–
16
–
Салғастырмалы тіл білімі
Жаңа ғасыр таңында тілдің мәдени, этнолингвистика лық,
ұлттық, аспектілеріне қызығушылықтың артуына байланысты
тілдерді типологиялық тұрғыдан салыстырмалы және
салғастырмалы түрде тереңірек әрі жүйелі зерттеу қажеттігі туып
отыр. Өйткені, құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыра зерттеу ол
тілдердің ұлттық ерекшелігін, құрылым-құрылысын танып білуге,
сол тілдерде сөйлейтін ұлттардың дүниетанымы мен болмысын,
тұрмыс тіршілігін, менталдық айырмашылығын жақынырақ
тануға мүмкіндік береді. Әрине, тілдердің ерекшеліктерімен бірге
олардың өзара ұқсастықтары, сәйкестіктері де болуы мүмкін. Біз
мұны тек әртүрлі құрылымды тілдерді салыстыра және салғасты-
ра зерттегенде ғана анықтай аламыз.
Тілдерді бір-бірімен салғастырғанда, бұған дейінгі тіл
білімінде олардың жеке бірліктерінің тұлғаларын, ерекшеліктері
мен ұқсастық қасиетерін негізге ала отырып, морфологиялық,
синтаксистік,
фонетикалық
деңгейлерінің
мәселелері
қарастырылды, олардың жеке категориялық ерекшеліктері
сарапқа салынды. Осы дәстүр бойынша қазіргі қазақ тілі
көпшілік жағдайда орыс тілімен салғастырыла зерттеліп, орыс-
қазақ тілдерінің салғастырмалы грамма тикасы жасалды.
Кейінгі жылдары, ұлтаралық қатынастардың дамуына
байланысты, әр-түрлі тілдік топтарды және құрылымы жағынан
мүлдем алшақ тілдерді типологиялық тұрғыдан зерттеу дәстүрге
айналды. Ғылыми ізденістер тіларалық сәйкестіктердің
теориялық негізінің жасалуына үлкен үлес қосты. Дегенмен
бұл проблеманың тіл ғылымының кейінгі жетістіктері
тұрғысынан әлі де нақтылай, жүйелей түсетін тұстары жоқ
емес. Мәселен, соңғы кездегі лингвистикалық зерттеулерде
қайсыбір тіл құбылысын жаңаша зерделеу, бұрынғы дәстүрлі
әдістен шығып, өзгешерек түсіндіру бағыты байқала бастады.
Мұндай жаңа нышан құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық
жағынан зерттеу мәселесінде де сезіледі. Тіл ғылымындағы
бұл ерекшелікті ескермейінше құрылымы алшақ тілдерді
салғастырғанда, ол тілдердің ішкі жүйесінің заңдылықтарын да,
олардың грамматикалық табиғатын толық тану, жете сипаттау,