Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


жауапкерлі тəуелділік қатынасында болуы



бет179/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

жауапкерлі тəуелділік қатынасында болуы. Ұжым мүшелері арасында мақсат не іс-əрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі қажетсіну қатынастары жүйесі қалыптасады.

  • Сайлаумен тағайындалатын ортақ басшы орган. Ұжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей жəне ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі.

    Сонымен, мектеп ұжымы бұл əлеуметтік мəнді мақсатпен, іс- əрекетпен, сол іс-əрекетті ұйымдастыру бағытымен бірлескен, ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілігімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тəуелділігін тани білген барша тəрбиеленушілер тобынан құралады.

    Тұлға əлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, үйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер құрылымдарын қамтиды. Тəрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер



    • шығармашылық, клубтық, спорттық жəне өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал.

    Тəрбиеленушілер тобының аса мəнді сапасы- əлеуметтік- психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа əлеуметтік құрылым – топ-ұжым дəрежесіне жетілдіреді.

    Ұжым қалыптасуының төменгі деңгейі бұл топ- конгломерат («қырық рулы- тобыр»), бұрын бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте , бір уақытта қандай да себептермен кездесіп, топтасып қалған балалар бірігімі (балалар лагерлері, əрқилы денсаулық сақтау жəне т.б. топтар). Бұл топтағылардың ара-қатынастары үстірт, жағдайға байланысты. Мұндай топ бірте-бірте өз атамасына ие болып, ортақ мақсат төңірегінде бірлесе бастауы да мүмкін.

    Егер осындай бірлесу жүріп,ортақ іс-əрекет белгіленсе, конгломераттар бір саты көтеріліп – одақтасқан (ассоциативті) топқа айналуы мүмкін. Осы деңгейде топтың ортақ өмірлік тіршілігі, іс- əрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тəн бастау алуы мүмкін.

    Рəсми алғашқы топ аймағындағы бірлікті іс-əрекет одақтасқан (ассоциативті) топқа жоғары деңгейлі құрылымға, ең бастысы тұлға аралық қатынастарға жаңа өң беретін еңбектік мақсат төңірегінде ұжымдасқан топ- кооперацияларға есік ашады.

    Еңбек тобы- кооперация нақты жəне ұжымдаса əрекетке келуші құрылымға ие, жоғары қызметтестік қатынасқа бейім топ дəрежесіне көтеріледі, оның тұлғааралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, жоғары нəтижелер көзіне айналады. Бұл кооперация тобының келесі жоғары деңгейдегі дербестенген – автономиялы тобына айналуына мүмкіндік береді.

    Дербестенген автономиялы топ жоғары ынтымағымен ерекшеленеді. Дəл осы деңгейде топ балалары өздерінің ұжым мүшелігін сезінеді. Осы жағдайда ғана ұжымның əрбір мүшесі өзінің даралығын сезіне отырып, іштей бірлік жəне ынтымаққа келіп, аса жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді.

    Дегенмен, кейде дербестікке ие болған топ, еңбек бірлестігі – ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай жағдай топтың тұйықтыққа беріліп, басқа топтардан ажыралып, оларды өзіне қарсы қоюынан да болуы мүмкін. Осыдан топ жалған ұжым сипатына енуі күтіледі.

    Керісінше, егер бірлестік тұлғааралық қарым-қатынас пен өзара əрекетке келетін болса, онда ұжымдасқан бағыт-бағдар қалыптасып, топ кəдімгідей бір мақсатты, ортақ іс-əрекет төңірегінде біріккен ұжымға айналады.

    Ұжымдар өндірістік, саяси, мектептік, отбасылық, көркем өнер бірлестіктері болып ажыралады.

    Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне оқушылар ұжымын жəне мұғалімдер ұжымын қамтиды.

    Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:



    • бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым- қатынасқа түскен бір сыныптағы оқушылар (сынып);

    • жалпы мектептік ұжым – ол сынып бірлестіктерінен құралады.

    Кейбір оқу-тəрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары жəне т.б.

    Соңғы кездері əлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы əлеуметтік мəнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді.

    Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:


    • педагогикалық басшылық тəрбиеленушілердің өз бойына тəн дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;

    • педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;

    • барша тəрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып

    мұғалімдері -өзара сəйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;

    • ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау жəне реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;

    • тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тəрбиеленушілер қызығуларына сəйкестігін де ойластырған жөн;

    Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:
  • 1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   205




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет