Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет.
Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.
əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет. Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары,
олардың адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).
əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.
əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |