Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет151/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Кəсіби бағдарлау отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам жəне коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай кəсіпті өзінше айқындап, таңдауына жəрдем ретінде ұйымдастырылатын əлеуметтік-экономикалық, психологиялық- педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.

Кəсіби бағдарлау жүйесі өз аймағында келесідей кəсіптік қызметтерді қамтиды:



    • ағарту – тəрбиеленушілерді əрқандай кəсіптердің əлеуметтік – экономикалық, психологиялық –физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдермен таныстыру;

    • диагностикалау – кəсіп таңдауға байланысты адам жүйке жүйесінің ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт-бағдарын, ұстаным-көзқарастарын зерттеп, анықтау;

    • кеңес беру – кəсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері арасындағы сəйкестікті айқындау;

    • кəсіптік іріктеу – адамды қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін іс;

    • бейімделу – адамның кəсібі іс-əрекетке кірісу процесі, өндіріс жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет