35-есеп. Мақтаның доминантты В гені талшықтардың қоңыр
түсін, ал b ақ түсін анықтайды. А гені қоңыр жəне ақ түстердің
көрінуін тежейді де, талшықтардың түсі жасыл болады. Ал
рецессивті а гені бояуға ешқандай əсер етпейді.
ааВВ жəне ААbb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырып,
Ғ
1
-де 116 өсімдік, Ғ
2
-де 800 өсімдік алған.
1. Ғ
1
-де қанша өсімдік жасыл талшық болады?
2. Ғ
2
-де қанша фенотип кластары болуы мүмкін?
3. Ғ
2
-де қанша өсімдік ұрпағында ажырамайтын ақ түсті
өсімдіктерді береді?
4. Ғ
2
-де қанша өсімдіктің түсі жасыл болады?
5. Ғ
2
-дегі жасыл түсті өсімдіктерді өздігінен будандастырғанда
ұрпағында ажырамайтын қанша будан бере алады?