Оқулық Алматы, 2003 ббк 28. 073 ф 16 ф 16 Фазылов С. Д., Молдахметов З. М., Ғазалиев А. М


Эквиваленттік принципі салдарының



бет5/15
Дата08.06.2018
өлшемі1,5 Mb.
#41653
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Эквиваленттік принципі салдарының бірі - тартылушы массаның маңында жарық сәулелерінің (фотондардың) ауытқуы, ал тартылушы масса шығаратын жарық қызыл түске ығысуы керек. Бұл тәжірибемен дәлелденген.

Салыстырмалықтың жалпы теориясындағы басқа бір шешуші жағдай кеңістік-уақыттың қисықтығы ұғымы бодды. Эйнштейн үлкен салмақты денелердің қасында барлық кеңістік-уақыт қисаюы керек деп болжады (тек кеңістік қана емес) және жарық сәулелері мен бөлшектер уақыт кеңістігінде ең қысқа жолмен - геодезиялық сызықтармен (сферадағы геодезиялық сызық - бұл доға) жылжитын болады. Басқа сөзбен айтсақ, тартылу дегеніміз салмақты үлкен денелердің маңындағы кеңістік-уақыттың геометриялық қасиеттерінің салдары. Дене неғұрлым салмақты және оның тығыздығы жоғарырақ болса, ол өзін қоршаған кеңістік-уақытты соншалық көбірек қабыстырады, ал бүдан көрші денеге соншалықты көбірек тартылыс күші әсер етеді.



А. Уилер, американдық физик-теоретик, салыстырмалықтың жалпы теориясының дәл сипаттамасын берді: "Зат кеңістікке оның қалай қабысу керектігін айтады, ал кеңістік затқа оның қалай жылжу керектігін айтады".

Салыстырмалықтың жалпы теориясы кеңістік, уақыт, Әлем туралы біздің түсініктерімізді түбірінен өзгертті. Ол қандай да болмасын центризмнен бас тартуға өкелді. Метагалактика - немесе біз бақылай алатын барлық астрономиялық біртұтас бүтін Әлеміміз біртекті және изотропты даму барысындағы шексіз космологиялық модель түрінде бейнелене бастады.

71

3.8. Қарапайым бөлшектер және



табиғаттағы күштер

Аристотель зат үздіксіз деп есептеді, былайша айтқанда, заттың кез келген кесегін әрі қарай кішкентай-кішкентай кесектерге шексіз ұсақтай беруге болады, мұнымен бәрібір әрі қарай бөлінбейтін титтей түйірге жету мүмкін емес. Бірақ басқа ежелгі грек философ-тары, мысалы, Демокрит материяның түйірлі құрылысы бар және дүниедегінің бәрі әр түрлі атомдардың үлкен санынан тұрады деген пікірді ұстанды. Ғасырлар өтіп жатты, о жақтан да, бұл жақтан да дәлелсіз даулар жалғаса берді. Бұл дау біздің ғасырдың басына дейін, қашан ағылшын физигі Джозефер Томсон (1856-1940) 1897 жылы материяның қарапайым бөлшегі - электроңцы ашқанға дейін созылды. Таяу арада электрондардың атомдардан ұшып шыға-тындығы анық болды. 1911 жылы ағылшын физигі Эрнст Резерфорд заттың атомының ішкі құрылысы бар екендігін: олардың оң зарядталған ядро мен оны айналып жүретін электрондардан тұратындығын дәлелдеді.

Бастапқыда атом ядросы электрондар мен оң зарядталған протондар деп аталған бөлшектерден тұрады деп ұғынылды. Бірақ, 1932 жылы Джеймс Чэдвик ядроның ішінде басқа бөлшектердің де - массалары протондардың массасына тең дерлік, бірақ зарядталмаған нейтрондардың да бар екендігін байқады.

Қазіргі заманғы атом құрылысы туралы түсініктер бойынша атомның сыртқы қабатында теріс зарядты электрондар атомның оң зарядталған ядросының айналасындағы белгілі бір аймақта - орбитада айналып қозғалып жүреді. Ядроның құрамына кіретін ауыр бөлшектерді адрондар деп атайды. Адронның құрамына бариондар (нуклонды қүрайтын протон мен нейтрон), гиперондар, мезондар, каовдар, пиондар жене т.б. кіреді.

Элементарлы бөлшектердің негізгі мінездемелеріне масса, заряд, орташа өмір сүру уақыты, спин мен кван-

72

тты сандар жатады. Элементарлы бөлшектердің тыныштықтық массасы электрондардың тыныштықтық массасына қатынасымен анықталады. Тыныштықтық массасы жоқ бөлшектерге фотондар жатады. Қалған басқа бөлшектер осы өзгешеліктері бойынша лептондарға (жеңіл бөлшектер — электрондар мен нейтрино), мезондарға - электрон массасынан бірден мың есеге дейін көп орташа бөлшектер, бариондарға — ауыр бөлшектер (протондар, нейтровдар, гиперондар және т.б., бұлардың массасы электрон массасынан мың еседен жоғары).

Электрлік заряд элементарлы бөлшектердің тағы да бір маңызды мінездемелеріне жатады. Барлық белгілі бөлшектер оң, теріс зарядты немесе зарядсыз болып келеді. Фотон мен екі мезоннан басқа әрбір бөлшекке заряды қарама-қарсы антибөлшек-тер де бар.

Ядро мен электрондар арасында өріспен және одан пайда болатын виртуалды бөлшектермен сипатталған кеңістікті физикалық вакуум деп атайды.

Өмір сүру уақыты бойынша бөлшектер тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Атомның тұрақты бөлшектері төртеу: электрон, протон, нейтрон және фотон. Қалғандары физикалық вакуумды толтырып тұрған өрістен виртуалды пайда болып, қайтадан өріске айналады. Олардың өмір сүру уақыты 10~10 — 10~24 с. Орташа өмір сүру уақыты 10 23 — 10~22 с тең элементарлы бөлшектер резонансты бөлшектерге жатады. Олар өмір сүру уақытының қысқалығына байланысты атомнан немесе атом ядросынан кетпей жатып-ақ ыдырап кетеді.

Жоғарыда айтылғандай, бөлшектер өздерін толқын іспеттес көрсете алады (корпускулярлық-толқынды дуализм). Электронның толқындық табиғатын ашу жаңалығы құбылыстардың жаңа, ерекше өзіндік әлемін көрсетті. Электронның нақышты теориясын 1928 жылы көрнекті физиктеоретик П. Дирак ұсынды. Бұл теория бізге электронның қай кезде бөлшекке ұқсастығын, ал қай кезде толқын тәріздес екенін анықтауға мүмкіндік береді. Дирактың электрон туралы теориясының алғы шарттарының



73

бірі электрондікі тәрізді қасиеттері бар, бірақ оң зарядты қарапайым бөлшектің болу керектігінде еді. Мұндай бөлшек (немесе антибөлшек) анықталып, позитрон деп аталды.

Дирак теориясынан тағы да шығатын жайт: позитрон мен электрон бір-біріне өзара өсер ету арқылы (аннигиляция реакциясы) фотовдар жұбын, басқаша, электромагнштік сәулелену кванттарының жұбын құрайды. Кері үрдістің де (туу үрдісі) болуы мүмкін, мұнда фотон ядромен әсерлесіп, электрон-позитрон жүбына айналады. Мұнымен қоса, электрон мен позитронның пайда болуы және жойылуы тек қана бірге болмай, нейтрондар мен протондардың немесе олардың антибөлшектерінің - антинейтрондар мен антипротондардың - өзара бір-біріне айналуы кезінде жеке-жеке де болуы мүмкін.

Толқындық механикаға тән (бөлшекті толқын ретінде қарастыратын механика) қарастырылып отырған бөлшектердің ықтималдық бөлінуі (әрбір бөлшекке толқындық функция салыстырылады, оның квадратының амплитудасы бөлшекті белгілі бір аумақта байқау ықтималдығына тең) тек қана электронға қатысты емес. Атомдық ядролар жағдайында бұл осы ядролар қүрайтын нуклондарға (протондар мен нейтрондарға) олар үшін өту мүмкін емес потенциалды кедергіден сыртқа "өтіп кетуге" мүмкіндік береді - бұл кванттық-механикалық туннелдік эф-фект деп аталады.



Осыдан жиырма бес жылдай ғана уақыт бұрын протондар мен нейтрондар қарапайым бөлшектер деп есептелінді, бірақ үлкен жылдамдықпен қозғалатын протондар мен электрондарға жасалған тәжірибелер шындығында протондардың одан да ұсақ бөлшектер-ден тұратындығын көрсетті. 1967 ж. американдық физик-теоретик М. Гелл-Манн жартылай зарядты бөлшектердің барлығы туралы өзінің гипотезасын жасады. Ол оларды кварктар деп атады. "Кварк" атауы Джойстың өлең жолдарынан алынған: "Мистер Маркке үш кварк!"

74

Кварктардың бірнеше түрлері белгілі: кем дегенде алты түрі (ароматы) бар деп болжанады - и - кварк, й - кварк, оғаш кварк, таңғажайып кварк, Ь - кварк және (- кварк.

Әрбір "ароматтың" кваркында үш түстің тағы бірі болуы мүмкін - қызыл, жасыл, көк. Бұл тек белгілеу үшін, өйткені, кварк мөлшері көрінетін жарық толқынының ұзындығынан едәуір аз, сондықтан да оларда дәл мағынасындағы түс жоқ.

Қазіргі заманғы түжырымдар бойынша барлық элементарлы бөлшектерді екі класқа бөлуге болады -фермиондар (Э. Фермидің қүрметіне) және бозовдар (Ш. Бозенің қүрметіне) деп. Фермион-дарға кварктер мен лептондарды, ал бозондарға - өріс кванттарын (фотондарды, векторлы бозондарды, глюондарды, гравитионо мен гравитондарды) жатқызады. Бұл бөлшектер нағыз элементарлы, ары қарай бөлінбейтін болып түсініледі. Фермиондар затты құрайды, ал бозондар әрекеттесулерді тасымалдайды.

Сонымен,"нағыз қарапайым бөлшектер дегеніміз не?"

Жарық толқындарының ұзындықтары атом мөлшерінен едәуір көп болғандықтан біздің атомның құрамдас бөліктерін жай тәсілмен "көруге" мүмкіншілігіміз жоқ. Бұл мақсат үшін толқындардың едәуір аз ұзындығы қажет.

Кванттық механикаға сәйкес барлық бөлшектер толқын да болып табылады және бөлшектің энергиясы жоғары болған сайын толқынның сәйкес ұзындығы да аз болады. Ендеше, қойылған сұраққа жауап біздің алдымыздағы бөлшектердің энергиясы қаншалықты

75

жоғары болуына қатысты, өйткені, осы энергиямен біз бақылай алатын ұзындықтардың масштабы қаншалықты кішкентай екені анықталады.

Осылайша, бөлшектерді үдеткіштерге қуалай отырып (мысалы, синхрофазотронда) біз айтарлықтай энергияларды аламыз. Басқа бөлшектермен өзара әрекеттесе отырып, бұл жоғары энергиялы бөлшектер қарапайым деп саналатын белшектердің "тереңіне үңіліп қарауға" мүмкіндік береді. Осьшайша физиктер бұдан жиырма жылдай бұрын қарапайым деп есептелген бөлшектердің шындығында одан да кіші бөлшектерден тұратындығын білді. Ал егер бұдан да жоғарырақ энергияларға ауысқанда бұл кіші бөлшектер де өз кезегінде одан да кішілерден тұрса ше? Бұл тізбек қашан үзіледі? Рас, қарапайым бөлшектер физикасы саласында жұмыс жасайтын ғалымдар табиғатгағы баршаның бәрі салынған бастапқы "кірпішшелер" туралы мәліметтерді қазіргі ғылым меңгерген немесе меңгергендерлік деп есептейді.

Енді қарапайым бөлшектердің тағы да кейбір сипат-тамалары туралы әңгіме қозғайық. Олардың айналмалы сипаты бар — ол спин деп аталады. Бөлшектерді өз осінен айналып тұрған кішкентай зырылдауық түрінде көз алдымызға елестетейік. Бірақ бұл көрініс аса дәл емес, өйткені, кванттық механикада бөлшектердің белгілі бір айналу кіндігі жоқ. Шындығында спин-бөлшектер бізге осы бөлшектің оған әр жақтан қарағанда қандай болып көрінетіндігі туралы мәліметтер береді. Мысалы, 0 спинді бөлшек нүктеге ұқсас, өйткені, ол барлық жақтан қарағанда бір түрлі. 1 спинді бөлшекті жебемен салыстыруға болады: әр жақтан ол әр түрлі болып көрінеді және 360° айналғаннан кейін ғана бұрынғы түріне келеді. 2 спинді бөлшекті екі жағы бірдей ұшталған жебемен салыстыруға болады: оның кез келген қалпы жарты айналымда (180°) қайталанып отырады. Жоғарырақ спинді бөлшектер бастапқы қалпына толық айналымның одан да кіші бөліктеріне бұрғанда келеді.

Толық айналымнан кейін бастапқы түрге келмейтін бөлшектер де бар: оларды екі рет толық айналдыру

76

керек. Мұндай бөлшектер 1/2 спинді болады. Әлемдегі белгілі барлық бөлшектерді екі топқа бөлуге болады: 1/2 спинді бөлшектер - бұлардан Әлемдегі кез келген зат түрады (нейтрондар, протондар, жеңіл бөлшектер - лептондар және ауыр бөлшектер - гиперондар); 0,1 және 2 спинді бөлшектер - бұлар заттың бөлшектерінің арасында әрекет ететін күштерді жасайды (фотондар және мезондар деген жалпы атқа ие бөлшектер).



ӘР ТҮРЛІ СПИНДІ ҚАРАПАЙЫМ БӨЛШЕКТЕРДЩ СИММЕТРИЯСЫНЫҢ БЕЙНЕЛІ КӨРІНІСІ



S = 0 S= 1 S = 2

Заттың бөлшектері 1925 жылы австриялық физик Вольфганг Паули ашқан Паулидің тыйым салу принципіне бағынады. Паулидің принципі бойынша бірдей екі бөлшектің сол бір қалыпта болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда, белгісіздік принципімен берілетін дәлдікпен бірдей координаталар мен жылдамдыққа ие бола алмайды. Егер заттың бөлшектерінің координаталарының мәні өте жақын болса, онда олардың жылдамдықтары әр түрлі болуы керек және демек, олар осы координаталары бар нүктелерде ұзақ уақыт бола алады. Егер әлемді жаратуда Паули принципі ескерілмесе, кварктар бірыңғай, дәл анықталған бөлшектерге - нейтрондар мен протондарға біріге алмас еді, ал олар, өз кезегінде, электрондармен бірге жеке, дәл анықталған атомдарды құрай алмас еді. Паулидің принципінсіз бұл бөлшектер сколлапсияға ұшырап, азды-көпті біртекті "сілікпеге" айналар еді.

Кванттық механикада бөлшектер арасындағы барлық күштерді немесе өзара әсерлерді толық санды, 0, 1 және 2 тең спиндер тасиды деп болжанады. Бұл былайша жасалады. Заттың бөлшегі, мысалы, электрон немесе кварк эрекеттестікті тасымалдаушы болып табылатын басқа бөлшекті (мысалы, фотон) шы-

77

ғарады. Кері тебу нәтижесінде затгың бөлшегінің жылдамдығы өзгереді. Одан кейін тасымалдаушы - бөлшек заттың басқа бөлшегіне шабуылдап, ол мүны (тасымалдаушыны) жұтады. Бүл қосалқы соғу екінші бөлшектің жылдамдығын тура бір заттың бұл бөлшектерінің арасында күш әрекет еткендей өзгертеді. Заттың бөлшектері айырбасқа түсетін тасымалдаушы-бөлшектер виртуалды деп аталады, өйткені оларды "нақтыларға" қарағанда бөлшектер детекторының көмегімен тікелей тіркеп анықтауға болмайды. Бірақ олар бар, өйткені олар өлшеуге болатын әсерлер жасайды.

Тасымалдаушы-бөлшектерді олардың таситын өзара әсерінің көлеміне және олардың қандай бөлшектермен әрекеттесетініне қарай төрт түрге топтауға болады.

1. Бірінші түрі - гравитациялык күш. Бұл күштердің гравитациялық сипаты бар. Бұл кез келген бөлшекке көлемі бөлшектің салмағы мен энергиясына қатысты болатын гравитациялық күш әсер ететіндігін білдіреді. Бұл өте әлсіз күш, егер оның ерекше екі қасиеті болмаса, біз оны байқамас едік: гравитациялық күштер алыс қашықтықтардан әрекет етеді және әр-қашан тартылыс күші болып табылады.

Гравитациялық өріске кванттық-механикалық тәсілде материяның екі бөлшегінің арасында әрекет ететін гравитациялық күшті 2 спинді бөлшек тасымалдайды деп есептелінеді, ол гравитон деп аталады. Гравитонның өз салмағы жоқ, сондықтан ол таситын күш алысқа жетеді. Күн мен Жердің арасындағы гравитациялық өзара әсер Жер мен Күнді құрайтын бөлшектер гравитондарымен алмасатындығымен түсіндіріледі. Айырбасқа тек қана виртуальды бөлшектер қатысатындығына қарамастан, олар жасайтын әсер сөзсіз өлшеуге келеді, өйткені, бұл әсер - Жердің Күнді айналатындығы. Шынайы гравитондар толқындар түрінде тарайды, бірақ олар өте әлсіз болғандықтан оларды жазып алу әзірге ешкімнің қолынан келген жоқ.

2. Өзара әрекеттестіктің келесі кезеңі электро-магниттік күштермен жасалады, бүлар электрлі заряд-



78

талған бөлшектердің арасында әрекет етеді, бірақ гравитон тәрізді зарядталмаған бөлшектердің өзара әсері үшін жауап бермейді. Электромагниттік әрекеттесулер гравитациялықтардан әлдеқайда күштірек: екі электронның арасында әрекет ететін электромагниттік күш гравитациялық күштен шамамен 10 есе көбірек. Тартылыс күштері болып табылатын гравитациялық күштерден айырма-шылығы, аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, әр аттас зарядталғандар біріне-бірі тартылады. Электромагниттік әрекеттестікті тасымал-даушылар фотондар болып табылады. Электромагниттік әрекеттесу кезінде электрондар мен атомдар ядросы қосылып атомдарды түзеді, ал атомдар - молекулаларды.

3. Өзара әсердің үшінші түрі әлсіз әрекеттестік деп аталады. Ол радиобелсеңцілікке жауап береді және заттың 1/2 спивді барлық бөлшектерінің арасында болады, бірақ онда 0, 1, 2 спинді бөлшекгер — фотондар мен гравитовдар қатыспайды. Бұл күш шамасы 10~5-10~ 22 см аралығында әсер етеді және ол ең алдымен бөлшектердің бөлінуімен байланысты. Мысалы, атом ядросывда болып жатқан нейтронның протонға, электронға және антинейтриноға өзгеруіне байланысты.

1967 жылы ағылшындық физик-теоретик Абдус Салам мен Гарвардтан шыққан американдық физик Стивен Вайнберг бір мезгілде әлсіз әрекеттестікті электро-магниттікпен біріктіретін теория ұсынды. Вайнберг пен Салам фотонға қоса тағы да 1 спинді үш бөлшек бар, олар ауыр векторлық бозондар деп аталады жөне әлсіз әрекеттестіктің тасымалдаушылары болып табылады деген пікір айтты. Бұл бозондар W+ W-, және 2° символдарымен белгіленді. Олар жасайтын күштердің әрекет ету радиусы өте кішкентай болуы үшін бозондардың салмақтары үлкен деп болжанды. Шамамен он жыл өткен соң Вайнберг-Салам теориясында алынған болжамдар тәжірибе жүзінде дәлелденді.

4. Күшті ядролық әрекетгестік атом ядроларының деңгейіңце болады - кварктарды протоңцар мен нейтрондардың ішіңце, ал протондар мен нейтрондарды атом ядросының ішінде ұстап тұратын өзара әсерлесудің төртінші түрі. Бұл күш шамамен 1013 см қашықтықта

79

әсер етеді. Бұл күш ядролық реакция жүрген кезде көрінеді. Мысалы ядролардың бөлінуі мен синтезі кезінде және Жер бетіндегі қазір белгілі ең үлкен де, қауіпті де күш ретінде белгілі. Ядро белінуі кезінде шамамен 1 МэВ/нуклон энергия бөлінеді, бұл шамамен 2,5 тонна мұнайды жаққанда шығатын энергия мөлшеріне тең. Ал, ядролық синтез кезінде 6 МэВ/ нуклонға тең энергия түзіледі.



Күшті әрекеттестіктің тасымалдаушысы болып глюон деп аталатын 1 спинді бөлшек есептеледі. Глюондар тек қана кварктармен және басқа глюондармен әрекеттеседі. Күшті әрекеттестіктің ерекше бір қасиеті бар - ол оның конфайнменттігі (ағылшын тілінде сопfiпеmепt - шектеу, ұстап тұру). Конфайнменттің мәні -бөлшектердің әрқашан да түссіз қиыстыруларда ұсталатындығында. Кварк өз бетінше жалғыз бола алмайды, олай болса, оның түсі болуы керек (қызыл, жасыл, көк).

Біздің жеке кваркты немесе глюонды бақылай алатындығымыз — конфайнменттің салдары болып табылады. Мұның өзі кварктарды немесе глюондарды бөлшек ретінде түсінудің өзін біраз метафизикалық екендігін білдірмей ме? Жоқ, өйткені, күшті әрекеттестік тағы да бір, асимптотикалық еркіндік деп аталатын қасиетпен сипатталады. Бұл қасиеттің мәні мынада - жоғары энергияларда күшті әрекеттестік елеулі әлсірейді және кварктер де, глюондар да өздерін еркін бөлшектер тәрізді ұстай бастайды. Қуатты үдеткіштерде жасалған тәжірибелердің нәтижесінде жоғары энергиялы протон мен антипротонның соқтығысынан туған еркін кварктардың бөлшектері іздерінің фотосуреттері шындығында алынған.



ҚАРАПАЙЫМ БӨЛШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ

ӘРЕКЕТТЕСТІК ТҮРЛЕРІ

Гравитациялық

Электромагниттік

Әлсіз

Күшті ядролық

80

Электромагниттік және әлсіз әрекеттестіктерді табысты біріктіруден кейін енді осы екі түрлі күшті әрекеттестікпен біріктіріп, нәтижесінде ұлы біріктіру теориясы деп аталатын теорияны шығаруға талпыныстар жасала бастады. Мұндай "ұлы" теориялардың бірнеше нұсқалары ұсынылды. Әрине, бұл атауда біршама асыра сілтеушілік бар: біріншіден, барлық ұсынылған теориялар шындығында аса ұлы да емес, екіншіден, әрекеттестіктердің барлық төрт түрін олар өзіне біріктіре алмайды, себебі гравитациялық әрекеттестіктерді олар мүлде қарастыр-майды. Солай бола тұрса да, мұндай теориялар барлық әрекеттестіктерді қамтитын біріктірудің толық теориясын жасау жолындағы белгілі қадам бола алады.

Ұлы біріктіру теориялары біздің өмір сүруіміздің өзіне "жарық түсіреді". Біздің өмір сүруіміздің өзі протондардың пайда болуынан туған салдар шығар. Әлемнің бастауының көрінісінің табиғилығы көбірек сияқты. Жер заты, негізінде, протондардан тұрады, бірақ онда антипротондар да, антинейтрондар да жоқ. Ғарыш сәулелерімен жасалған эксперименттер мұның біздің Галактикадағы барлық заттар үшін қалыпты айқын нәрсе екендігін дәлелдейді.

Жоғарыда айтылғандай, ұлы біріктіру теорияларына гравитациялық әрекеттестіктер енбейді. Гравитациялық күштер сонша аз, біз қарапайым бөлшектермен немесе атомдармен істес болғанда олардың өсеріне көңіл аудармауға да болады. Алайда грави-тациялық күштердің қашықтан әсер ету фактісі және де олардың ылғи да тартылыс күші болатындығы, олардың әсерінің нәтижелері эрқашан қосылатындығын білдіреді. Ендеше, егер заттың жеткілікті мөлшері болса, онда гравитациялық күштер қалған басқа күштердің бәрінен де көбірек бола алады. Міне, сондықтан Әлемнің эволюциясы нақ осы гравитациямен анықталады.

Барлық төрт күш негізінен бір ғана күштің әр түрі болып қарастырылатын бірыңғай теорияның жасалатындығына физиктердің көпшілігі сенеді.

81

Семинарға арналған сұрақтар



1. Электромагаиттік өріс теориясын жасаған ғалым.

2. Теориялық физикада қандай төрт концептуальды жүйені қарастырады?

3. Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыт туралы тұжырымдар.

4. Заттың қандай қасиеттерінен "инертті" және "гравитациялық" масса түсініктері пайда болды?

5. Микро-, макро- және мегаәлемнің араларындағы байланыс.

6. "Квант" түсінігі нені білдіреді? Квант туралы түсініктің негізгі даму этаптарын айтыңыз.

7. "Корпускулярлытолқынды дуализм" түсінігі нені білдіреді?

8. Қазіргі заманғы физика тұрғысынан атом құрылысы қандай?

9. Қазіргі заманғы физикада элементарлы бөлшектер туралы түсінікке қандай мағына беріледі? Элементарлық бөлшектердің қасиеттерін айтыңыз.

10. Фундаментальдік әрекеттесудің негізгі түрлерін келтіріңіз және оларға түсінік беріңіз.

11. Заттың құрылысы туралы Демокриттен бастап Томсонға, Резерфордқа және Борға дейін қандай гипотезалар болды.

12. Реакция аннигиляциясы дегеніміз не?

13. Қандай элементарлы бөлшектер тұрақты?

14. Физикалық вакуум дегеніміз не?

15. Салмақ пен энергияның өз ара байланысы.

16. Луи де Бройль болжамы.

17. Паулидің тыйым салу принципін түсіндіріңіз.

18. Әлемнің кез келген затын құрайтын бөлшектердің спины қандай?

19. Фермиондар мен бозовдарға қаңдай бөлшектерді жатқызады.

Рефераттар тақырыптары

1. Микроөлем: қазіргі заманғы физиканың концепциялары.

82

2. Электромагниттік концепцияның дамуы.



3. Кеңістік пен уақыт - әлемнің қазіргі кездегі ғылыми бейнесінде.

4. Галилейдің тағдыры мен қазіргі заманғы ғылымның негізі.

5. Ньютонның классикалық механикасы.

6. Архимедтің зандары.

7. Квантты механиканың негізгі концепциялары.

Негізгі әдебиеттер

1. Данилова В. С, Кожевннрков Н. Н. Основные концепции современного естествознания. -М.: Аспект Пресс, 2001. 256с.

2. Концепции современного естествознания /Под ред. В. Н. Лавриненко, В. П. Ратникова. -М. :Юнити, 1999. ЗОЗс.

3. Горелов А. А. Концепции современного естествознания.

Уч. пособие для вузов. -М.,1998.

4. Мэрион Дж. Физика и физический мир / Пер. С англ. -М., 1975.

5. Инфельд Л., Эйнштейн А. Эволюция физики. -М., 1965.

6. Фейнман Р. Характер физических законов. -М.: Мир, 1968. 232с.

7. Дубнищева Т. Я. Концепции современного естествознания. -Новосибирск: ООО "Издво ЮКЭА", 1977. 88с.

8. Кузнецов 3. И., Идлис Г. М., Гутина В. Н. Естествознание. -М. : Агар, 1996. 384с.

Қосымша әдебиеттер

1. Бияшева 3. Г., Бияшева 3. М., Вышинский В. В. и др. Концепции современного естествознания: Учебное пособие. -Изд.З. испр. и доп. -Алматы: Қазақ университеті, 2000. 96с.

2. Дорфман Я. Г. Всемирная история физики с начала 19 века до середины 20 века. -М.: Наука, 1979.



83

3. Идлис Г. М. Революция в астрономии, физике и космологии. -М.: Наука, 1985.

4. Кудрявцев П. С. Курс истории физики. -М.: Просвещение, 1974.

5. Льюцци М. История физики. -М.: Мир, 1972.

6. Налимов В. В. На грани третьего тысячелетия. -М.: Наука, 1994.

7. Дэвис П. Суперсила /Пер. с англ. -М., 1989.

8. Спиридонов О. П. Фундаментальные физические константы. -М., 1991.

9. Хокинг С. От большого взрыва до "черных дыр" /Пер. с англ. -М., 1990.

84

Төртінші бөлім




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет