Оқулық Алматы, 2003 ббк 28. 073 ф 16 ф 16 Фазылов С. Д., Молдахметов З. М., Ғазалиев А. М


Дәстүрлі немесе натуралистикалык биология



бет12/15
Дата08.06.2018
өлшемі1,5 Mb.
#41653
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

7.2. Дәстүрлі немесе натуралистикалык биология.

Линнейдің биологиялық жүйесі

Дәстүрлі биологиялық зерттеу обьектісі өзінің жаратылыс-тық қалпындағы тірі табиғат болды және бола береді.

163


Бұл ойды кезінде Эразм Дарвин айтып кеткен. Табиғат Ордасы деген термин де Эразм Дарвиндікі (Ч. Дарвиннің атасы). Бұл Ордаға кірген әркімнің Табиғат жаратылыстарының сұлулығы мен кемелдігі алдында тұла бойы дірілдеп, аса зор құрметпен қарауы, ал оның құпия сырларын танып білуші оны жасаған Жаратушының даналығына қосылып куә болғанын сезінуі керек.

Дәстүрлік биологияның пайда болуының ертеден келе жатқан бастаулары бар. Олар орта ғасырларға кетеді, ал оның натуралистік биология деп аталған дербес ғылымға қалыптасуы ХУШ-ХІХ ғасырларға келеді. Биологияның әдістері табиғат құбылыстарын тиянақты бақылау және бейнелеп жазу болды, ал басты міндеті — оларды топтастыру бодды.

Натуралистік биология тарихының бірінші кезеңі жануарлар мен өсімдіктердің алғашқы топтастыруларымен есте қалды. Ежелгі дүниенің ұлы ойшылдарының идеяларының әсер етуімен кейінгі жылдары топтастыру бойынша орасан еңбек етілді.

Жасанды топтастырудың ең биік жетістігі швед ғалымы



К. Линней (1707-1778) жасаған жүйе болды. Оның барлық еңбектері еркін түрде, кейде бір ғана белгілеріне қарап тандалған орасан зор өсімдік әлемін жүйеге келтіруге арналды. Бірақ ол табиғатта бар заңдылықтарды дәл бейнеледі және өсімдіктерді жеке топтарға бөлуге мүмкіндік ашты. К. Линней бұл топтарды таксондар деп атады. Тек пен түр белгіленген бинарлық номенклатураны енгізу, таксоңцардың иерархиялық бағыныс принципі мен олардың атауларының пайда болуы - кластар, отряд, тұқымдас, түр, әр түрлілер осы ғалымның есімімен тығыз байланысты.

Кейінірек А.-Л. Жюссе (1748-1836), О.-П. Декандоль (1778-1841) және Ж.-Б. Ламарк (1744-1829) жасаған жүйелер табиғи жағдайларға көбірек сәйкес болды.

Ж.-Б. Ламарктың "Өсімдіктердің жаратылыс тарихы" деген еңбегі қарапайымнан күрделіге қарай даму принципі бойынша құрылған. Онда ғалым өсімдіктердің жекелеген топтарының пайда болуына ерекше көңіл бөліп, өсімдіктердің әр түрлі топтарының ара-

164


сындағы тұқымдастық байланыстарды анықтауға талпынады.

Жануарлар әлемін "алғаш рет тізімге алу" біраз басқа тәсілмен жүргізілді. Биологтар энциклопедиялық сипаттағы негізгі маңызды мәліметтерді жинақтап құрастырды. Бүған К. Гесснердің (1516-1565) "Жануарлар тарихы", Р. Реомюрдың (1683-1757) "Шыбын-шіркей, құрт-құмырысқалар тарихы бойынша мему-арлары" және әсіресе Ж. Брюфонның (1707-1788) және оның бірлескен авторларының 44 томдық "Жаратылыс тарихы" деген еңбегі мысал болады.

Жануарларды топтастырудың алғашқыларының бірі

К. Линнейдің "Табиғат жүйесі" деген еңбегінде берілген топтастыру болып табылады (1758 ж.). Жануарлар патшалығын топтастырудың эволюциялық тәсілін кейінірек Ж.-Б. Ламарк (1801 және 1809), С.-И. Жоффруа (1805-1861) және Ж. Кювье (1769-1832) қолданды. Ж.-Б. Ламарк эволюция принципін тірі табиғаттың жалпы ортақ заңы деп жариялады. Ол өз еңбектерінде жануарлар мен өсімдіктердің түрлері қоршаған орта мен олардың ішкі құрылымының күрделенуіне деген ынталылығының арқасында өзгеріп отырады деген шешімге келді, бірақ ол бұл құбылыстың негізгі себептерін ашып көрсете алмады. Ол неміс ғалымы

Г. Р. Травирануспен бірге ғылымға "биология" ұғымын енгізді.

Дәстүрлі биологияның қалыптасуы - бұл Табиғатты зерттеудегі комплексті немесе жүйелі тәсілдің тууы, өйткені натуралистердің зерттеу обьектісі - өзінің біртұтас және бөлінбейтін түріндегі, барлық әр алуандығы мен күрделілігіндегі тірі табиғат болды және болып қала береді. Сондықтан, алғашқы достүршілдерге стихиялық, яғни, саналы түрде ұғынылмаған жүйелі ойлау тән болды. Бұл Табиғатты тұтас қабылдауға, ондағы адамның араласуынан бұзылмай патшалық құрған заңдылықтарды көруге мүмкіндік берді.

Қазіргі күндерде де дәстүрлі биология өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше, оның ролі өсе түсті, өйткені адамзат алдында тіпті ерекше экологиялық проблемалар пайда болды. Ал экология болса, бұл ағзалардың өзара қарым-қатынасын, олардың өмір сүру

165

ортасын қарым-қатынасымен қоса зерттейтін ғылым, сондықтан оның тұжырымдарының Табиғатты зерттеудің дәстүрлі биологиялық әдістеріне "сүйенетіндігінде" таң қаларлық ештеңе жоқ. Мұнымен қатар, кез келген өзін сыйлайтын ғалым-биолог білімдердің өзіне қатысты саласындағы зерттеулерді бастамас бұ-рын озі зерттемекші процестің немесе құрылымның тіршілік құбылыстарының жалпы жүйесінде қандай орын алатындығын түсіну үшін міндетті түрде тіршіліктің табиғи ағымына бақылаулар жүргізеді. Дәстүрлі биология айналадағы шынайы өмірді бақылау арқылы жинақталған фактілердің көзі болып табылады, оның зерттеу обьектісі - өзінің өр алуандығымен бөлінбеген бірыңғай жүйе ретінде қабылданатын біртүтас тірі табиғат. Дәл осындай табиғат бізден өзіне аса ұқыпты жөне адамгершілікті қатынасты керек етеді.



7.3. Физикалық-химиялық биология

Физикалық-химиялық биология атауының екі мағынасы бар. Біріншіден, бұл ұғым осы ғылымның зерттейтін заты физикалық-химиялық денгейде зерттелетінін, яғни молекулярлық және молекулярлықтан жоғары деңгейлерде қаралатын тірі табиғат обьектілері болатыңдығын білдіреді. Екіншіден, бұл терминнің бастапқы мәні де сақталады: тірі табиғат құрылысының барлық деңгейлеріндегі оның құрылымдары мен тіршілік әрекеттерін шешу үшін физикалық-химиялық әдістерді қолдану. Қалай болса да, физикалык-химиялық биологая үлкен дәрежеде биологияның дәл ғылымдармен жақындасып, жаратылыстанудың Табиғат туралы бірыңғай ғылым ретінде қалыптасуына көп септігін тигізді.

Тәжірибеші-биологтар өз жұмысында әр түрлі дел физикалық-химиялық әдістерді, дәлірек айтсақ, баяғыдан қолданып келеді. Олардың арасында Л. Пастер (1822-1895), И. М. Сеченов (1829-1905), И. П. Павлов (1849-1936), И. И. Мечников (1845-1916) және басқалары болды. Дәл солар тірі ағзалардың (организмдердің)

166


тіршілік әрекеттері процесстершщ мәнін ашуға жол салды. Содан бері ғалымдар қолданатын дәл әдістер мен тәжірибелік техника кеп алға озып кетті. Жаңа әдістер жасау ғылыми ізденістерді ынталандырады, ал жаңа ғылыми жаңалықтар ез кезегінде жаңа аппаратураларды жасауға итермелейді.

Қазіргі уақытта ғалымдар ақиқатты іздеу кезінде тіріні зерттеудің осы мезгілге дейін жинақталған барлық арсеналын пайдаланады. Солардың арасында, зерттеудің классикалық әдістері, сондай-ақ қазіргі заманғы аса жаңа, кейде тура зертханада зерттеп дайындалатын бірегей әдістер де бар. Биологияда аса кеңірек тараған таңбаланған атомдар әдісі (тірі ағзадағы заттардың қозғалысы мен айналуын бақылау үшін қолданылатын), рентгендік-құрылымдық анализ және электрондық микроскопия әдістері (ірі молекулярлық компоненттер мен тірі жасушадағы (клеткадағы) субмикроскоптық құрылымдарды зерттеуге мүмкіндік беретін); хроматографиялық әдістер (биохимиялық зерттеулер кезінде қодданылатын), спектралдық әдістер және ұлпалардағы (ткандегі) зондтау әдістері (тірі мүшелердің жүмысын бақылауға мүмкіндік беретін — ЯМР-томография; УЗИ-томография, опти-калық зондтар және басқалары). Компьютерлердің өмірге кеңінен енуі эксперименттік қондырғыларды автоматтандыруға мүмкіндік беріп, көптеген әр түрлі томографтар санын жасауға әкелді (бұл кез келген мүшені немесе жасушалық органоидты, оған зиян келтірмей, қабат-қабатымен анализ жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік аппаратура).

Биологияның физика мен химиядан айырмашылығы - мұнда тірі табиғаттың сан алуандығы. Теориялық биологияны жасауға база боларлықтай соншалықты кіріктірілген теориялық білімдер жоқ. Бүгінде -күрделі міндет. Теориялық биологияны жасау үшін биологияның барлық салаларындағы келемді білімдердің синтезін жүзеге асыру және тіршілік туралы осы білімдерге анализ жасап, тірі материя құрылысыныц әрбір деңгейлеріне тән болатын мәнді заңдылықтарды бөліп алу қажет. Бұл жерде әңгіме нақты

167


тірі материя (өлі туралы емес) туралы екендігіне назар аудару керек, сондықтан да теориялық биология ғылымында физикаға немесе химияға қатысы жоқ тіршілік сипаттамасы берілуі керек.

Сонымен бірге, тірі ағзалардың қоршаған табиғатпен тұрақты әрекеттестікте болатыны әбден айқын. Тамақпен бірге олар органикалық және минераддық қоспалардың сансыз көп мөлшерін жұтады, олар тірі ағзада биохимиялық айналымға түседі және бұдан соң (ыдырау өнімдері түрінде) қайтадан қоршаған ортаға шыға-рылады. Тірі жасушалар үшін құрылыс материалы болып макромолекулалар табылады: ақуыздар, фосфолипидтер, майлар, нуклеин қышқылдары. Ағзада жүзеге асатын гормовдық реттеу де химиялық жолмен жүреді. Жалпы, қайда қарасаң да - барлығында химия! Ал химиялық ілім нақты физикалық заңдылықтарға негізделген. Міне, сондықтан да физикасыз да биологияда "алысқа кете алмайтын" болып отыр. Дәл осы екі ғылым, өзінің зертгеу обьектісі етіп тірі ұлпалар мен жасушаларды таңдап алып, молекулярлық деңгейдегі тірі құрылымдар қалай құрылғандығына жауап беріп, тірі ағзалардың жұмысын биомолекулалардың химия-лық және физикалық айналуларымен байланыстырды.

Биологияны химиямен біріктіру жаңа ғылымды -биохимияны тудырды, оның мақсаты биомолекулалардың құрылымдары мен қасиеттерін олардың тірі ұлпалар мен мүшелердегі метаболизмімен, яғни, бүл молекулалардың тірі ағза ішіндегі өзгерулерімен бір мезгілде қоса зерттеу болып табылады. Биохимиктер ашқан жаңалықтар - жасушадағы энергия тасымалдау принциптерін анықтау, метаболизмнің негізгі жолдарын реттейтін механизмдерді шешу. Осы жетістіктердің нәтижесінде мембраналардың, рибосомалардың жөне жасушаның осылар сияқты басқа да ультрақұрылымдық элементтерінің ролін анықтау, аминқышқылдарының тізбектелінуі мен ақуыздардың (белоктардың) кеңістіктегі құрылымын, ендеше, олардың биологиялық қызметтерін белгілейтін фактілерді ашу, генетиканың молекулярлық негіздерімен танысу мүмкін болды. Мәнісінде биохимия жасушада немесе тірі сұйықтар мен ұлпаларда жүретін барлық құбылыстарды

168


химиктерге ұғымды тілде түсіңдіруге әрекеттенеді. Мұндай қадам тірінің қызметтерін химиялық жолмен реттеу және түзету мүмкіндіктері үшін болашаққа кең жол ашады. Ол фармацевтикада, медицина мен ауыл шаруашылығында өзінің тікелей қолданысын тауып отыр.

1950 жылы биохимияның, биология мен физиканың түйісінде жаңа ғылым - биофизика пайда болды. Бұл ғылымның мақсаты көптеген биологиялық құбылыстарды физикалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру еді. Күрделі биологиялық құбылыстарды қарастыра отырып, биофизиктер оны бірнеше қарапайым, түсінуге жеңіл актілерге осы құбылыстың сатыларына бөлшектеуге әрекет жасайды және олардың физикалық қасиеттерін зерттейді.

Биофизика әдістерімен бұлшық еттің жиырылу механизмдеріне, жүйкелік импульстің өткізілуіне, ферментативтік катализ актілеріне түсінік берілді; биологияда байқалатын көптеген өздігінен тербелгіш процестердің моделдері ұсынылды, фотосинтез құпиясы түсіндірілді. Биофизиктерді бүгінде экологиялық зертханалардан бастап молекулярлық генетика зертханасына дейінгі кез келген биологиялық зертханадан кездестіруге болады. Биофизикалық білімнің ерекшелігі биология мен биохимияның барлық деңгейлерінің ұғымдарына сүйеніп іс қылу біліктілігі болып табылады.

Биофизика мен биохимия биологтардың ағзаның құрылымы мен қызметтері туралы білімдерді бір бүтінге біріктіру туралы байырғы арманын жүзеге асырды. Бірақ, биохимия да, биофизика да биологи-яның негізгі сұрағына жауап бере алмайды: тірі материяның өліден айырмашылығы неде және тіршіліктің пайда болуына түрткі болатын не?

Бірнеше ғылымдардың түйісінде тірі организмдердің жүйке (нерв) жүйесін зерттейтін нейрофизиология ғылымы пайда болды. Бұл ғылымның XX ғ. 50 жылдардағы жеткен ең үлкен жетістіктерінің бірі адам миының солжақты және оңжақты жарты шарларының функциональдық асимметриялық қасиетін зертгеуі бодды: толық химиялық және анатомиялық бірдейлігіне қарамастан мидың жарты шарлары бір бірінен

169


атқаратын қызметтері бойынша әр түрлі болады екен. Бұл жарты шарлар мидың 85%-ын алып жатқан алдыңғы ми деп аталатын белігіне кіреді. Алдыңғы ми бізге математикалық сандарды айыруға, тіддерді түсінуге, логиканы қолдануға, шешім қабылдауға және абстракциялы түсініктермен жұмыс істеуге мүмкіңдік береді.

Зерттеу нәтижесінде солжақ жарты шардың негізінен сөйлеуге, математикалық есептеулерге, логикалық ойлауға және шешім қабылдауға байланысты іс-әрекеттерге жауап беретіні анықтадды. Ал оңжақ жарты шардың қызметі негізінен ритм мен түрлі түсті қабылдау, музыка мен суретті, фантазияны қабылдауға байланысты болады.

Адам миының функциональді ассиметриялық қалыптасуы негізінен генетикалық тұрғыдан беріледі, бірақ оның толық дамуы қоғамдық ортада жүреді. Мидың екі жарты шары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды және бірін-бірі толықтырып отырады. Алайда, кейде қоршаған әлеуметгік жағдайларға байланысты сол ("логикалық") немесе оң ("гуманитарлы") жарты шарлардың доминантты түрде дамып қалыптасуы жүреді. Мысалы, күнделікті мамандыкқа байланысты жүмыстардың нәтижесіңце адамның тек бір жарты шары ғана жақсы дамып, екінші жарты шар дамымай қалып қояды. Бұл жағдай нейрофизиологияда "латеральды (бүйірлік) тежеу" деп аталады. Осы әсердің нәтижесінде мидың доминантты жарты шары екінші жарты шардың жұмысын тоқтатып тастайды. Бұл теріс нәтижелерге әкеледі - көп жағдайда доминантты жарты шар шешімі оңай мәсәлелердің де шешімін таба алмай қиналысқа түседі. Сондықтан да әрбір адам өзінің миының екі жарты шарын да дамытуға тырысуы керек.

7.4. Эволюциялық биология

7.4.1. Ч. Дарвиннің эволюция теориясы

Тірі табиғат үшін эволюциялық даму - ажыратылмайтын және ерекше қасиет. Биологияда бұл тұжы рымдама әр текті

170


мамандандырылған биологиялық білімнің синтезі жүргізілетін платформа функциясына ие болды. Нәтижесінде айтарлықтай дербес білім саласы - эволюциялык биология қалыптасты.

Эволюциялық биология ғылымы тірі организмдердің өзгеруі мен даму зандылықтары, дамуға қозғаушы күштері мен себептері туралы ғылым. Эволюция теориясы бойынша барлық тірі организмдердің әр түрлілігі бір-бірімен байланысқан үш фактордың әсерінен туады: тұқым куалаушылық, өзгергіштік және табиғи сүрыптау. Бұлар эволюция теориясының негізгі принциптері.

Сізге, орине, орта мектеп курсынан дарвинизм негіздері жақсы таныс. Ч. Дарвин өз теориясын кодімгі натуралист болып жасады: оның ілімі - тірі табиғатты оның ең әр түрлі көрініс-құбылыстарды жан-жағынан зер сала, ынта қойып бақылауының жемісі. Ағзалардың химиялық құрамы мен заттар алмасу процестері туралы оның заманындағы шамалы білімдердің ол үшін аса маңызы бола қойған жоқ. Сонда да кейін біртұтас теорияға айналған басты идея -табиғи сұрыптау идеясы туу үшін тек бақылаулар мен суреттеулер жеткілікті болып шықты. Ч. Дарвин оларды бір жүйеге келтіріп, жинақтағанда жан-жақты мәнге ие болатын фактілерді ашты. 1859 жылы ол әзінің әйгілі "Түрлердің табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы" атты еңбегінде өзінің зерттеу нәтижелерін тұжырымдай отырып, органикалық әлемнің эволюциясының негізгі факторлары мен себептерін ашты. 1871 жылы Ч. Дарвин "Адамның пайда болуы мен жыныстық сұрыптау" атты еңбегінде адамның маймылтұқымдылардан шыққаны туралы гипотезасын жасады.

Ч. Дарвин Ламарктың эволюциялық концепцияларының кемшіліктерін жоя отырып, органикалық әлемнің эволюциясы жоғарыды айтып кеткен үш негізгі фактордың әсерінен болатын көрсетті: түқым қуалаушылықтың, өзгергіштіктің және табиғи сұрыптаудың. Өзгергіштік организмдердің құрылымдарындағы жаңа қасиеттер мен функциялардың қалыптасуына әкеледі. Тұ-қымқуалушылық оларды тұрақтандырады. Түрлер ара-

171


сындағы емір сүруге деген күрес кезіндегі табиғи сұрыптаудың нәтижесінде табиғи ортаға қалыптаса алмаған түрлер жойылады. Соныменен, Дарвин органикалық әлем эволюциясының негізгі қозғаушы күштерін ашып берді және жаратылысты-ғылыми тұрғыдан биологиялық түрлердің қалыптасуы мен дамуын түсіндірді.

Табиғи сұрыптау - эволюциялық өзгертулерді бағыттайтын негізгі фактор болып табылады. Тек ол ғана тірі организмдердің дамуының тарихи магистральды бағытын анықтайды, тірі организмдердің қоршаған ортада тірі қалу және тұқым қалдыру мүмкіншіліктерін қалыптастырады. Табиғи сұрыптаудың нәтижелері тіршілік иелерінің әр кезендерінің ауысу кезінде байқалады. Сұрыптау объектісіне тіршілік иесінің жеке түрлері қатысады. Сұрыптаудан өткен жеке дербес түр популяцияның генофондына өзінің үлесін қосады. Сұрыптауға тіршілік иесінің барлық белгісі мен қасиеттері кірістіріледі. Ол дербес тіршілік иесінің барлық даму сатысына қатысып, тіршілік иесінің тірі қалу мен тұқым қалдыру мүмкіншілігін күшейту бағытында жүреді.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып мынадай тұжырым жасаймыз: эволюцияның дамуы нәтижесінде тірі қалдыру мүмкіншілігін жасайтын генетикалық және тағы басқа белгілер осы тіршілік иелерінің бір ұрпағынан екінші ұрпағына өткен сайын көбейіп, осы түрдің негізгі даму бағытын анықтап отырады.

Соныменен, эволюция дегеніміз тірі организмдердің бағытталған тарихи өзгеру процесі. Жоғарыда айтылған фактор-лар тек қана популяция мен түрлер деңгейінде ғана микроэволюция ретінде емес, сонымен бірге одан күрделі макроэволюция деңгейін-де де әсер етіп, тіршілік иелерінің жаңа түрлері мен кластарына әкеледі.

Эволюциялық биологияның ғылым ретіндегі бейнесі білімдердің екі ағынын біріктіру нәтижесінде қалыптасты: эволюциялық ілімнің өзін және басқа ғылымдар тарапынан эволюция мен оның механизм-деріне қатысты алынған білімдерді. Эволюңиялық биологияның мазмұны үнемі кеңейе түсуде. Молекулярлық биологияның, -

172

цитологияның (тірі жасушаның қүрылысы мен қызметі туралы ғылым) және палеонтологиялық жаңа ғылыми жетістіктер бұған сеп болды. Ғалымдар, тіпті, алынған білімдерге жаңа эволюциялық синтез жасайтын уақыт келген жоқ па деп шындап ойланып қояды. Оның жүзеге асырылуына кептеген биологтар дербес пәнді — теориялық биологияны қалыптастыруға апарар жолды кереді. Бірақ, көптеген ғалымдар биологияда мұндай төңкеріс жасау үшін қол жеткен білімдердің деңгейі әзірге жеткілікті тұрғыда жоғары емес деп есептейді.

Даму идеясымен (немесе эволюциямен), сонымен қатар тарихи әдіспен бүкіл жаратылыстану қарулануда. Мысалы, қазіргі заманғы физика жалпылама эволюция концепциясын дамытуда. Осы теория бойынша Бүкіләлемнің дамуы сонау Үлкен жарылыстан бастап елі материядан биологиялық эволюцияға, ал одан адамзат пен қоғамның тарихи эволюциясының біртізбекті эволюциялық кезеңдері ретінде қарастырылады.



7.4.2. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қазіргі заманғы дамуы. Молекулярлық-генетикалық тәсіл

"Эволюция" терминін биология лексикасына алғаш рет 1762 ж., яғни, Ч. Дарвиннің еңбегі басылып шықпастан көп бұрын, швейцарлық ғалым Ш. Боннэ енгізді. Ш. Боннэ бұл терминде тек қана даму идеясын ғана емес, сонымен бірге тірінің жаңа түрлерінің қалыптасуындағы құбылмалық пен сұрыптаудың ролі туралы мағынаны да түсінді. Уақыт өткен сайын бұл түсініктер өзгеріске ұшырады.

Қазіргі кезде өзгергіштіктің үш түрін айырады:

Тұқым қуалайтын өзгергіштік — бұл жаңа генотиптің пайда болуына қатысты өзгергіштік (Ч. Дарвиннің "белгісіз өзгергіштігіне" ұқсас).

Тұқым қуаламайтын өзгергіштік - бұл өзгергіштік генотиптің өзгерулерін емес, сыртқы орта жағдайларының ықпалынан фенотиптің өзгерістерін көрсетеді. (Ч. Дарвиннің "белгілі өзгергіштігіне" ұқсас).

173


Онтогенетикалық өзгергіштік - бұл ағзаның жеке дамуы барысындағы өзгерулерді білдіретін өзгергіштік немесе жекелеген жасушалардың олардың дифференциялану үрдісіндегі өзгергіштігі (яғни, тіршілік циклі үрдісінде олардың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы кезінде).

Қазіргі замангы эволюционизм - бұл тек қана өзінің бастапқы түріндегі дарвинизм емес, Ч. Дарвиннің теориясы жасалған уақыттан бергі өткен жылдарда қалыптасқан сан қырлы кешенді ілім.

Ч. Дарвиннің ілімінің негізгі кемшіліктерінің бірі: ол адамның табиғи дамуы туралы езінің тұжырымдамаларында осы дамуға қоғамдық факторлардың әсерін қарастырмайды. Сонымен бірге, Дарвин теориясында адам мен жануарлар ақыл-есінің сапалық айырмашылықтары қарастырылмайды. Бұның себебі ол антро-погенез кезіндегі еңбектің роліне маңыз аудармаған. Осы сұрақтар кейінірек антропогенездің еңбекті теориясында қарастырылады (естеріңізде шығар, Ф. Энгельс осы сұрақтарға көп көңіл бөлген). Бұл теорияның негіздері бойынша еңбек биологикалық заңдылықтарды жоқа шығармайды, бірақ ол табиғи сұрыптаудың әсерін өзгешелеу түрлендіреді. Еңбек адамның дамуы кезінде

оның табиғатты өз еркіне қарай түрлендіру мүмкіншілігін дамытады, және де оның өзінің өзіндік қалыптасуына әсер етеді. Бұл теорияның жақтаушылыры қолдың, мидың, сөйлеу мүмкіншілігінің, ойлаудың дамуларын, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап қоғамдық ұжымдарға бірігуін еңбектік іс-әрекеттің нәтижесімен байланыстырады.

Шын мәнінде еңбектің пайда болуы мен оның дамуының антропогенезге жасаған үлкен әсерін жоққа шығаруға болмайды. Айта кету керек, еңбек қандайда болса да еңбек құралдарын жасаумен байланысты келеді, ал бүл жағдай адамның қоғамдық тәжірибе нәтижелерін, оның іскерлілігін, сана-сезімін қалып-тастырып, тұрақтандыруға әкеледі. Сонымен бірге, еңбек

құралдары қоғамдық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берудің негізгі әдісі болып келді. Бұл сұрақтар Дарвин теориясында қарастырылмады. Соныме-

174


нен, адам мен қоғамның құрылып дамуы - бұл біртұтас біріккен процесс, антропосоциогенез процесі және осы процестерде негізгі рольді еңбек атқарады.

Дарвин теориясының кемшіліктерін жаңа тұрғыдан сынау XX ғасырдың бас кезінде дами бастаған генетика ғылымының алғашқы жетістіктерімен байланысты болды. Мысалы, нидерландтық ғалым Хуго де Фриздің эволюцияның мутациялық теориясы бойынша организмдердің жаңа түрлері гендік (тұқымдық) құрылымда болған кездейсоқ мутациялардың нәтижесінде секірісті түрде пайда болады. Бұл құбылыстың Дарвин теориясындағы табиғы сұрыптаумен байланысы шамалы.

Дарвинизмді әр түрлі көзқарастар тұрғысынан сынау 1930-1940 жылдары дүниеге эволюцияның жаңа синтетикалық теориясының келуіне себеп болды. Ол дарвиндік табиғи сұрыпталу тұжырымдамасының генетикамен және экологиямен синтезі болып табылады. Эволюцияның синтетикалық теориясының Ч.Дарвин теориясынан екі негізгі ерекшелігі бар. Бұл біріншіден, эволюцияның қарапайым бірлігі ретінде ағзаны және тіпті түрді емес, ал жергілікті популяцияны тану және екіншіден, эволюцияның екі типін бөлу: микроэволюция және макроэволюция.

Микрозволюция, жоғарьща айтқандай, популяциялардағы тектік қордың өзгеруі мен жаңа түрлердің пайда болуы қоса жүретін эволюциялық үрдістердің жиынтығын біддіреді. Макроэволюция (немесе филогенез) - бұл ұзақ тарихи кезеңге созылатын және түрден тыс таксондардың пайда болуына әкелетін эволюциялық өзгерулер. Микроэволюцияны тікелей зертханалық жағдайларда зерттеуге болады, ал макроэволюцияны оның тарихы ұзақтығы себепті, олай зерттеу мүмкін емес. Микроэволюцияны табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің өзгерулерін бақылау арқылы зерттеуге болады. Ал макроэволюцияны зерттеу қосымша тарихи деректерді керек етеді. Мұндай мәліметтерді биологиялық шектес пәндер: салыстырмалы морфология, палеонтология мен эмбриология беріп отырды.

175


Қазіргі кезде ғалымдар эволюциялық процестерді молекулярлық-генетикалық деңгейде зерттеуге ауысты. Ғалымдардың зерттеу обьектілері қазіргі тірі ағзалардан да, геологиялық қабаттарда сақталып қазылып алынғандардан да алынған ақуыздар мен нуклеотидтер болып отыр. Макроэволюцияның басты мәселесіі филогенездің бір ізділігі мен ағзалардың арасындағыі тұқым қуалаушылық байланыстарды шешу болып табылады. Бұл ғылым үнемі даму үстінде, оның үлкені биологиялық болашағы бар. Білімдердің бұл саласындағы жетістіктер молекулярлық биология мен генетика саласындағы жетістіктермен тікелей байланысты.

7.4.3. Адамның тарихи дамуының биологиялықтығы мен

әлеуметтілігі. Антропогенез мәселелері

Адам - күрделі біртұтас жүйе, ал бұл жүйенің өзі басқа өте күрделі жүйелердің - биологиялық және әлеуметтік жүйелердің бір компоненті болып келеді. Бұның себебі оның әлеуметтік те, биологиялық та қасиеттері барлығында жатыр. Өзінің өмір сүруінің бір жағынан ол табиғатқа қарайды, ал екінші жағынан - ол қоғамдық әлеммен де байланысты. Ал жалпы алғанда ол әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың негізгі зерттеу сұрақтарының мағынасын былайша келтіруге болады: омыртқалылар түріне, сүтқоректілер класына, приматтар отрядына, гоминид ұйымына жататын биологиялық организм қалайша, тек қана биологиялық қана емес, сонымен бірге мәдени жетістіктердің тасымалдаушысы да болып келетін адамға айналды?

Осы сұрақ антропогенездің негізгі мәселесі болып табылады. Классикалық антропогенез адам мен табиғаттың біртұтастығын зерттеді. Ол негізінен адам эволюциясына әсер ететін сыртқы табиғи мен қоғамдық факторларды табуға тырысты. Бұл факторлардың құрамына табиғат, климат, ландшафт, экономика, еңбек, мәдениет, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесі, дін және т.б. жатады.

176


Ал қазіргі замангы антропогенез ғылымы адамның езгешеліктерін көрсететін, оның өмір танудағы белсенділігін, әрбір адамның өзіндік қайталанбас қасиеттерін, іс-әрекетінің себептілігін көрсететін сұрақтарға маңыз аударуда.

Осы соңғы мәселелерге байланысты осыдан 30-40 мың жыл бүрын пайда болған һото sаріеns-тек кейін адамның биологиялық эволюциясы жүріп жатыр ма, әлде жоқ па деген сұрақ туады?

Шын мәнінде адам эволюциясы оның тіршілігінің барлық кезеңінде де жүріп жатады. Бірақ бұл оның өмірінің әлеуметтік тұрпатына қатысты. Ал оның биологиялық эволюциясына келетін болсақ, ол адам жануарлар әлемінен бөлініп шығысымен, өзінің шешуші ролін жоғалтты деуге болады. Мысалы, қазіргі уақытта денсаулығы нашар адамдар да медицина жетістіктерінің нәтижесінде қоғам өмірінде белсенді түрде қызмет жасауда. Әлеуметтік елемде табиғи сұрыптау өз күшін біртіндеп жоғалтуда, себебі қоғамдық институттар мен медицина ғылымы жекелік био-логиялық өзгергіштіктің әсерін барынша әлсіретуде.

Қазіргі уақытта, бір жағынан табиғи сұрыптаудың нәтижесіндегі генетикалық өзгерістердің өте баяу жылдымдағы және әртүрлі адамдар топтарының генетикалық ұқсастығы байқалады. Екінші жағынан, адамзаттың мәдени эволюциясының жүріп жатқанын білдіретін өте әр түрлі мәдениеттер мен адамдардың өмір сүру жағдайлары, қоғамдық жағдайлардың тым тез өзгерулері сияқты уақиғалар көп. Сондықтан да һото sаріеns эволюциясында

мәдениеттің басты маңызы бар екенін айтуға болады. Адамның тұрмыстық жағдайларын жақсартатын әр түрлі елдердегі саяси, экономикалық және қоғамдық өзгерістер олардың денсаулық жағдайларына өсер етіп, адамның табиғи сұрыптаудан тәуелділігін азайтуда. Осыған байланыс-ты табиғи сүрыптаудың адам мен жануарларға маңыздылығы мүлдем басқаша болып өзгеруде. Егер де жануарлар үшін сұрыптау — эволюцияның негізгі факторы болса, ал адам үшін оның маңызы генофондты сақтауда, адам денсаулыққа теріс әсер ететін мутацияларды болдырмауда жатыр.

177


Табиғи сұрыптау қазір адамда негізінен клетка деңгейінде жүруде. Мысалы, көбінесе сәбилер генетикалық сау клеткалардан туады.

Ал адамның әлеуметтік тұрпатына байланысты оның биологикалық табиғаты, физикалық түр-сипаты, ақыл-есі қалай өзгеруде деген сұрақ та келіп тұр. Бірінші, адамның физикалық денсаулығына келетін болсақ, оның жағдайы һото sаріепs-тің алғ-аш пайда болған кезеңдерінен бері көп жақсарды. Бұған халықтың орташа өмір сүруі жылдарының ұзаруы мысал бола алады. Егер де ерте заманда адамның орташа өмір сүруі шамамен 20-22 жыл бо-лып, XVIII ғ.-да 30 жасқа дейін көтерілсе, қазір көп елдерде бұл көрсеткіш 75-78 жасқа дейін есті.

Қазіргі заманғы балалардың ойлау шамаларының жоғарылығы туралы сұрақтар әлі дұрыс шешімін тапқан жоқ. Сонымен қоса, адамның негізгі ойлау мүшесі - мидың эволюциясы туралы да деректер жоқ, себебі, адам миының көлемі сонау һото sаріепs пайда болған уақыттан бері көп өзгерген жоқ.

Қазіргі заманғы ер кісілердің миының орташа көлемі 1400 куб. см, ал өйелдердің ми көлемі — 1270 куб см. Адам миының көлем мөлшері мен оның таланттылығының арасында ешқандай да тікелей байланыстылық анықталған жоқ.

Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтартың тұжырымдары бойынша адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы тоқталды. Оған себеп адам миының өзгермеуі мен оның морфологиялық өзгерістерінің тұрақталуы мысал ретінде келтіріледі. Басқаша көзқарастарға өзірше деректер жоқ.

Соныменен, осыдан 30-40 мың жыл бүрын аяқталған адамның бет-бейнесінің өзгеруінің тоқталуымен антропогенездің дамуы баяулады. Осы уақыттан бастап адам эволюциясыңдағы негізгі факторы болып келген топтық сұрыптаудың маңызы жоғалады. Әрі қарай ол әлеуметтілік жағдаймен, адамзаттың мәдени деңгейімен байланысты болып келеді. Енді эволюцияның негізіне интеллектің дамуы мен іс-әрекеттің

178

мақсаттылығы жатады. Осыған байланысты адам өмірінде генетикалық информация өзінің бастапқы анықтаушы маңызын жоғалта бастайды. Ол әлеуметтік информациямен орын алмасады деп болжауға болады.



7.5. Тіршіліктің түрлері мен деңгейлері

Тірі және өлі табиғаттың барлық обьектілері құрылысы жағынан оларға кіретін элементтердің, яғни, құрылыстың құрылымдық деңгейлерінің иеарархиялық байланыстағы жүйелері болып табылады. Олардың ішіндегі ең қарапайымдары физиканың танып білу саласына жатады, бұлар - электрондар, протондар, басқа қарапайым бөлшектер. Одан әрі атомдық деңгейлер, молекулярлық деңгейлер кетеді, оларды зерттеумен физика да, химия да шұғылданады. Молекулярлық деңгейден соң субмолекулярлық деңгей келеді - бұл молекулалардың жұмысын бірыңғай бүтін ретінде зерттеу деңгейі; осылайша әрі қарай, ағзалар мен олардың қауымдастықтарының деңгейіне дейін.

Әрбір төменірек жатқан деңгей жоғары тұрған деңгейдің қабығының ішінде орналасқан тәрізді және оның ерекшеліктерін сақтайды. Шынында да, жасуша (клетка) мембранасының молекулярлық құрамы, мысалы, жасуша ядросының молекулярлық құрамымен ерекшеленеді, ал әр химиялық элементтің әрқашан да өзіне тән, басқалардан айрықша электрондық қабықтарының құрылысы бар. Обьект туралы білімді нақтылау білімдердің барлық деңгейлеріндегі оның құрылысы туралы білімдерді жинақтауды талап етеді. Ал тірі материя құрылысының өр деңгейін зерттеудің биологиялық мәні болу керек, яғни, оның тек физикалық-химиялық құрылысын емес, тіршілік феноменін зерттеуге бағытталуы керек.

Түсініктірек болу үшін тек биологиядан ғана емес, өмірден де мысал келтірейік. Өзіңізді кішігірім жеке үйдің иесімін деп ойлаңыз. Сіздің үйіңіз қаланған әр кірпіштің түсі бүкіл үйдің түсіндей. Осылайша, үй қабырғасындағы жеке кірпішті қарай отырьш, сіз бір

179

мезгілде бүкіл үйдің қасиеггері туралы ақпарат аласыз. Бірақ үйдегі бөлмелердің қабырғаларының түсі кірпіштердің түсіндей екендігіне сіз сенімдісіз бе? Егер сіздің үйіңіздің қабырғалары жалаңаш болса, онда сіз бұл сұраққа қажетгі жауапты аласыз. Ал, егер оларға тұсқағаз жапсырылған болса ше?. Осы қарапайым мысалдан көрініп тұрғандай, обьектіні неғұрлым төмен деңгейде зерттеу бүкіл обьект туралы ақпараттың тек қана бір бөлігін әкеледі және ол туралы толық түсінікке үнемі сәйкес келмейді. Суреттеу толығырақ болуы үшін бүкіл үйді сыртынан қарап, оның жоспарын зерттеу, оның қандай құрылыс материалдарынан жасалғанын білу, ол материалдардың қасиеттерін анықтау жөн болар еді және т.с.с. Жалпылама түрде бұл зерттеу обьектісін танып-білудің барлық деңгейінде алынған білімдерді жинақтау немесе синтездеу деген сөз.



Бұл міндет өте күрделі және әр қашан да орындала бермейді. Ғалымдардың арасында биологиялық обьектілерді зерттеу кезіндегі құрылымдастыру мен таным деңгейлерін бөлуге қарсылар да бар. Олар тіршілікті бірегей, құрғақ анализге жатпайтын құбылыс деп есептейді және тіршілік көріністерін оның барлық сан алуандығында қарастырады. Сөзсіз, бұл идея өте тартымды, бірақ биологиялық құбылыстардың өздерін зерттеп, ұғыну үшін жеткілікті түрде күрделі, өздерінің органикалық құрылымы жағынан және өздерінің қызмет ету көріністерімен күрделі екендігі фактісімен келіспеу қиын. Сондықтан да мұндай күрделі жүйені зерттеушінің миы қамти алатындай жеке бөліктерге бөлмеи зерттеу тіпті мүмкін емес деуге болады. Зерттеудің бөліктеріне немесе деңгейлеріне бөлу тірі обьектінің шынайы құрылымдық деңгейлерімен сәйкес жүргізіледі.

Тірі материяның реттілігі мен ұйымдасқандығының әр түрлі дәрежесі туралы проблема натуралистердің алдында ХУІІІ-ХІХ ғасырлардың өзінде туындады. 1830 жылдары жасушалық теория-ның жариялануы оның көрініс беруіне алғашқы түрткі болды. Ал 1846 жылы М. Шлейдон — оеы теорияның



180

негізін салушылардың бірі — "ұйымдасқандығы әр түрле деңгейдегі" тірі денелердің бар екендігі туралы ережені тұжырымдады. Бұдан біршама бұрын Э. Геккель жасушаның протоплазмасы біртекті емес, әлдеқандай молекуладан тыс болшектерден тұрады деген гипотеза ұсынды, бүл бөлшектерді ол пластидул деп атады. Бір жағынан дискреттік идеясы, яғни, бүтіннің төменірек ұйымдасқан құрылымдарға бөлінетіндігі мақұлданды, ал екіншіден, бұл құрылымдарға тұрақты және дербес міндет берілді.



БИОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ТОПТАСТЫРУ СЫЗБАСЫ

деңгейдің күрделілік дәрежесі

XIX ғасырдың бірінші жартысында жүйелер теориясының тарихы пайда болады. Оның алғашқы бетгерінің бірі

181


механистикалық материализм болып табылатын редукционизмге арналды. Яғни барлық жоғарғы төменгіге саяды: тіршілік әрекетгерінің үрдістері - олардың физикалық-химиялық реакцияларының жиынтығына, Тірінің әртүрлілігі мақұлданбады.

"Редукционистердің" қарсыластарын ол кезде "виталистер" деп атады. "Виталистер" органикалық бүтінді оның бөлшектерінің қарапайым жиынтығына саю мүмкін емес және ол қүдірет күшімен басқарылады деп сендірді. Физиологиялық детерминизмді ұстанған тәжірибешіл биологтардың көзқарастары біршама басқаша болды. Мәселен, К. Бернар кеп жасушалы ағзадағы барлық құрылымдар мен үрдістер ағзаның ішкі себептерімен қамтамасыз етіледі, бұларды іздеумен ғалымдардың шұғылдануы қажет деп ойлады.

1920 жылы американдық философтар Г. Браун мен Р. Селларс құрылымдык деңгейлер деген жаңа ұғымды зерттеп шығарды, Олардың теориясына сәйкес бұл деңгейлер тек күрделілік кластарымен ғана емес, олардың қызмет ету заңдылықтарымен де ерекшеленеді. Олар деңгейлердің иерархиялық бағыныстылығы иде-ясын алға ұсынды, бұл идеяға сәйкес әрбір келесі деңгей алдыңғыға кіріп, бірыңғай бүтін құрады, мұнда төменгі деңгей ең жоғарыдан "көрінеді". Осылайша көп деңгейлі иерархиялық "матрешка" тұжырымдамасы туды.

Бұл тұжырымдама - тіршіліктің теориясы емес. Бірақ ол теориялық биология ғимаратын тұрғызуға база боларлықтай кешенді, кіріктіргіш білім алудың тиімді құралы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет