Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет15/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg
33552 960345 14
29
2-сурет
Митоз.
 
1– профаза, 2, 3 – прометафаза, 4 – метафаза, 5– анафаза, 
6,7 – телофаза, 8 – жаңа жас жасушалар
Жасуша бөлінбей тұрған кезде, яғни интерфазада, метоболиттік 
үдерістер белсенді түрде жүреді. Соның негізінде жасушаның өсуі 
мен оның келесі бөлінуіне қажетті əртүрлі заттар синтезделеді.
Интерфазаның G кезеңінде жасуша тіршілігі үшін аса қажетті 
заттар – нуклеотидтер, аминқышқылдары, ферменттер, т.б. син-
тезделеді. Бұл ең ұзақ кезең, сонан соң ДНҚ синтезі жүретін – S  
кезеңі келеді. Жасушадағы ДНҚ мөлшері екі есе артады. Осы уақыт 
ішінде басқа да заттар – РНҚ жəне белоктар синтезделеді. Син-
тезден кейінгі G – кезеңінде РНҚ жəне басқа да заттар синтезделе 
береді (2-сурет). Бұл кезеңде жасуша келесі митозға қажетті энергия 
жинақтайды. Осы кезеңде ДНҚ-ның жаңадан түзілген тізбектерінің 
негізінде, жасушада əр хромосоманың екі еселенуі басталады. Ин-
терфаза негізінде хромосомалар белсенді түрде қызмет жасайды 
жəне микроскоппен қарағанда олар көрінбейді. 
Митоздың 
профазасында
 хромосомалар ширатылады, қысқара-
ды жəне жуандайды. Сондықтан олар осы кезеңде бір центроме-
ра арқылы біріккен екі хроматидтен тұратын құрылым ретінде 
көрінеді. Бұл жасуша циклінің интерфазасының S кезеңінде 
болған репликацияның нəтижесі, яғни хроматидтер интерфазадағы 
хромосомалардың екі еселену үдерісінде пайда болады. Хромотидтер 


30
бір-біріне тығыз жақындаған жəне ширатылған. Профазаның соңына 
қарай жанасу əлсірейді де, ядрошықтар жойылып, ядролық мембрана 
ериді, сөйтіп хромосомалар цитоплазмада жатқандай болып шығады. 
Осы уақыт профазаның аяқталғанын білдіреді. Жасушада бөлінудің 
арнайы механизмі болады. Профазаның басында хромосомалар бүкіл 
ядро бойынша біркелкі таралады, ал профазаның соңында ядролық 
мембранаға жақындайды. Жіпшелердің күшті ширатылуына байла-
нысты хромосомардың ұзындығы біршама қысқарады.
Ядролық мембрана еріген соң хромосомалар экватор бағытына 
қарай жылжиды. Митоздың бұл стадиясы 
прометафаза
 деп ата-
лады. Хромосомалардың жылжуы центромера учаскелеріне 
бекіген 
ахроматин жіпшелері
 (ұршық тəрізді) арқылы жүзеге аса-
ды. Прометафаза хромосомалар экватор жазықтығына жеткенде 
аяқталады, яғни барлық хромосомалардың центромералары эк-
ватор жазықтығына жеткен кезде, жасуша 
метафаза
 стадиясына 
көшеді. Егер осы стадиядағы  жасушаны микроскоппен қараса, онда 
барлық хромосомалардың бір жазықтықта орналасқандығын жəне 
экваторлық немесе 
метафазалық пластинка
 деп аталатын құрылым 
түзілетінін жақсы көруге болады. Ұзын хромосомалар V əрпі тəрізді 
бүктетілген жəне метафазалық пластинканың ортасын көрсетеді, 
онда боялмаған бірінші тартылыс немесе центромера көрнеді. Сол 
центромераға ахроматин жіпшелері келіп бекініп, хромосомалардың 
жылжуын қамтамасыз етеі. Осы стадиядағы хромосомалрдың са-
нын есептеу, олардың құрылымын зерттеу жəне мөлшерін анықтау 
жұмыстары оңай жүргізіледі. Метафазалық пластинак – түрдің па-
спорты болып саналады. Метафазада байқалатын хромосомалардың 
саны мен пішіні түрдің 
кариотипін
 сипаттайды. Хромосомалардың 
жұп екендігі анық көрінеді. Жұп немесе 
гомологты хромосомалар
 
əдетте ұзындығы, центромераларының орналасуы жəне тағы басқа 
өзінің құрылымдық ерекшеліктері бойынша бірдей болады. Го-
мологты хромосомалардың зиготаға  біреуі аналық гаметадан, ал 
екіншісі аталық гаметадан келеді. 
Митоздың келесі фазасы – 
анафаза
 бұл, осы уақытқа дейін 
əр хромосоманың екі хроматидасын ұстап тұрған, центромера 
учаскесінің бөлінуімен сипатталады. Осы бөлінудің нəтижесінде хро-
мотидтер хромосомаларға айналады. Екі полюстерден келетін ұршық 
тəріздес жіпшелер хромомсомаларды қарама-қарсы полюстерге тар-
та бастайды. Жасушаның профазасында қанша хромосома болса, 
анафазаның соңында əр полюстерде сонша хромосомадан болады.  


31
Телофаза 
– митоздың ақырғы стадиясы бұл хромосомалардың 
полюстерге толық ажырауымен басталады. Осыдан кейін ин 
тер-
фазалық ядроның реконструкциясы басталады немесе профазада 
болатын барлық үрдістер телофазада да қайталанады, бірақ олар 
керісінше жүреді, яғни ядролық мембрана түзіледі, ядрошықтар пай-
да болады, хромосомалар тарқатылады (деспирализация) жəне олар 
жіңішкеріп ұзара түседі. Микроскоппен қарағанда қайтадан тек тор 
құрылым көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет