–
34
–
Салғастырмалы тіл білімі
жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне
салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен
қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Гримм өзінің еңбектерінде
тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл
бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық
жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-
құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының
табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді. Гримм тіл тарихының
қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын
зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Ф.Бопп
еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалытарихи
тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі
ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы
грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: