Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру



бет140/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру

Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-əрекеті барысында жүзеге келетін білімдер , ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу əдістері мен формалары- бəрі қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды.

Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:


    • табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);

    • өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);

    • қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);

    • еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).

Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):

    • ғылыми дүниетаным қалыптастыру;

    • азаматтық тəрбие;

    • еңбек тəрбиесі;

    • адамгершілік тəрбиесі;

    • эстетикалық тəрбие;

    • дене тəрбиесі.

Тəрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын ашайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет