Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы



бет24/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Педагогиканың жалпы ғылымдық əдіснамасы

Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен

практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.

Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.

Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.

Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тəжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дəстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.

Педагогикалық технологиялар жөнінде алдағы дəрісбаяндарда сөз болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет