Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Кітаппен (оқулықпен) жұмыс



бет77/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.

Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:



  • конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;

  • тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;

  • реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;

  • мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;

  • сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;

  • түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);

  • пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.

  • анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.

  • формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе

(схема) күйінде жеткізу;

  • тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;

  • идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;

  • пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.

Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет