы ген. Реттеуші геннің (ген-регулятор) əсерімен белгілі
белоктардың, ферменттердің синтезделуін іске қосады немесе үзіп
тоқтатады.
Ген – ингибитор-фенотипке тікелей əсер етпейтін, бірақ басқа аллельді
емес геннің істерін тежейтін ген.
Генетикалық карта – жеке гендердің хромосомада орналасу схемасы.
Генетикалық рекомбинациялар жəне мутантты сайттардың комплемента-
циялары бойынша тəжірбиелер негізінде жасалды.
Генетикалық талдау – ағзаның тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу
əдістерінің жиынтығы.
Генетикалық жүк – идивидумдардың немесе популяциялардың
бейімделгіштігін азайтатын генетикалық бұзылулар.
Генетикалық код – нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым
қуалау информациясының жазылу жүйесі.
Гендік мутациялар – мутацияға ұшыраған гендердің молекулалық
молекулалық құрылымының өзгеруі.
Гендік топ – тығыз тіркескен гендер тобы, гендер жүйесі. Осы кешенді
жүйенің теңесушілігінің күштілігі сонша, мутациядан өзгерген əр ген бүкіл
жүйеге əсерін тигізеді.
Генотип – организмнің хромосомаларында орналасқан барлық
гендердің жиынтығы.
255 Генофонд – белгілі бір популяцияны құрайтын дарабастардың бəрінің
гендерінің жиынтығы, нəсілдер мен түрлер үдерісінің шешуші негізі болып
табылады.