Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет34/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

)
.
6-сурет
Талдаушы будандастыру (бұршақтың гүлінің түсі бойынша)


70
Кодоминанттылық 
– гетерозиготаларда əртүрлі екі геннің 
де белгінің дамуына əсері. Адамның қан тобы мен ақуызының 
көптеген типтері кодоминантты тұқым қуалайды. Мысалы, адамда 
рецессивті ауру – 
орақ пішінді жасушалық анемия 
кездеседі. Ауру 
баланың эритроциті орақ немесе жарты айшық тəрізді болып келеді, 
ал қалыпты эритроциттің екі жағы ойыс диск сияқты. Фенотипі 
қалыпты гетерозиготалы дарабас эритроциттері аралас гемоглобин-
дерден (қалыпты жəне кеміс) тұрады; кеміс гемоглобин мөлшері 
45%-ға жетуі мүмкін.  
Сонымен, доминанттылық пен рецессивтілік – гендердің 
абсолютті емес, салыстырмалы қасиеті. Мысалы, эпикантус (көздің 
ішкі бұрышы үстіндегі қатпар) монголоидтарда доминантты, ал не-
гроидтарда рецессивті тұқым қуалайды.
Толымсыз доминанттылық
.
 
Мендельдің бұршақпен жүргізген 
тəжірибелерінен байқалған доминанттылық құбылысын 
толық 
доми нанттылық 
деп қарастыруға болады. Егер F
1
-дегі будандар-
дың белгілері ата-аналық формалардың ешқайсысына толық 
ұқсамай аралық сипатта болса, оны 
толымсыз доминанттылық 
деп атайды. 
Толымсыз доминанттылықта бірінші ұрпақ Мендельдің І заңына 
сəйкес генотип бойынша біркелкі, бірақ белгінің көрінісі аралық 
сипатта болады: Гетерозиготалы (Аа) бірінші ұрпақтың əртүрлі 
гендері бір-біріне басымдық жасамайды. Екінші ұрпақта фенотиптің 
ажырауы генотиптің ажырауына дəл келеді: 1:2:1, себебі АА жəне 
Аа генотиптерінің фенотиптік көрінісі əр түрлі болады. Мысалы, 
гүлінің күлте жапырақшаларының түсі ақ (аа) жəне қызыл (АА) на-
мазшам немесе түн аруы өсімдігін будандастырғанда, Ғ
1
-дің барлығы 
қызғылт (Аа) гүлді болып шықты. Бірінші ұрпақ Мендельдің I 
заңына сəйкес біркелкі, бірақ фенотипі бойынша аралық сипатта, 
ал екінші ұрпақтың арақатынасы 1 қызыл (АА ) : 2 қызғылт (Аа) 
:1 ақ (аа) болады (7-сурет). Жалпы толымсыз доминанттылықты 
белгілердің қарапайым аралық көрінісі емес, жұп гендердің өзара 
ерекше əрекеттесу нəтижесі деп түсіну керек. Мысалы, қара жəне 
ақ құстардан алынған андалузия тауығының көгілдір түсі жаңа фе-
нотип пайда болғандай əсер береді. Алайда андалузия тауығы (Аа )
 
шынында қара, бірақ оның қауырсынының боялуы төмен, сондықтан 
да көгілдір түстің əсерін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет