Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет99/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Емтихан- оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы. Емтихандардың білім игерудегі маңызы – көп күш-қуат талап ететін қиыншылық жағдайларында оқушының ақыл-парасат, ерік, мінез қабілеттерін жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру.

Емтихан өткізудің əрқилы формалары: емтихан билеттеріндегі сұрақтарға жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау, жарыстарға қатысу, зерттеу нəтижелерін қорғау, тест сынақтары жəне т.б. – қолданылады.



Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады.

Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады.

Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар жəне т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген үйірмелер жұмыстарының басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік шараларға ұйытқы болады, конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді.



Конкурс жəне олимпиадалар оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар əрқилы деңгейде: мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық - өткізіледі. Соңғы кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет