165
сыртқы орта факторларын
мутагендер
деп атайды. Мутагендердің
үш түрі кездеседі: физикалық, химиялық жəне биологиялық.
Физикалық мутагендерге
негізінен
радиациялық мутагендер
жатады. Мутагендердің бұл класына негізінен иондаушы жəне уль-
тракүлгін сəулелер жатады. Иондаушы сəулелерге рентген, γ жəне
α-сəулелер, протондар, жылдам электрондар жəне нейтрондар жатады.
Иондаушы сəулелер
өздерінің əсер ету сипатына байланысты
аталады: кез келген заттың электрондарын ұшырып, оларды иондай-
ды. Мұның салдарынан гендік жəне құрылымдық мутациялар пайда
болады.
Жердегі радиацияның фонның қазіргі кездегі деңгейі аса қауіпті
емес. Алайда, иондаушы радиацияның жалпы фонының көтерілуі
доминантты мутация санын жəне осыған байланысты генетикалық
аурулар мен кемістері бар нəрестелердің туу жиілігін көтеріп қана
қоймайды, сонымен қатар əртүрлі генетикалық ауруларды дамы-
татын рецессивті мутациялардың шоғырлануын біршама деңгейге
көтереді. Табиғи жəне жасанды радиоактивтілігі жоғары аймақтарда
мутация жиілігінің жоғары деңгейі байқалады.
Мутагенді иондаушы сəулелер қатарына атом бомбасы жарылу-
ында түсетін радиоактивті шөгінділер жатады. Хиросима мен Нагаса-
киде атомдық жарылысты басынан өткізген адамдарда құрылымдық
мутацияның əртүрлі типтері жоғары жиілікпен кездеседі, олар-
да лейкемия, өкпенің, сүт жəне қалақанша бездің жəне асқорыту
жүйесінің рак аурулары жиі кездеседі. Ядролық қаруды ауада, суда
жəне құрылықта сынау салдарынан радиоактивті шөгінді түсуі
байқалды. Сонымен қатар атом электр станциялары ерекше проблема
туғызуда. 1986 ж. Чернобыль атом электростанциясындағы апаттан
кейін сыртқы ортаға радиоактивті заттардың едəуір мөлшері бөлінді.
Атомдық жарылыс сыналған аймақтарда жəне кейбір жағдайларда
атом электр станцияларының маңында қатерлі ісік ауруларының жиі
байқалатыны дəлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: