Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет139/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Гертруда Стайн (1847-1946) – жазушы-экспериментші, «жоғалған ұрпақ» терминінің авторы. Стайнның жаңартулары Дж. Джойсты, Э.Хемингуэй мен Ш.Андерсонды қызық­тырған. Сан-Францисконың тұрғыны Стайн Гарвард–Аннексте білім алады. 1897 ж. Стайн Джон Хопкинстің Балтимор университетінің қарамағын­дағы меди­цина колледжіне ауысып кетеді. Онда ол әйелдің жүйке күйзелісі проблемаларын зерттемек болады. Дегенмен бақыт­сыз махаббат Стайнның оқу жоспарларын бұзады. Ол оқуды мүлдем ұмытып, соңында емти­ханда да сәтсіздікке ұшырайды.

Стайн кейін Америкадан кетіп, Парижге келеді. Көп ұзамай оның азапқа толы махабба­ты­ның куәсі ретінде жазылған «Дәлелдеуді қажет еткен нәрсе» атты романы жарық көреді. Бұл романдағы «махаббат үшбұрышының» ерекшелігі - оның барлық жақтары әйелдер. Стайн романның мәтініне төлтума хаттар мен сұхбаттарды енгізген.

30-40 жылдары Стайн сөйлем құрылысындағы тұрақты қалыптасқан ретін бұзып, жаңа сөйлем ретін құру үшін түрлі тәжірибелер жасайды. Стайнның бұл тәжірибелері оның «Он портрет», «Ұзақ қызықты кітап» атты еңбектерінде көрініс табады. Стайн драматургия саласына да қызығушылық танытады. Оның көптеген пьесалары шартты түрде актілерге бөлінген прозалық мәтін ретінде әсер етеді. Стайнның атақты пьесаларына «Төрт әулие үш актіде» (1934), «Ана бәрімізге» (1947), «Доктор Фауст шам жағады» (1949) атты еңбектерін жатқызуға болады.

1934-1935 жылдары Гертруда Стайн АҚШ-та «жалғастырмалы шындық» әдісін дамыту мақсатымен 40-қа жуық лекция оқиды. Стайнның әдебиеттегі көзқарастары мен шығарма­шы­лық принциптерін «Түсіндірме ретіндегі компо­зиция» (1926), «Қалай жазу керек» (1931), «Алиса Б.Токластың автобиогра­фиясы» (1933), «Төрт лекция» (1935) атты еңбектерінен көре аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет