Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу



бет56/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу

Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт.

Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама- қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы.

Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.



Сандық жинақтық сапалық өзгеріске түсу заңы да оқу процесінде көрініс береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты (нанымдары, сеп- түрткілері, ұстанымдары, қажеттері, құндылықты бағыттары, даралықты іс-əрекет стилі, ептіліктері мен дағдылары) сандық жинақтың белгілі деңгейдегі нəтижесі.

Санның сапаға ауысуы жоқты жоққа шығару заңы тетіктеріне сəйкес келеді. Тұлғалық жəне психикалық жаңа құрылымдар адамның өткен кездердегі жинақтаған тəжірибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдерінде пайда болған сапалар бұрынғы қалыптасқандарын “жоққа” шығарады. Жоққа шығару тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір əрекеттер көп қайталаулар нəтижесінде күрделі дағдыларға (жазу, есеп, оқу) айналады.

Диалектиканың жалпы заңдылықтарымен бір қатар оқу барысында арнайы педагогикалық заңдар да əрекетке келеді. Ғалымдар мұндай заңдардың бірқаншасын ашып, педагогикалық тəжірибеге ұсынған. Өз заманында ғұлама педагог И.Г.Песталоцци келесі заңды нақтылаған: елес байқауынан анық ұғымдарға, олардан анық түсініктерге өту.

Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:



  • жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді жүріп жатады;

  • ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;

  • балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді.

Теоретиктер мен практиктер ашып, бүгінгі педагогикаға енгізген заңдылықтар саны ұланғайыр (мысалы, И.П.Подласый өз оқулығында 70-тен астам заңдылықты хаттаған).

Оқудың əрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы жəне жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет