Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет23/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

4-сурет
Мейоздың І профазасы, редукциялық бөліну
І анафазада
бір центромераға бекіген екі хромотидтен тұратын 
хромосомалар қарама-қарсы полюстерге тартылады. Митоздың ана-
фазасынан мейоздың І анафазасының басты айырмашылығы осы бо-
лып табылады. Əр биваленттің аталық жəне аналық центромерала-
ры қарама-қарсы полюстерге тарайды жəне олар бір-біріне тəуелсіз 
қозғалады.
Одан əрі қарай центромералардың редукциясы жүреді. 
І телофаза 
ядролық мембрананың түзілуімен жəне ядро құры-
лымының қалпына келуімен сипатталады.
Содан кейін қысқа стадия 
интерфаза
немесе 
интеркинез
бас-
талады. Кəдімгі интерфазадан интеркинездің айырмашылығы сол, 
интеркинезде хромосомалар екі еселенбейді жəне ДНҚ синтезі 
жүрмейді.
Интеркинездің ізінше мейоздың екінші бөлінуі – эвкациялық 
бөліну басталады. Ол бөліну митоз типімен жүреді.
ІІ профазада
хромосомалардың ширатылуы есебімен олар 
жақсы көріне бастайды. Осы уақытта крест пішінді бейнелер пайда 
болады, өйткені апалы-сіңлілі хроматидалар əлі бөлінбеген центро-
мерамен бекініп тұрғандықтан, бір-бірінен тебіліп тұрады. Ядролық 
қабықша, ядрошық жойылады, ұршық тəрізді жіпшелер түзіледі.
ІІ метафазада
митоздық жолмен өтеді. Морфологиялық жағы-
нан митоздық хромосомалардың осы кездегі мейоздық хромосома-
лардан айырмашылығы екі хроматидтен тұратындығы мен тығыз 
ширатылуында. Барлық хромосомалардың центромералары экватор 
жазықтығына орналасады. Полюстен қараған кезде, жасушалардың 
хромосомалар саны гаплоидты. 


44
ІІ анафазада
екі еселенген центромералар бір-бірінен ажырай-
ды, нəтижесінде жаңа түзілген хромотидтер əр полюстерге тарайды.
ІІ телофазада
гаплоидты төрт ядролар түзіледі. Содан соң цито-
кинез жүреді де, нəтижесінде төрт жасуша пайда болады.
Сонымен, екі бөлінуден редукциялық жəне эвкациялық тұратын 
мейоз бастапқы жасушаға қарағанда саны екі есе кем болатын төрт 
жасушаның пайда болуын қамтамасыз етеді. 
Мейоз жасушаның хромосомалар санының редукциясына
n
n

2
негізделген бөліну. Мейоздың биологиялық маңызын 
ең алғаш рет А.Вейсман саралаған, ол мейоз барысында хро-
мосомалар санының редукцияға ұшырауы ұрпақтар арасында 
хромосомалардың тұрақтылығын сақтау деген болатын. Сонымен 
қатар мейоз комбинативтік өзгергіштікті қалыптастыруда маңызды 
орын алады, яғни əртүрлі биваленттер І нафазада бір-біріне байла-
ныссыз ажырайды, бұл ата-аналық хромосомалардың рекомбина-
циясына əкеледі. Мейозда гомогтық хромосомаларының редукция 
үрдісі жүреді. 
Əр ата-анадан келген гаплоидтық гаметалардың ядрода қосылуы 
гомологиялық хромосомаларды қалыптастырады, ал олар аллелдері 
бойынша ажыратылатын болса гетерогаметалардың түзілуіне 
əкеледі. 
Митоз бен мейозды салыстыру кестесінен жасушаның екі 
бөлінуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көруге болады 
(4-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет