Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Тақырып.  Тіл біліміндегі салыстырмалы зерттеулердің тарихы



Pdf көрінісі
бет17/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі, 1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі
2 Тақырып. 
Тіл біліміндегі салыстырмалы зерттеулердің тарихы
________________________________________________
2.1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізі
Салыстырмалы-тарихи  тіл  білімі  -  туыстас  тілдерді 
зерттейтін,  туыстық  жақындықтарына  қарай  оларды  түрлі 
семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтарын 
айқындайтын ғылым.  
Тіл  білімі  дамуының  жаңа  дәуірі  тілді  дамып,  өзгеріп 
отыратын  тарихи  құбылыс  деп  таныды,  тілдер  өзара 
туыстас,  төркіндес  болады  деп  біліп,  сол  заңдылықтарды 
ашуға,  зерттеуге  салыстырмалы-тарихи  әдісті  қолданудан 
бастады.  Тіл  туралы  ғылым  тарихында  үлкен  бет  бұрыс  
XIX  ғасырдың  алғашқы  он  жылдығында  орныға  бастайды. 
Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын 
лингвистикалық  ой-пікір  дамуының  заңды,  табиғи  нәтижесі. 
ХҮІІІ  ғ.  соңғы  жартысы  мен  XIX  ғ.  алғашқы  жылдарында 
тіл  ғылымының    даму  қарқыны,  бағыты  жаңа  зерттеу 
әдісінің  қажеттігін  айқын  көрсетті.  Осы  уақыттарда  әр  елде 
салыстырмалы-тарихи  әдіс  негізінде  жазылған  бірнеше 
еңбектер  жарық  көрді.  Осының  негізінде  салыстырмалы- 
тарихи тіл білімі қалыптасты. Өткен ғасырдың бас кезінде әр 
елде  салыстырмалы  тарихи  әдіс  негізінде  жазылған  бірнеше 
еңбек жарық көрді.
1816  жілі  неміс  ғалымы  Франц  Бопптың  санскрит 
тіліндегі  етістіктердің  жіктелу  жүйесін  грек,  латын,  парсы, 
герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра 
зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы 
дәлелденді.  Ол  бұл  тілдерден  жинаған  материалдарын,  иран, 
славян,  балтық  бойы  халықтары,  армян  тілдері  фактілерімен 
толықтыра  келіп,  1883-1849  жылдар  арасында  «Үнді-европа 
тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне 
үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені 


– 
32 

Салғастырмалы тіл білімі
болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі 
етіп  морфологияны  алады  да,  фонетиканы  соған  тәуелді 
жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл  білімі  тарихында  Бопп  салыстырмалы-тарихи 
тіл  білімінің  негізгі  салушы  деп  саналады.  Бопп  еңбектері 
шынында  да,  зерттеу  ісіне  салыстыру  әдісін  қолдану  арқылы 
тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.
Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған 
орасан  мол  фактілерді  бір-біріне  салыстыра  зерттеу  арқылы 
олардың  туыстастығын,  бастапқы  күйін,  шыққан  төркінін 
ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән 
флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды 
көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің 
дамуына ықпалын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет