Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет38/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
бірге,  әр  басқа  негізден  тараған  тілдерді  де  қоса  зерттейді. 
Бұл  жерде  басты  көңіл  аударатын  мәселе,  туыс  тілдерді 
салыстырғандағыдай материалдық форманың ортақтығы емес, 
туыстығы  алыс  тілдер  арасындағы  семантикалық  жақындық, 
белгілі  бір  морфемалардың  функцияларының  ортақтығы 
болып табылады. Мысалы, құрылымы әртүрлі тілдердегі өздік 
есімдіктер  жүйесі  немесе  морфемалардың  суффиксальдық 
жүйесі жеке типологияның зерттеу нысаны болуы мүмкін.
Алдына  қойған  нақты  мақсат-міндеттерге  байланысты 
жеке типология белгілі тілдер мен тілдік топтардың құрылымын, 
сонымен  қатар,  жеке  тілдер  жағдайының  тарихи  өзгерістерін 
оқып,  зерттейтін  тарихи  және  диахрондық  типологияны 
біріктіреді.  Мысалы,  жеке  типология  тілдердің  синтетикалық 
типтен аналитикалық типке өтуін де, тіл тарихындағы белгілі 
бір  сөз  табының  өткені  мен  бүгінгі  сипатын  көрсететін 
грамматикалық категориялардың өзгерісін де қарастырады.
Лингвистикада  салыстырылатын  материал  жөнінде 
мынадай екі пікір бар: 1.Бүкіл тіл жүйесі бойынша салыстыру. 
2.Аспект бойынша салыстыру. Аспект бойынша салыстыру тіл 
жүйесінің (фонетика, грамматика, лексика сияқты) белгілі бір 
жағын ғана қарастырады, мысалы, тек категориясы, септіктер 
жүйесі,  сөз  таптарының  жүйесі  т.б.  Бүкіл  жүйе  типологиясы 
тілдерді салыстыра отырып, олардың типін басым белгілерінің 
ортақтығына қарай белгілейді;  тілдердің типін өзара байланыс-
ты  тіл  бірліктері  мен  құбылыстарының  ерекшеліктерінің  
негізінде  анықтайды.  Мәселен,  Ч.Е.  Базел  тілдердің  типін 
зерттеу  тілдің белгілі бір аспектісіне бағытталуы тиіс екендігін, 
сонан соң  олардың негізінде екі не бірнеше тілді салыстыруға 
болатынын айтады / Ч.Е Базел/. 
Ал  бүкіл  тіл  жүйесі  бойынша  салыстыру  тіл 
құрылымының  кейбір  аспектілерінің  (мысалы,  сөз  тіркесінің 
құрылысы, сөздің морфологиялық және мағыналық жағындағы 
өзара байланысы) бір-біріне тәуелділігінен шығады. Осындай 
жағдайларға  сүйеніп,  тіл  ғалымдары  бір  тілдің  ерекшелігін 
ашуға  тырысады.  Қандай  да  болмасын  екі  тілді  (тегі  басқа, 


– 
56 

Салғастырмалы тіл білімі
тектес,  т.б)    салыстыруда  универсалды,  жалпы,  типті  және 
дербес белгілерді табуға болады.
Профессор  Э.Д. Сүлейменова  құрылымы әртүрлі    тіл дер-
ді лингвистикалық тұрғыдан сипаттағанда мына мәселелердің 
ескерілуін  айтады:  а)  екі  тілге  ортақ  жалпы  (универсалды) 
терминдер мен ұғымдар және  категориялардың болуы  шарт; 
б) әртүрлі тілдік фактілерді бағамдаған кезде ортақ әдістер мен 
айырым белгілердің (критерийлер) пайдалануы шарт. 
Контрастивті  лингвистикада  қолданылатын  терминдер, 
екі тілде бірдей қолданылуы міндетті. Әйтсе де, әрбір термин 
тілдегі жалпы белгілерді біріктірумен қатар, әр тілдің өзіне ғана 
тиесілі  ерекшелікті  білдіретін  белгілерді  қоса  көрсетеді.  Осы 
шарттар орындалған кезде ғана тілдерді салғастыру мүмкіндігі 
туады / Э.Д. Сүлейменова/.
Типология  зерттеу  нысанына  қарай  жеке  және  жалпы 
типология  сабақтастығына  құрылғанын  ескерсек,  жалпы  мен 
жалқының  байланысы  қазіргі  зерттеулердің  өзегіне  айналып 
отыр. Жеке типология – бір тілдің құрылымдық ерекшеліктерін, 
жүйелік  нормаларын  сипаттай  отырып,  бір  немесе  бірнеше 
халықтар  үшін  маңыздылығын  анықтауға  бағытталса,  жалпы 
типология  –  барлық  тілдерге  ортақ  болатын  қалыптасу,  даму 
ұстанымдарын  сұрыптауға  негізделеді.  Жеке  типологияның 
дамуы  арқылы,  салғастырмалы-типологиялық  зерттеулер 
негізінде  қалыптасқан  жалпы  типологиялық  мәселелер 
тілдерге  тән  толып  жатқан  ортақ  сипаттардың,  универсалды 
құбылыстардың  табиғатын,  себеп-салдарын  ашуды  мақсат 
етеді.  Соның  нәтижесінде  лингвистикалық  әр  деңгейдің  өз 
даму  принциптерін  сұрыптауға  болатын  ұстанымдар  желісі 
анықталып,  жалпы  ереже  –  «тіл  атаулының  барлығына  ортақ 
жалпы  заң»,  жалқы  ережелер  -  әрбір  тілдің  өзіндік  даму 
ерекшеліктерін  сипаттайтын  нормалар  болып  есептеледі.  Екі 
бағыттың да типологиялық тіл білімі үшін маңызы зор. Өйткені 
кез  келген  тілдің  «қоғамдық  құбылыс  ретіндегі  жалпы  адам 
баласының  тілін  сипаттайтын  жалпы  заңдылықтармен»  қатар 
«нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны басқа тілдерден бөліп қарауға 


– 
57 

Есеналиева Жанар
мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігі» орын 
алады.  Сондықтан  бүгінгі  күні  жеке  тілдік  фактілерді  жалпы 
тіл табиғаты негізінде талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді 
жалғасы болып табылады.    
Универсалды  типология  жеке  тілдер  типологиясынан 
бөлек тұрған нәрсе емес.  Ол сол жеке тілдер типологиясының 
тұжырымдарына негізделеді. Басқаша айтқанда, жеке тілдерді 
зерттеуден туған қорытындылар жалпы типологияға материал 
болады.  Ал  тіл  білімінің  жеке  тілдерді  зерттейтін  саласы  өз 
зерттеулерінде универсалды типология жасаған тұжырымдарға 
сүйенеді, соларды басшылыққа алады. Бұл - тілдің универсалды 
типологиясы  тілдің  жеке  типологиясымен  тығыз  байланысты 
деген сөз.        
Типологиялық  зерттеулер  тілдің  барлық  деңгейінде 
(фонология,  морфология,  лексика,  синтаксис,  сөзжасам) 
жүргізіледі,  тіпті  онда  сөз  типологиясының  өзі  арнайы  
қарастырылады. Мұндай жұмыстар циклы деңгейлік, аспектік, 
жүйелік типологияны құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет