105
Сонымен қатар бұл геннің көрінісіне кейбір оған аллельді емес
гендердің де, атап айтқанда
модификатор гендердің
əсері болады.
Дрозофиланың түрлі линияларында ондай модификаторлардың
əртүрлі жиынтықтары болады жəне
vti
гені бойынша гомозиго-
талы шыбындардың түрлі линияларында тіпті бірдей температу-
ра жағдайының өзінде əртүрлі мөлшерде көрініс береді (40%-дан
100%-ға дейін). Модификатор гендердің біреулері негізгі геннің
қызметін атқаруы мүмкін, оларды
интенсификаторлар
дейді,
ал басқалары керісінше кемітіп жібереді, оларды
басымдылық
көрсетуші гендер
деп атайды.
Белгінің айқын көріну шамасы сыртқы орта мен ген-
модификаторларға байланысты екенін дəлелдеу үшін тағы да мы-
салдар келтірейік. Мысалы,
vgvg
(қанатының жұрнағы ғана бар)
аллелі бойынша гомозиготалы дрозофила шыбынында бұл белгі тек
төменгі температурада ғана айқын көрінеді. Сол дрозофиланың басқа
бір белгісі (
еуеу
) – көзінің жоқтығы олардың көз фасеткаларының
саны жабайы шыбындардың көз фасеткаларының санына 0-ден 50%
шамасында ғана болуына байланысты. Осындай құбылыста өзгеріп
отыратын белгілердің көрініс беру деңгейін
экспрессивтілік
деп
атайды. Экспрессивтілік əдетте белгінің ағзаның жабайы түрінен
қаншалықты ауытқығанын көрсетеді.
Гендердің толық көрініс бермеуі ажырау кезіндегі фенотиптік
кластардың сандық арақатынасына да əсер етуі мүмкін. Деген-
мен осы тарауда мысал ретінде қаралған гендердің толық көрініс
бермеуі кезіндегі белгілердің тұқым қуалауы Мендель заңдарына
толық бағынады.
Достарыңызбен бөлісу: