Сибстер
- адам генетикасында ағалы - қарындасты деген
мағынада қолданылады.
Синапсис
-
мейоздьщ
1-
профазасындағы
гомологты
хромосомалардың коньюгациялануы.
Синдром
- өзара байланысты бірнеше патологиялық белгілердің
жиынтығы. Бұл жағдай көбінесе гендердің плейотропиялық эрекетіне
сай қалыптасады.
Сомалық
(дене) клеткалар - көп клеткалы организмдер
ұлпасының клеткалары.
Сорт
- морфологиялық, физиологиялық жэне шаруашылық
қасиеттері жағынан ұқсас, шығу тегі бір, белгілі бір аймақта
өсірілетін екпелі өсімдіктердің тобы.
Спермий
өсімдіктердің аталық жыныс клеткасы.
Сперматозоид
- жануарлардың аталық жыныс клеткасы.
Стерильділік
~ особьтың
(дарақтың)
белгілі
бір
орта
жағдайларында
тіршілікке
қабілетті
гаметалар
түзе
алмауы.
Стерильділік хромосомалар санының, құрылысының өзгеруіне, сол
сияқты гендік мутацияларға байланысты қалыптасады.
Теломерлер
- хромосомалардың ұштары.
Транзиция
- бір пуриннің екінші біреуімен, сол сияқты
пиримидиннің де бір-бірімен орын алмасуының негізінде пайда
болатын мутация.
Т рансверсия - пуриннің пиримидинмен немесе керісінше орын
алмастыруына байланысты болатын мутация.
Т рансдукция - бактерияның генетикалық материалының
бактериофагтың көмегімен тасымалдануы.
239
Транкрипция
- ДНК матрицасының негізінде РНК-ның
синтезделуі.
Трансляция
- ИРНК (ақпараттық РНК) матрицасының негізінде
белоктың синтезделуі.
Тарсформация
-
генетикалық
ақпарат
(информация)
тасымалдануының бір жолы.
Бұл жағдайда бір клеткадан бөлініп
алынған ДНК басқа клеткаға өтіп, оның геномына барып жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: