Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет143/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

Интеркинез
 – мейоздың бірінші жəне екінші бөлінуі арасындағы не-
месе екі митоз арасындағы жасушаның тыныштық күйдегі кезеңі.
Интрон
 – сплайсинг кезінде транскрипт құрамынан бөлінетін ДНҚ-
ның учаскесі. Нəтижесінде интронның екі жағында орналасқан экзондар 
бірігеді.
Кариотип
 – жануарлар мен өсімдіктердің систематикалық тобының 
дене клеткаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы.
Кариокинез
 – ядроның тікелей жолмен бөлінуі немесе митоз
Клон
 – вегетативтік көбею жолымен бастапқы особтан алынған 
генетикалық тұрғыдан бір типтес ұрпақтардың жиынтығы.
Код
 – бір əліппеден немесе тілден басқасына ақпарат жеткізудің ереже-
лер жиынтығы.
Кодоминанттылық
 – гетерозиготалы ағзалардың фенотипінде екі 
аллельдің бірдей көрінуі.


257
Кодон
 – белгілі бір аминқышқылын полипептидтік тізбекке ретімен 
енуін кодтайтын, үш нуклеотидтен тұратын топ.
Комплементарлы гендер
 – өз алдына жеке-жеке тұрғанда ешқандай 
əсер көрсете алмайтын, ал бірақ қосылып бірге тұрғанда белгілі бір белгінің 
дамуын туғызатын доминанты екі гендер.
Корреляциялық талдау
 – қатыстылық, сəйкестілік (өзара байланыс
өзара тəуелділік) деген мағынаны білдіреді.  Оның мəні белгілердің біре-
уінің орташа шамасы басқасының мəнінің өзгеруіне байланысты ауытқиды.
Критерий
 – алынған гипотеза, күтілетін нəтижелер, т.б. жөнінде 
жасалған қорытындылардың дұрыс екендігіне көз жеткізетін көрсеткіш.
Кроссинговер
 – гомологты хромосомалар ұқсас учаскелер арасындағы 
айқасу.
Коэффициент
 – биометриялық статистикада кейбір қатысты шамалар-
ды арнайы салада белгілеу үшін қолданылатын термин.
Лептотена
 – мейоздың бірінші профазасы стадияларының бірі.
Летальды ген
 – өлім тудыратын ген.
Локус
 – хромосомадағы геннің орналасқан орны.
Мейоз
 – ядроның редукциялық бөліну процесі.
Метафаза
 – митоз бен мейоздың орта стадиясы.
Миграция
 – ағзалардың бір популяциядан екінші популяцияға ауысып 
көшуі.
Митоз
 – ядроның бөлінуі нəтижесінде екі ядро түзіледі.
Моногибрид
 – аллельдердің бір жұбы бойынша гетерозиготалы бола-
тын будан.
Моноплоид
 – тек бір ғана хромосома жиынтығы бар жасуша, ұлпа, ағза.
Моносомик
 – жұп хромосоманың тек біреуі ғана болатын ағза.
Мутаген
 – мутация тудыратын фактор.
Мутагенез
 – мутацияның пайда болу үдерісі.
Мутант
 – бастапқы қалпымен салыстырғанда гендік, хромосомалық, 
геномдық мутацияға ұшыраған ағза.
Мутаторлықген
 – басқа геннің мутациялану жиілігін əртүрлі дəрежеде 
көтеруге қажетті гендер.
Мутация 
– тұқым қуалайтын өзгергіштік.
Мутон
 – мутациялану бірлігі, яғни мутацияға ұшырай алатын геннің 
ең кіші бөлігі.
Нулисомик
 – диплоидты жиынтығында гомологтық хромосомалардың 
бір жұбы жоқ ағза.
Оогенез 
– аналық жыныс жасушаларының толық дамуы.
Орташа шама
 – жалпы жиынтықтағы белгілердің орташа мəнінің 
қандай болатынын көрсететін шама.


258
Орташа шаманың қатесі
 – іріктеген жинақтағы нақты орташа мəні 
мен зерттеу көрсеткішінің арасындағы сəйкессіздікті, айырмашылықты ай-
тады. 
Панмиксия
 – популяция шеңберінде дарабастардың еркін шағылысуы.
Пахитена
 – мейоздың бірінші профазасының стадиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет