Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Тақырып.  Дүние жүзі тілдерінің топтастырылуы (классификациясы)



Pdf көрінісі
бет44/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

4 Тақырып. 
Дүние жүзі тілдерінің топтастырылуы (классификациясы)
_________________________________________
4.1.  Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы
Дүние жүзіндегі тілдер өте көп, олардық санын нақты айта 
алмаймыз. “Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” 
(“
The  Іnternatіonal  Encіclopedіa  of  Lіnguіstіcs
”,  1992)  дерегі 
бойынша, дүние жүзінде 1970-1980 жылы 6604 тіл (оның ішінде 
300  өлі  тіл)  болса,  ал  “Әлем  тілдерінің  атласы”  (“
Atlas  of  the 
World’s Languages
”, 1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 
20  ғасырдың  90-жылдарында  дүние  жүзінде  6  мыңдай  тіл 
бар  деу  шындыққа  неғұрлым  сай  келеді.  Дегенмен,  ғылымда 
Дүние  жүзі  тілдердінің  ұзын  саны  3000-нан  10000-ға  дейінгі 
аралықта деген тұжырым да жоқ емес.  Олар: тайпа тілдерін де, 
халық тілдерін де, ұлт тілдерін де қамтиды. Кейбір тілдер кең 
қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне, мәселен, біріккен 
ұлттар  ұйымының  ресми  тілі  дәрежесіне  дейін  жеткен.  Олар: 
қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері. 
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан 
топтастырады:  Тілдің  шығу  тегі  тұрғысынан,  яғни  туыстығы, 
бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан топтастыру 
-  тілдердің    генеалогиялық  топтастырылуы,  шығу  тегіне 
байланыстырылмай,  грамматикалық  құрылысы  мен  типінің 
ұқсастығы тұрғысынан топтастыру  – тілдердің типологиялық  
топтастырылу деп аталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет