Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


Қ
àçàºñòàí 
Èïîòåêàëûº 
Êîìïàíèÿñû  
Èíâåñòîð 
 
Àºøà 
ºàðàæàòòàðû
  Èïîòåêàëûº 
    îáëèãàöèÿ
 
 È
ï
îòåêàëûº íåñèå 
 Ñàòûï àë
ó¹à ¼òiíiø
 
 Ñàòûï
 àë
ó ò
óð
àëû øå
øiì 
 Àºøà ºà
ðàæàò
òà
ðû 

 
 
79
 
 
 
 
 
 
 
                           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
11-сурет. Қазақстандағы ипотекалық несиелеу жүйесі 
 
Сөйтіп, əр банктің жеке тұлғаларға тұрғын үй несиесінің бағасы əр түрлі 
болып қалыптасты.        
2001 жылдың шілде айынан 2002 жылдың сəуір айына дейін Астана мен 
Алматы қалаларында алғашқы жоба іске асырылды.  
Екі  жылғы  қызметінде  Компания  ипотекалық  несиелеу  бағдарламасы 
бойынша серіктес-банктер арқылы үй сатып алу жəне жөндеу жұмыстарына 
4 млрд теңге сомасында3 мың несиелерді берген. 2004 жылдың соңына дейін 
ипотекалық несиелердің көлемін 15 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. 
2002  жылы  қарашада  Компания  Қазақстанда  алғаш  рет  ипотекалық 
облигацияларды 1,5 млрд теңгеге 3 жыл мерзімге шығарды жəне  2003 жылы 
тамызда 10 жыл мерзімге 3 млрд теңгеде агенттік облигациялардың алғашқы 
шығарылымын жасады. 
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Несие дегеніміз не

 
¶é èåñi 
 
Èïîòåêàëûº 
íåñèåíi 
êåïiëäåíäiðó ºîðû 
Èïîòåêàëûº 
íåñèå 
Íåñèåíi 
ºàéòàðó 
 
Қ
àðûç àëóøû
 
 
 
Áàñ êåëiñiì 
øàðò 
Êåïiëäiê  
ìiíäåòåìåñi 
Èïîòåêàëûº íåñèåíi 
êåïiëäåíäiðó ñûé àºûñû 
¶éäi» º½íûí 
ò¼ëåó 
Ñàòûï àëó –
ñàòó êåëiñiìi

 
 
80
2.  Несиенің құрылымы неден тұрады

3.  Несие, ақша, қаржы, ссуда ұғымдарының өзара айрымашылығы неде

4.  Несиенің қандай формалары бар

5.  Коммерциялық несие мен банктік несиенің өзара айырмашылықтары 
неде

6.  Тұтыну несиесі жайлы не білесіз

7.  Ипотекалық несие дегеніміз не

8.  Банктік несиенің басқа түрлерін ата

9.  Ипотекалық несиелеудің қандай үлгілерін білесіз

10. Құрылыс-жинақтары жүйесінің ерекшеліктері неде 
 
 
Ұсынылатын əдебиеттер 
1.  Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу жəне оларды күмəнді жəне 
үмітсіздер қатарына жатқыза отырып, провизия (резерв) құру  ережесі. ҚР 
Ұлттық банктің Басқармасының қаулысы N 465. 16.11.2002  
2.  Ақша,  несие,  банктер ±.С.  Сейітқасымовтың  редакциялығымен.  Алматы 
“Экономика” 2001. 
3.  Деньги,  кредит,  банки  Под  ред.  О.И.  Лаврушина.  Москва  “Финансы  и 
стататистика” 1999. 
4.  Финансы.  Денежное  обращение.  Кредит.  Под  ред  Л.А.  Дробозиной  М.: 
Финансы, ЮНИТИ, 1997 
5.  Общая  теория  денег  и  кредита  Под  ред.  Е.Ф.  Жукова  Москва:  Банки  и 
биржи, 1995. 
6.  Панова  Г.С.  Кредитная  политика  коммерческого  банка.  Москва:  ИКЦ 
ДИС, 1997.  
7.  С.В.  Гагарин  и  др.  Межбанковский  кредит:  дилинговые  операции  на 
рынке “Коротких денег”.  Москва: ПРИНТЛАЙН  1995. 
8.  Словарь банковских терминов. Уткин Э.А. и др.. Москва: АКАЛИС, 1997.  
 
5-тақырып. Несие жүйесі жəне оның Қазақстандағы дамуы 
 
5.1. Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін) 
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде 
əр  деңгейде  дамып  келеді.  Қазақстанның  шаруашылығы  бір  жағынан, 
Ресейдің  жəне  əлем  нарығының  тауар  айналысына,  екінші  жағынан,  темір 
жолдарын  салу  жұмыстарын  жедел  қолға  алу  тиімділігін    қатар  қарастыра 
отырып,  темір  жолдарды  жүргізу  арқылы  Қазақстанның  ауыл  шаруашылық  
өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған. 
Қазақстанның  Ресей  нарығына  интенсивті  түрде  енуі,  нəтижесінде 
Ресейлік 
орталық-өнеркəсіптік 
аудандарымен 
өзара 
экономикалық 
байланысы одан əрі кеңейді. 

 
 
81
Банк капиталының Қазақстанға еңгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ кезін 
қамтиды.  Революцияға  дейінгі  Қазақстанның  көп  укладты  экономикасында 
несиенің  əр  түрлі    формалары  дамыған.  Қазақстанның  несиелік  жүйесі 
негізінен  Ресей  империясының  несиелік  жүйесінің  бір  бөлігі  ретінде

Мемлекеттік  банк  бөлімшелерінен,  акционерлік,  коммерциялық  банктер 
филиалдарынан,  өзара  несие  беру  қоғамдарынан,  қалалық  қоғамдық 
банктерінен,  ипотекалық  несие  банктері  немесе  ұсақ    несие  мекемелерінен 
жəне жинақ кассаларынан  тұрды. 
Ресейдің  мемлекеттік  банкі 1860 ж.  өз  қызметін  бастап,  барлық  несие 
жүйесіндегі  - Орталық  банк  болып  саналады  жəне  оның  айналысқа  қағаз 
ақшаларды  шығаруда  монополиялық  құқығы  болды.  Ресейдің  мемлекеттік 
банкі  барлық  акционерлік,  коммерциялық  банктердің  есеп-ссудалық 
операцияларының  үштен  бір  бөлігіне  жуығын,  салымдар  мен  ағымдық 
шоттардың  жартысынан  көбін  тартып  отырған.  Басқа  мемлекеттердің 
Орталық 
эмиссиялық 
банктерінен 
Ресей 
мемлекеттік 
банкінің 
айырмашылығы,  ол  тек  банктерді  несиелеп  қана  қоймай,  сол  сияқты 
өнеркəсіп,  сауда  жəне  дайындау  ұйымдарын  да  қатар  несиелеумен 
айналысқан. 
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-
өнеркəсіп  қызметтерінің  орталығы  болып  саналатын  Оралда (1876 ж.), 
Қызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) жəне бұрынғы 
Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады. 
Ірі  коммерциялық  банктер  қатарында  саналатын  Сібір  сауда-банкісінің 
(1872ж.  құрылған) 57 филиалының  жетеуі  Қазақстанның  бірқатар 
аудандарында,  яғни  Омбыда (1894 ж.),  Семейде (1898 ж.),  Қызылжарда 
(1905 ж.), Верныйда (1908 ж.) Ақмолада (1909 ж.) Қостанайда (1911 ж.) жəне 
Керекуде (1916ж.) орналасты.  
Филиалдары  жағынан  екінші  орынға  ие  болатын  Орыстың  сауда-
өнеркəсіп  банкісінің (1916 ж.)  бөлімшелері  де  Қызылжарда (1904 ж.), 
Қостанайда (1908 ж.), Оралда (1909 ж.) жəне Омскіде (1916 ж.) ашылды. 
Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия 
банкісінің (1910 ж.) филиалдары Омбыда (1898 ж.), Верныйда (1903 ж.) жəне 
1907 ж. – Семейде құрылды. 
Екіден филиалдары бар Қазақстанда сыртқы сауда үшін  Орыс банкі мен 
Волжекамский  коммерциялық  банкі  жұмыс  істеді.  Осылардың  біріншісі 
Омбы (1909 ж.) мен Керекуде (1909 ж.), ал екіншісі Омбыда (1905 ж.) жəне 
Семейде (1907 ж.) өз бөлімшелерін ашты. 
Қызылжарда, Семейде жəне Оралда  ßрослав-Костромскі жер банкісінің 
агенттіктері ашылып, қызмет көрсетті . 
Жалпы, 
бірінші 
дүниежүзілік 
соғыстың 
бастапқы 
кезеңінде 
Қазақстанның  əр  аудандарында  Мемлекеттік  банктің - 6 бөлімшесі, 
акционерлік-коммерциялық  банктердің -18 филиалдары, 12 - өзара  несие 
беру  қоғамдары, 8 - қалалық  қоғамдық  банктер,  сол  сияқты 345 - несиелік 

 
 
82
жəне ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының 
көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды. 
Мемлекеттік  банк  бөлімшелері  болмаған  аудандарда,  қарапайым 
операцияларды  жүргізу  міндеті  қазына  иелеріне  жүктелді.  Қазына  иелері 
тікелей  қазыналық  палаталарға,  солар  арқылы  мемлекеттік  қазына  иелеріне 
бағынышты  болды.  Біртіндеп  қазына  иелерінің  жүргізетін  операциялары 
жылдам  өсе  түсті,  мысалға
:  жіберілген  вексельдер  бойынша  комиссиялық 
жəне  есептік  төлемдерді  алу
;  жəй  жəне  шартты  ағымдық  шоттарды  ашу; 
мемлекеттік  бағалы  қағаздарды  сатып  алу  жəне  оларды  сақтау
;  өмірлік 
салымдар  бойынша  пайыз  төлеу  жəне  т.б.  Қазына  иелері    Қазақстан 
аумағында  үш  қазыналық  палаталарға
:  Омбы,  Орынбор    жəне  Түркістан 
палаталарына бағынды. 
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы 
банктер - бұл  мемлекеттік  банктер  болды  жəне  олар  төмендегідей 
операцияларды жүзеге асырды

• 
вексельдерді есепке алу
;       
• 
тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру
;  
• 
тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру
;  
• 
ауыл шаруашылыққа ссуда беру
;  
• 
бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда                    беру
;  
• 
қайта есеп жүргізу
;  
• 
вексельдер үшін арнайы шоттар ашу
;  
• 
бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу
;  
• 
ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру
;  
• 
барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу
;  
• 
меншікті бағалы қағаздар шығару

• 
салымдық жəне ағымдағы шоттар ашу. 
Вексельдерді  есепке  алу  операцияларымен  айналысу  мемлекеттік 
банктің 1960 ж.  жарғысына  сай  көзделген.  Вексельдерді  есепке  алу  төлеу 
уақытынан 6 ай бұрын мерзімде жүргізіледі. °рбір несие алушыға несие беру 
кезінде  оларды  вексельді  есепке  алу  немесе  вексель  бойынша  арнайы 
шоттардағы қарызы есепке алына отырып, берілетін несиенің сомасын азайту 
немесе арттыру жайлы сұрақтарды банк мекемелерінде болатын есептік жəне 
ссудалық  комитеттер  өзара  талқыға  салып  шешті.  Сонымен  қатар,  олар 
клиенттердің  несиелік  қабілетіне  қарай  жіктей  отырып,  оларға  берілетін 
несиенің  шекті  көлемін  бекітті.  Мысалға
:  ІІІ  разряд – 10 мыңға  дейін,  ІІ 
разряд – 20 мыңға  дейін,  ал  І  разряд – 30 мың  сомға  дейінгі  несие  алуға 
мүмкіндік берілді. 
Вексельдік  несиелердің  ең  көп  мөлшері  сауданың  үлесіне  тиді.  Сол 
кездері  сауданың  үш  түрі  болған
:  айырбас,  жəрмеңке  жəне  стационарлық. 
Бұлар  шаруашылықтың  үш  типіне
:  көшпелі,  жартылай  көшпелі,  жəне 
отырықшылыққа сай қалыптасты. 

 
 
83
Қазақстандағы  коммерциялық  банктердің  филиалдарының  қызметі 
активтік  операциялары  бойынша
:  вексельдерді  есепке  алу;  тауарларға  жəне 
тауарлық  құжаттарды  есепке  ала  отырып,  ссуда  беру
;  бағалы  қағаздармен 
жасалатын операциялар қамтылды. 
Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асты

1.)  Заттай,  яғни  кепілдікке  берілген  тауарлар  банк  мөрімен  басыла 
отырып  сақталынды,  немесе  оларды  жауапты  адамдардың  сақтауында 
қалдырды. 
2.)  Жеке-заттай,  яғни  бұл  жағдайда  тауарлар  кепіл  берушінің  жауапты 
сақтауында  болды.  Қаншалықты  Мемлекеттік  банктің  өзіндік  сақтау 
қоймалары болмағандықтан да, тауарларды ескере отырып, ссуда беру көбіне 
осы екінші формасында жүзеге асырылды. 
Сонымен коммерциялық банк активтеріндегі вексельдерді есепке алу 30-
36%, ал тауарларды есепке ала отырып, ссуда беру 23-28% үлеске ие болды. 
 
    Жергілікті коммерциялық банктер. 
1909 –1913 жж..  өнеркəсіптік  өрлеу  жылдарында  Мемлекеттік  жəне 
акционерлі-коммерциялық  банктермен  қатар  сауда  жəне  өнеркəсіптік 
кəсіпорындарды  несиелендіруші  жергілікті  несиелік  мекемелер
: өзара несие 
беру  қоғамдары  жəне  қалалық  қоғамдық  банктер  жүзеге  асырып  отырды. 
Олар  несие  жүйесіндегі  ортаңғы  буын  ретінде  орта  жəне  ұсақ 
буржуазияларға тікелей қызмет еткен. 
Қазақстанда,  Ресейдің  басқа  аудандарымен  салыстырғанда,  өзара  несие 
беру қоғамы  кеш пайда болды. 
´зара  несие  беру  қоғамының  қаражаттары
:  мүшелік    жарна  қосудан, 
ағымдық  шоттардағы  қаражаттар  мен  қоғам  мүшелерінің  салымдарынан 
құралды.  Бұл  қоғамның  басты  мақсаты  өз  мүшелеріне  несие  берумен 
шектелді.  Осы  қоғамның  жарғысына  сай,  əрбір  қоғам  мүшесі  өзі  қосқан 
жарнасының  он  есе  көлемінде  несие  алуға  құқылы  болды.  Бұл  қоғамның 
мүшелерін саудагер, үй иеленушілер, шенеуліктер т.б., сол сияқты ұсақ жəне 
орта буржуазиялар жатты. 
Қызметінің 
сипаты 
жағынан 
өзара 
несиелеу 
қоғамдарының 
коммерциялық  банктерден  айырмашылықтары  болмады.  Олар  да  салымдар 
қабылдап,  ағымдық  шоттар  ашты,  вексельдерді  есепке  ала  отырып,  ссуда 
берді жəне тауарлармен байланысты операциялармен айналысты. Сауда жəне 
өнеркəсіп  кəсіпорындарын  несиелеу  барысында,  олар  мемлекеттік  жəне 
акционерлік-коммерциялық банктердің қаражаттарын  пайдаланды. 
Жарғысына  сəйкес,  өзара  несие  қоғамдарының  капиталы    мынадай  үш 
көзден құралды: 
1. Айналым капиталынан (мүшелердің қосқан жарнасынан); 
2.  Босалқы  капиталдан  (түскен  пайдадан 10% мөлшерінде  аудару 
негізінде); 
3. Арнайы капиталдардан. 

 
 
84
 Меншікті капитал басқа банктедегідей екінші дəрежелік рөлді ойнайды, 
яғни  ол  банк  қаражаттарының  басты  көзі – салымдарға  жол  берді.  Бірақ  та 
олардың  акционерлік  банктерден  айырмашылығы,  оларда  салымдар  басқа 
адамдар қаражаттары болып табылса, мұндай қоғамдарда салымдар екі топқа 
бөлінді: 
1.)  қоғам мүшелерінің салымдары; 
2.)  сырттан келушілердің салымдары. 
Вексельдік несиелеудің ашылу сомасының: 
55.8% - сауда жəне өнеркəсіп клиенттері; 
15.9% - ауыл шаруашылық клиенттері; 
13.7% - үй иеленушілерге; 
 9.7% - шенеуліктердің үлесіне тиселі болды. 
Мұндай  қоғамдардан  несие  алу  қарыз  алушыларға  біршама  арзанға 
түсті.  Орташа  есеппен  ссудалық  пайыз  мөлшері – 9-10 %, ал  салымдар 
бойынша төленетін пайыз мөлшері – 4-5 % құрады. 
 
Қалалық қоғамдық банктер. 
Қалалық    қоғамдық  банктердің  өзара  несие  беру  қоғамдары  сияқты, 
тауар  өндірісінің  өсуі  жəне  сауда-өнеркəсіп  буржуазияларының  арзан  банк 
иелігіне деген сұранысынан туындады. 
Қалалық  қоғамдық  банктердің  өзара  несие  беру  қоғамдарынан 
айырмашылығы,  олардың  ұйымдастырылу  құрылымына  байланысты  
қалыптасты. Олар негізінен қалалық басқарманың  негізінде жүргізіліп жəне 
олардың қадағалауында бола отырып, олардың алдында есеп берді. Қалалық 
қоғамдық  банктерге  негізінен  сауда  жəне  өнеркəсіп  буржуазиялары  мен  үй 
иеленушілер  қожалық  етті.  Бұл  банктердің  жарғылық  қорының  ең  төменгі 
мөлшері 10 мың  сом  шамасында,  ал  міндеттемесі  негізгі  жəне  қосымша 
капиталдан бес мəрте мөлшерінде қалыптасуға тиіс болған.  
Осындай  банктердің  бірі  болып  ең  алғаш 40 мың  сандық  жарғылық 
капиталы бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі құрылды. Оның 
басты  операцияларына
:  салымдар  қабылдау;  вексельді  есепке  алу;  бағалы 
қағаздар, тауарлар, бағалы заттар жəне жылжымайтын мүліктерді кепілге ала  
отырып  ссуда  беру  жатты.  Банктің  негізгі  клиенттер  қатарының
: 78,6%- 
саудагерлермен  мен  өнеркəсіпшілер, 25,1%- үй  иеленушілер,  сол  сияқты, 
21,4%- ауыл шаруашылығы клиенттерінің үлесіне тиді. 
 
Ұсақ несие беру мекемелері жəне жинақ кассалары 
 Қазақ  ауылдарының  капиталистік  қатынастарға  өтуі  барысында 
көптеген тауар өндірушілер жəне ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру 
мекемелерінің тағы бір формасы
: несиелік кооперациялар пайда болды. 
Несиелік  кооперациялардың  Қазақстан  аумағындағы  даму  тарихын  екі 
кезеңге бөліп қарауға болады


 
 
85
Бірінші  кезең
:  ХІХ  ғ.  соңы  мен 1909 ж.  дейін  материалдық  базаның 
жеткіліксіздігінен  несиелік кооперациялар баяу дамыды. 
Екінші  кезең
: 1909 ж.  басталған  өнеркəсіптік  өрлеумен  байланысты 
несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті. 
Несиелік  кооперативтердің  ішінде  несиелік  серіктестіктер  кеңінен 
дамыды  жəне  олардың  құрамы  таза  қазақтардан  құралды.  Несиелік 
кооперация  негізінен  шаруа  шаруашылығынан,  ауыл  адамдарына  тікелей 
қызмет 
көрсетті. 
Несиелік 
кооперативтердің 
капиталы 
айналым 
қаражаттарынан  (негізгі,  қосымша,  арнайы  капиталдар,  пайда  жəне 
пайыздар) құралды. 
Сонымен  қатар,  Қазақстанда  ұсақ  несиелік  мекемелерінің    бір  түрі 
ретінде  “қырғыздың  ссудалық  кассалары”  қызмет  көрсетті.  Олар  негізінен 
жазық дала төңірегінде ХІХ ғасырдың 70 жылдарында пайда болып, олардың 
айналым  капиталдары
:  ішкі  істер  министрлері  қаражаттарынан  алым-
салықтардан жəне пайдадан құралды. 
“Қырғыздың ссудалық кассаларының” жарғысына сай ссуданың берілуі 
екі жақты: 
а)  қысқа  мерзімді – 12 айдан  аспайтын  мерзімге,  яғни  ”ұсақ 
шаруашылық қажеттерін қанағатандыруға” арналған; 
ə)  ұзақ  мерзімді – 5 жылдан  аспайтын  уақытқа,  халықтың  басынан 
кешкен  зияншылық жағдайларына берілген. 
Қысқа  мерзімді  ссуда (3 сомнан 30 сомға  дейінгі  мөлшерде)  уездің 
бастықтарының  рұқсатымен  берілсе,  ал  ұзақ  мерзімді  ссудалар (200 сомға 
дейін) облыстық басқарманың шешімімен берілді. 
ХХ  ғасырдың  басында,  Қазақстан  аумағында  жинақ  кассалар  кеңінен 
дамыды.  Жинақ  кассалары  ақшалай  қаражаттарды  тартумен  қатар,  салым 
иелері  үшін  тартылған  қаражаттар  есебінен  мемлекеттік  пайыздық 
қағаздарды  сатып  ала  отырып,  оларды  сақтауға  қабылдаған. ”Жинақ 
кассаларында  жинақталған  ақшалар,  қайтадан  ұлттық  банктер  арқылы 
ссудаға берілген”. 
Салым иелерінің біршама бөлігі (13.4 %) – жағдайы бар бай клиенттер, 
қалғанының  бəрі  ең  төменгі  топтағыларды  құрайтындар,  яғни  олардың 
кітапшаларында  не  бары – 6, 5 сом  болса,  ең  жоғарғы  топтағылардың 
салымдарында – 122 есе жоғары мөлшерде болған. 
Жинақ кассаларына жинақталған едəуір ақша қаражаттарды мемлекеттік 
облигацияларға  жəне  теміржолшылардың  зайымдарына,  сол  сияқты  жер 
банктерінің  закладты  қағаздарына  патшалық  өкіметпен  бақылаусыз 
жағдайларда ауыстыра отырып пайдаланылды. 
 
5.2 Кеңес үкіметі тұсындағы несие жүйесінің дамуы  
 
1917  жылы  Қазан  революциясынан  кейін,  банк  ісінде  мемлекеттік 
монополиялық  ұйымдастыру  қағидалары  жүзеге  асты.  Бастапқыда 
Примечание [U1]:  

 
 
86
мемлекеттік  банк  құрылып,  жеке,  коммерциялық  жəне  басқа  банктерді 
ұлтшылдандыру  нəтижесінде  мемлекетке  тиселі  салалық  жəне  аумақтық 
банктер  етіп  қайта  құрылды.  Банктік  жүйенің  тағы  бір  басты  буындары 
ретінде  мемлекеттік  еңбек  жинақ-  кассалары  қызмет  етті.  Мемлекеттік 
банктермен  бірқатар  кеңес  үкіметінің  бастапқы  жылдарында  мемлекеттік 
емес  несиелік  мекемелер:  кооперативтік  жəне  жеке  меншікке  негізделген, 
оның  ішінде  шетел  капиталының  қатысуымен  құрылған  мемлекеттік-
капиталистік банктер қатары жұмыс істеді. 
1922  жылы  несиелік  жəне  ссуда-жинақ  серіктестіктері  жəне  олардың 
одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті. 
1924 
жылы 
ауыл 
шаруашылық 
кооперацияларына 
несиелік 
операцияларды  жүзеге  асыру  барысында  салымдар  қабылдау,  ссуда  беру 
жəне есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі. 
1922  жылдан бастап, жеке сауда өнеркəсіпті несиелеуге арналған өзара 
несие  беру  қоғамдары,  сол  сияқты  мемлекеттік  капиталистік  акционерлік 
оңтүстік-шығыс  банкі    жəне  шетелдік  капиталдың  қатынасуымен  Ресейдің 
коммерциялық банкі құрылды. 
Экономикалық  социалистік  секторларының  кеңінен  етек  алуы 
барысында  кооперативтік  жəне  жеке  несиелік  ұйымдар  өз  мəнін  жоғалтып, 
қызметін тоқтатуға мəжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен 
ұйымдастыру  бағдарламасы  несиелік  кооперацияларды  қажетсіз  деп 
санағандықтан  да,  олар 1931ж.  жойылды.  Сауда  аймағынан  жəне 
өнеркəсіптен  жеке  сектордың  қудалануы  нəтижесінде  өзара  несие  беру 
қоғамдары  қызметтерін  тоқтатты.  Басқа  несие  ұйымдарының  қызметтері 
1922-1925  жылдары  құрылған  мемлекеттік  салалық  банктерге:  ´неркəсіп 
банкісіне.  Цекомбанкке,  Всекомбанкке  жəне  Орталық  ауыл  шаруашылық 
банктеріне өтті.  
1930-1932жж. КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нəтижесінде жаңа 
қағидаға    негізделген  салалық  банктер  қатары  ұйымдастырылды.  Сонымен, 
күрделі  капитал  жұмсалымдарын  қаржыландыру  мақсатында  төрт 
мамандырылған банктер құрылды. 
Өнеркəсіп  жəне  электр  шаруашылығындағы    күрделі  құрылысты 
қаржыландыру банкі 1959 жылы ”Құрылыс банкі“ болып құрылды. 
Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық 
банктері  негізінде  құрылған  “Ауыл  шаруашылық  банкі  “1959 жылы 
қысқарып,  оның  қызметі  Мемлекеттік  жəне  Құрылыс  банктері  арасында 
бөлініп беріледі.  
Кооперациядағы 
күрделі 
құрылысты 
қаржыландырудың 
банкі 
(Всекобанк) 1936 ж.  жойылып,  оның  активі  мен  пассиві 1959 жылы 
қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі. 
Коммуналдық  жəне  тұрғын-үй  құрылысын  қаржыландыру  банкі 
(Цекомбанк) 1959 жылы  қысқарып,  оның  қызметі  де  Құрылыс  банкі  мен 
Мемлекеттік банк арасында  бөлінді. 

 
 
87
Бұл  құрылған  салалық  банктер  қызметтерінің  басты  бағыттары 
салаларды қаржыландыру жəне ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.  
Ал,  КСРО-ның  Мемлекеттік  банкісінде  халық  шаруашылығының  
барлық салаларын қысқа мерзімді несиелеу  қызметі шоғырланды. Сонымен 
қатар,  Мемлекеттік  банктің  рөлі  орталық  жəне  барлық  несиелік    жүйенің  
жетекшісі  ретінде  одан  əрі    арта  түсті.  Барлық  кəсіпорындар  мен 
ұйымдардың  есеп-айырысу  жəне    ағымдық  шоттары  Мемлекеттік  банкте 
жинақталады. 
Барлық  республикада,  оның  ішінде  Қазақстанда  барлық  банктердің 
республикалық  мекемелері  жоғарғы  тұрған  ұйымға  бағынуы,  банк  ісін 
орталықтандыру қағидасына сай сақталады. 
Бір    банкте  ақша  айналысының  шоғырлану  қағидасы  бойынша,  əр 
кəсіпорын,  ұйым  немесе  мекеме  тек  қана  бір    банкте  өзінің  есеп  айырысу 
немесе    ағымдық  шотын  ашуға  тиісті  болды.  Демек,  олар,  осы  банкте  өз 
қаражаттарын  сақтай  отырып,  банктерден  несие  жəне  нақты  ақшалар  алды, 
сол  сияқты  барлық  қолма-қолсыз  ақша  арқылы  есеп  айырысуды  жүзеге 
асырады. 
 
5.3  КСРО-ғы қайта құру жағдайындағы дамуы  
 
Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да 
соңғы  рет    жүргізілген  банктік  реформа (1987-1988 жж.)  сəйкес  келеді. 
Банктік реформа  нəтижесінде:  КСРО-ның Мемлекеттік банкі жəне Құрылыс  
банктерінің  мекемелері  негізінде - КСРО  ´неркəсіп-құрылыс  банкі,  КСРО 
Агроөнеркəсіп банкі жəне КСРО Тұрғын үй-əлеуметтік банкі құрылды. Сол 
сияқты,  кезінде  КСРО-ның  Мемлекеттік  банкі  құрамында  келген  жинақ 
кассалары  негізінде – КСРО  Жинақ  банкі,  Сыртқы  сауда  банкі  негізінде  - 
КСРО  Сыртқы  экономикалық    банк    құрылды.  Сол  уақыттан  бастап, 
Мемлекеттік банк кəсіпорындар мен ұйымдарға кассалық жəне  несиелік есеп 
айырысу  қызметін    көрсетуді    тоқтатты.  Сөйтіп,  КСРО-ның  Орталық  
банкісіне айналды. 
Қазақстанда 
жоғарыда 
аталған 
мамандандырылған 
банктердің 
республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады. 
КСРО-ның  ´неркəсіп-құрылыс  банкісіне  несиелік    саясатты  жүргізу, 
негізгі  қызметі  ретінде  несиелеу    жүйесінің  тиімділігін  арттыру,  капитал 
жұмсалымын  қаржыландыру  мен  несиелеу,  сондай-ақ  өнеркəсіпте, 
құрылыста,  көлік  пен  байланыста,  мемлекеттік  қамсыздандыру  жүйесінде 
есеп  айырысу  жұмыстарын  ұйымдастыру  қызметтері  бекітіліп    берілді. 
Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кəсіпорындар мен 
бірлестіктердің  есеп  айырысу,  ссудалық  жəне  басқа  шоттарды    жүргізді. 
Осындай  несиелік  есеп  айырысу  қызметтерінің  түрлерін  ауыл  шаруашылық  
кешені  кəсіпорындарында  Агроөнеркəсіп  банкі,  əлеуметтік  аумақтағы  жəне 

 
 
88
сауда  саласының    кəсіпорындары  мен  ұйымдарында    Тұрғын  үй  əлеуметтік 
банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді. 
Сыртқы  экономикалық  банк,  экспорттық  жəне  импорттық  операциялар 
бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды. 
Мамандандырылған  банктер  құрылымы  əкімшіл-аумақтық  қағидаға 
сəйкес  құрылды.  Республикалық  банктер  одақтас  республикаларда  жəне 
банктің  басқармалары  саласында    ұйымдастырылды.  Аудан  немесе  қала 
деңгейінде  бұл  банктер  өздерінің  мекемелерін  ашты. °р  мамандандырылған 
банктің  бір  мекемесі  əр  аудандағы  өзіне  тиісті  клиенттерге  ғана  қызмет 
көрсетті.  Жинақ  банкісінің  мекемелері  аудандармен  қоса  ұжымшар  жəне 
кеңшарларда  жұмыс  жасады.  Жинақ  банкісінен  басқа  мамандандырылған 
банктердің  төменгі  буындары  мамандандырылуына  қарамай-ақ,  сол 
аудандардың  барлық  клиенттеріне  бірдей  қызмет  көрсетті.  Шындап 
келгенде,  мамандандыру  тек  банктің  жоғарғы  басқару  деңгейінде  ғана 
жүргізілді,  ал  төменгі  деңгейдегі  мекемелер  əмбебап  мекемелерге  айналған 
болатын. 
Мамандандырылған  банктер  санына  байланысты  оларда  төрт  несиелік 
жоспар  болған.  Бұл  банк  клиенттерінің  əр  түрлі  болып  келуі    несиелік 
ресурстарды  құрауға  байланысты  бірқатар  мəселелерді  тудырды.  Банктен 
банкке  өзара  аймақаралық  есеп  айырысу  жүйесі  арқылы  құйылатын 
қаражаттардың  бақылаусыздығы  арта  түсті. °р  банк  өз  ресурстар  көлемінде  
жұмыс  жасауы    үшін,  оларға    Мемлекеттік  банкте  ашылатын  
корреспонденттік шоттар  бойынша банкаралық  есеп айырысуға өту  қажет  
болды. 
Мемлекеттің  ықпалымен  бөлінген  коммерциялық  банктердің  де 
мамандандырылған  банктер  сияқты,  əр  банктің  белгілі  бір  салаларында 
(өнеркəсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы 
болды. Олар өз кəсіпорындарын өте төменгі пайызбен  қаржыландырып жəне 
несиелеп  отырды,  яғни,  мұнда,  бұл  кəсіпорындардың    өміршеңдігі  жəне 
пайдалылығы  есепке    алынбады.  Мұндай  банктердің  активтерінде  
мемлекеттік  зиян  шегіп  отырған  кəсіпорындардың    уақыты  өткен,  
төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті.   
Жалпы  банктерді  мамандандыру  идеясы  банк  жүйесінің  жұмысын 
тығырыққа  əкеліп,  ол  монополияландырудан  құтылмады  жəне  несиелік 
механизмге  түпкілікті  өзгеріс  енгізе  алған    жоқ.  Сонымен  қатар,  КСРО 
Мемлекеттік  банкінің  ролі  біршама  төмендеп,  ол  мамандандырылған 
банктердің жұмысына ешқандай əсер ете алмады.   
Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі 
деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.    
1987  жылғы  реформаға  дейінгі  банктік  жүйенің  мынадай  кемшіліктері 
болды:  
•  вексель айналысының болмауы; 

 
 
89
•  кəсіпорындардың қарыздарын кешіруі, əсіресе ауыл шаруашылығына 
қатысты; 
•  шаруашылықтың 
барлық 
аяларында 
артық 
несиелеу 
операцияларының байқалуы; 
•  банк мамандандырылуының жойылуы; 
•  кəсіпорындарындағы  басқа  да  несие  көздерінің  болмауынан 
туындаған монополизмнің орын алуы; 
•  пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;  
•  экономиканың əр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) 
банк бақылауының əлсіздігі; 
•  бақылауға  жатпайтын  несиелік  жəне  банктік  ақшалардың  басып 
шығарылуы. 
1987  жылғы  банктік  жүйені  қайта  ұйымдастыру  бұрынғыша  əкімшілік 
сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын 
бірнеше банктер монополиялары ауыстырды.  
1987  жылғы  банк  жүйесін  қайта  ұйымдастырудың  оң  жағынан  теріс 
жақтары басымырақ болды, атап айтсақ: 
•  банктер  бұрынғы  меншік  формасында,  яғни  мемлекеттік  болып  қала 
берді;  
•  олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті; 
•  реформа  жаңа  экономикалық  механизмдердің  жоқтығына  қарамай-ақ 
жүргізілді; 
•  кəсіпорындар  белгілі  бір  банктерге  бекітілгендіктен,  олардың  несие 
алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады; 
•  клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді; 
•  ақша  нарығы  жəне  несиелік  ресурстар,  саудаға  түсетін  орындар 
құрылмады; 
•  банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті; 
•  ағымдық  жəне  ссудалық  шоттарды  бөлу  барысында  “банктік  соғыc” 
шыға бастады; 
•  қайта  ұйымдастыруда  несиені  қайтарудың  басты  көздері  ретіндегі 
сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады. 
Бұл  реформаның  оң  жақтары  ретінде  қолма-қол  ақшасыз  есеп 
айырысуды  тəртіпке  келтіруімен  қатар,  банк  қызметінің  мамандандыруын 
қысқартты десе болады. 
Сонымен 70 жыл  бойы  КСРО-ның  банк  жүйесінде,  оның  ішінде 
Қазақстанда  қатаң  түрде  орталықтандыру  мен  шоғырландыру,  əкімшілік 
əдістері  кеңірек  орын  алады.  Сол  уақыттардан  қалыптасып  келген  ақша-
несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сəйкес 
келмеді. 
Социалистік  эксперимент  жүргізу  барысында  ғасырлар  бойы 
қалыптасып  келген  қаржы-несие  институттары  мен  қаржы  нарығының 

 
 
90
құралдары  жойылып  кеткен  болатын.  Сөйтіп,  утопиялық,  идеологиялық 
тұжырым  негізінде  монобанктік  жүйе  қалыптасып,  мұнда  мемлекеттік  банк 
барлық  несиелік  жүйені  өзіне  бағындырып  жəне  бəсекелестік  элементтерін 
өзі реттеп отырады. 
1989  жылдан  бастап,  елімізде  алғашқы  коммерциялық  банктер, 
кооперативтік  жəне  жеке  банктер  қатары  жұмыс  істеді.  Сол  жылы  алғаш 
құрылған  коммерциялық  банктерге – Интеринвестбанк,  Крамдсбанк,  қазіргі 
Казкоммерц банк жəне т.б. жатады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет