Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


тақырып.  Тіл біліміндегі салғастырмалы зерттеулердің тарихы



Pdf көрінісі
бет36/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі, 1-тақырып. Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі
3 тақырып. 
Тіл біліміндегі салғастырмалы зерттеулердің тарихы
_____________________________________________
3.1. Салғастырмалы талдаудың негізгі бағыттары
Белгілі бір тілдің жүйесін оқып, үйренуді диалектикалық 
қарама-қайшылықтарға  байланысты  құру  керек.  Себебі  кез 
келген нақты бір тілдің жүйесін сипаттау, жалпы алғанда, тілді 
сипаттау болып табылады. Толығырақ айтқанда, кез келген тілге 
сипаттама бергенде, ол тілдің аумағынан шығып, басқа тілдерді 
де қамтитын кез болады. 
Ғылыми  тіл  білімінің  алғашқы  кезеңдерінің  өзінде-ақ 
ғалымдар тілдерді салыстыра зерттей бастады. Кейінірек әлем 
тілдерінің  шеңбері    кеңеюіне  байланысты  жеке  тілдерді  тек 
қана салыстыру жеткіліксіз болды, күн тәртібінде ол тілдердің 
ерекшеліктерін,  айырмашылықтары  мен  сәйсестіктерін  бір 
жүйеге  түсіру  мәселесі  тұрды.  Осылайша  тілдерді  сипаттау, 
ғылыми классификациялау жолындағы ізденіс базасы кейінірек 
лингвистикада тілдердің типологиясы деп атала бастады.
Әрбір  ғылымның,  пәннің  зерттейтін  нысаны  болатыны 
сияқты универсалды типологияның да, жеке типологияның да 
өз зерттеу обьектілері бар.
Дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ жалпы мәселелер 
бар  ма?  Бар  болса,  олар  қандай  мәселелер?  Дүние  жүзі 
тілдерінің бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар? Бір тілді 
екінші тілден айырып тұратын, сол тілге ғана тән айрықша, төл 
ерекшелік бола ма? Міне, типологияның шешуге тиісті өзекті 
мәселерінің бірі осылар.
Тілдерді  типологиялық  жағынан  оқып,  үйрену  бірімен-
бірі байланысты екі аспектіден тұрады:
1.Тілдерді ерекше белгілеріне қарай бір-бірінен айыру;
2.Тілдерді ортақ жүйелілік сипатына қарай біріктіру.
Бірінші аспект тіл білімінде кең көлемде көрініс тапқан 
деуге болады. Олай дейтін себебіміз, бұл мәселе оқулық ретінде, 


– 
52 

Салғастырмалы тіл білімі
белгілі  бір  тілдің  грамматикасы  ретінде  жеткілікті  зерттелген 
нысан.
Екінші аспектінің жүгі ауырлау. Ол тек тілдің ерекшелігін 
ғана  көрсету  емес,  оның  құрылымын  және  жүйесін  ғылыми 
тұрғыдан сипаттау ғана емес, сонымен қатар, сол тілдерге ортақ 
ерекше жүйелік заңдылықтарды табу, белгілі бір тілдердің тілдік 
механизміне ортақ ерекшеліктер мен сәйкестіктерге қарай әлгі  
тілдерді біріктіру болып табылады.
Типологияның  дамуының  алғашқы  сатысында  белгілі 
бір  тілдер  арасындағы  туыстық  қатыныстарды    айыра  білу 
талабы  тұрды.  Бұл  құрылымдық  ұқсастықты  бір  негізден 
тараған  туыстас  тілдердің    яғни  шығу  тегі  жағынан  жақын 
тілдердің  арасындағы  фонологиялық,  морфологиялық  және 
грамматикалық  ерекшеліктерді  зерттеумен  айналысу  кезеңі 
болды.  Тілдердің өзімізге белгілі генетикалық типологиясының 
бастамасы  осы  болатын.  Дегенмен,  бір-біріне  жақын,  туыс 
тілдерді  лингвистикалық  талдау  тіл  білімінің  алдына  басқа 
мәселені қойды. Ол - ареалды типология туралы ұғым.
Ареалды  типология  тек  кейбір  мақсат  пен  міндеттерді 
ғана орындады. Себебі жақын және алыс ерекшелігіне қарай, 
ареалды  типология  тілдерді  кейде  аймақ  бойынша,  кейде 
туыстық жақындығына қарай, кейде географиялық ұстанымға 
сәйкес біріктірді.
Лингвистер  тілдер  арасынан  терең  ішкі  категорияларды  
іздей бастады; тілдердің жақындығын ескеріп, лингвистикалық 
атлас  жасағылары  келді.  Алайда,  сипаттамалы  типологияның 
бұл  кезеңінде  тілдерді  біріктіру  әзірше  мүмкін  емес  еді. 
Тілдердің  ерекше  белгілері,  шешілмеген  мәселелері  бұл 
жағдайды көтермеді. 
Қазіргі лингвистиканың алдында тілдерді салыстырмалы-
салғастырмалы  зерттеу  кезек  күттірмейтін  мәселе.    Өйткені 
типология болашақта әртүрлі тілдерді (шамамен 4000 аса тіл бар) 
біріктірудің үлкен, керемет картинасын жасап шығуы керек. Бұл 
мақсаттың  типологиялық лингвистикада  бірінші  сапта тұрған 
себебі - әлем тілдерінің бәрін сипаттап, бір ізге түсірудің, сондай-


– 
53 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет