102
Белгілердің ажырауын аз санды будан ағзалардан анықтаса, онда
тəжірибеде алынған қатынастардың теорияда күтілетін қатынастан
үлкен айырмашылығы болады. Сондықтан тəжірибе жүзінде
алынған ажырау мен теориялық күтілімнің арасын жақындатудың
маңызды шарты тəжірибедегі талданатын іріктемелердің көлемі
болып есептеледі. Зерттеуші будан ағзалардың саны көбейтілсе, ол
қатынастар бір-біріне жақындай түседі, бірақ олардың біртіндеп
сəйкес келуі өте сирек болады. Дəл осы айтылғандарды Мендель
тəжірибелерінен де табуға болады. Мендель, жоғарыда айтылғандай
сары жəне жасыл тұқымды бұршақ сорттарын будандастырып,
будандардың бірінші ұрпағын алды. Сол өсімдіктердің сары
тұқымдарынан будандардың екінші ұрпағынан 258 өсімдік өсіріліп,
олардың əрқайсысында пайда болған сары жəне жасыл тұқымдарды
санады. 14-кестеде он өсімдіктен тəжірибе жүзінде алынған сары
жəне жасыл тұқымдардың ажырауының арақатынасы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: